Д. Т. Курманова, З. А


Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау



бет41/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

9.1 Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бақылау Үлгерімді есепке алудың түрлері: ағымдағы, мерзімді, қорытынды.
Оқушылар білімдерін, ептіліктерін және дағдыларын бағалау критерийлері материалдарды өңдеудегі дәлдігі мен сапасы; еңбек тәсілдеріін дұрыс орындауы; тапсырмаларды өз бетінше орындау дәрежесі; жұмыс орыньн тиімді, ұйымдастыруы; санитарлық, тазалық және қауіпсіз еңбек ету ережелерін сақтауы.
Оқушылардың білім мен ептіліктерін тексерудің түрлері: ауызша, жазбаша, бағдарламалап сұрау (машинмен және машинасыз, бақылау, үй тапсырмаларын тексеру және оқушылардың жұмысқа ықыласы, жабдықтарға, материалдық құндылыктарға қатынасы).
Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады.

“Диагностика” түсінігінің мәні “білім, ептілік және дағдыларды тексеру”.


Диагностикалаудың маңызды бөлігі–бұл қадағалау. Қадағалау–білім, ептілік және дағдыларын тексеру. Мән–мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз ету.

Бақылау бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгертудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс.


Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушылардың іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойнша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық құралдар арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және санасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша

20 – 25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.


Бақылаудың тиімділігі оны оқыту процесінде дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Оқыту процесінде бақылаудың жаппай топтық және дербес формаларын еске алған жөн.
Жаппай бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындаудың барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалы мен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақта тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты қосымша қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше есепке алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бір ізділігі, олар өз пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Сонымен, оқушыларды өзін-өзі бақылау тәсілдеріне үйрету, олардың жауапкершілігін, өз күштеріне сенушілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет