Д. Т. Курманова, З. А



бет12/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

3.1 Өндірістік оқыту жүйесі
Өндірістік оқыту жүйесі дегеніміз – өндірістік оқыту мазмұнын құру тәртібін, оның бөлімдерін топтастырушы және оқушылардың меңгеру ретін анықтаушы принциптер, негізгі жағдайлар. Өндірістік оқыту жүйесін қабылдауды ескере отырып, оны жүзеге асырудың формасы, әдістері және оны жүзеге асыру құралдары анықталады. Сонымен, өндірістік оқыту жүйесінде өндірістік оқыту процесінің жалпы концепциясы қаланған. Кез келген мамандықтағы, оқыту процесінің барлық кезеңдеріне сай келетін, квалификациялы жұмысшыларды даярлауға арналған өндірістік оқытудың бірегей жүйесі болуы мүмкін емес. Өндірістік оқыту жүйесінің негізгі ережелері белгілі топ кәсібі жұмысшыларының еңбек мазмұны ерекшеліктерінен туындайды.
Өндірістік оқыту жүйесінің дамуы белгілі бір дәрежеде кәсіптік білім берудің даму тарихын сипаттайды және бейнелейді.
Тарихқа жүгінсек, ең алдымен пәндік жүйе пайда болды. Осы жүйеге сәйкес оқушы меңгерілетін мамандыққа сай типтік жұмыстар жиынын орындайтын. Мұнда жұмыс күрделілігі біртіндеп өседі. Жұмыстарды орындау процесі дидактикалық тұрғыда жекелеген операцияларға бөлінбеген. Оқушы жекелеген еңбек қимылдарын орындау ережелерімен арнайы таныстырылмайтын, тек оқытушының еңбек қимылдарын қайталауға ғана тырысатын. Бұл қарастырылып отырған жүйенің кемшілігі ретінде – оның жаңа, таныс емес жұмысты орындау үшін алған білімі мен іскерліктерін қолдана алмауында, жаңа жұмыс орындау үшін қайта оқуға мүдделі.
Пәндік жүйе негізінде өндірістің қолөнер тәсілін бейнелеген.
Фабрика-заводтық (мануфактуралық) өндірістің пайда болуы және оған байланысты жұмысшылардың еңбек бөлінісі - технологиялық процесті жекелеген операцияларға бөлуге әкелді, сондықтан жұмысшыларды кәсіпке дайындауды қайта қарауға тура келді.
Кәсіптік дайындықтың операциялық жүйесі пайда болды. Операцичлық жүйе бойынша оқытуда оқушылар өздері меңгеріп жатқан кәсіптің мазмұнын құраушы еңбек операцияларын игерді. Осының нәтижесінде оқушылар кез келген бұйымды әзірлеу - кәсіпке сәйкес технологиялық операциялар жиынынан тұратыны жайлы мәлімет алды. Айырмашылығы - тек оларды қолдану ретінде және орындау сапасына қойылатын талаптарда.
1920 жылдардың аяғында ССРО – да моторлы-жаттығулық жүйе кең қанат жайды. Бұл жүйе бойынша өндірістік оқыту негізі - бірнеше рет қайталанатын жаттығуларды орындау.

Моторлы-жаттығулық жүйенің артықшылықтары ретінде – бірінші рет дидактикалық негізделген, психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкес еңбек іскерліктері мен дағдыларының құрылуын (еңбек тәсілі – еңбек операциясы – еңбек процесі) атауға болады.


Операциялық – пәндік және моторлық жүйелер өндірістік оқытудың операциялық-кешенді жүйелерінде өз жалғасын тапты. Бұл жүйе қазіргі кезде де кәсіптік оқу орындарында негізгілердің бірі болып табылады. Операциялық-кешенді жүйе бойынша оқытуда оқушылар алдымен екі-үш кезекті операцияларды меңгеріп, осы операциялардан тұратын кешенді жұмыстарды орындайды. Ары қарай олар операциялардың жаңа тобын игереді де кешенді сипаттағы жұмыстарды орындайды.
Операциялық-кешенді жүйенің басты кемшілігі – оқушылардың өндірістік еңбек процесінде операцияларды оқуды ұйымдастыру күрделілігінде.
Осы кемшіліктің негізінде өндірістік оқытудың басқа да жүйелерін іздестіру қажеттігі туындады. Осы орайда пәндік-технологиялық жүйені атауға болады.
Өндірістік оқыту жүйесінің негізі – пәндік құрылым. Негізгі оқу бірлігі – жұмыс объекті (тетікбөлшек). Өндірістік оқытудың мәнісі - осы кәсіпке тән бұйым-бөлшектерді өңдеуде қолданылатын типтік еңбек жолдарын, операциялар мен процестерді жан-жақты, әрі толық қарастырылуында.
Екінші топ бойынша жұмысшыларды даярлауда соңғы жылдары өндірістік оқыту жүйелерінің бірнеше қатары ұсынылған. Солардың бірі – проблемалы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет