Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Нақты білмей тұрып ауыздарыңмен айтып және мұны (күнә емес) оңай



Pdf көрінісі
бет271/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Нақты білмей тұрып ауыздарыңмен айтып және мұны (күнә емес) оңай 
нәрсе деп есептедіңдер. Негізінде Аллаһ назарында (ол) үлкен күнә. Оны 
(жалған жаланы) естігенде:
"Мұны айту бізге жараспайды. Аллаһ сақтасын! Бұл үлкен жала" 
деу керек еді.
Егер сіздер шындығында иман келтірген болсаңыздар, мұндай 
нәрсені айтуға Аллаһ мәңгі тиым салады! Аллаһ сіздерге аяттарын 
ашық білдіреді. Аллаһ бар нәрсені жан-жақты білуші әрі әр нәрсені 
орынды істейтін хикмет иесі. Муминдер арасында жаман сөздердің 
естілуін, таралуын жақтайтынға дүниеде де, ақыретте де азап бар. 
Оларды (жамандықты таратқысы келгендерді) Аллаһ біледі, сіздер 
білмейсіздер. Аллаһтың кеңшілігі, рақымы болмағанда және Аллаһ 
есіркеуші, мейірімді болмағанда қандай жағдайда болар едіңдер?" 
(Нұр 
сүресі ,11-20) 
Осылайша Аллаһ уахи арқылы Хазіреті Айшаға жабылған жаланың 
жалғандығын анықтап, РасулАлланың ақ көңілін уайымнан құтқарса, 
Хазіреті Әбу Бәкірдің беделіне нұқсан келтірмеді, мұсылмандар арасында да 
бос әңгіменің таралуына тосқауыл қойды. 
Аллаһ Расулы мәселеге қатысты уахи түскеннен кейін халықтың
алдына шығып хүтба оқыды. Соңынан жаңадан түскен Құран аяттарымен 
таныстырды. 
Мәселенің анық-қанығына көпшіліктің көзі жеткен соң жалған жаланы 
жайған Мыстах ибн Усаса, Хассан ибн Сабит пен Хамна бинти Жахш сексен 
дүре соғылып жазаланды. 
ХӘНДЕК ШАЙҚАСЫ
Хижреттің бесінші жылы, шәууал айының 29-ы. Б.з. 627 жылы, 
қаңтардың 24-і 
Ухуд соғысынан екі жыл кейін болған Хәндақ шайқасы Исламның 
өркендеуіне қарсы өршіген кедергілерді жоюда үлкен рөл атқарған... Дұшпан 
шабуылына тосқауыл мақсатында пайғамбарымыздың әмірімен Мәдинаның 
айналасынан түгелдей орлар (Ор-хәндақ арабшасы) қазылуына байланысты 
Хәндақ шайқасы аталған. Расулаллаһ бір кездері яһудилердің Надр руын 


296
Мәдина териториясынан қуып жіберген еді. Надрлар солтүстікке қарай 
жылжып, Хайбар, Шам және Қура тәрізді маңызды мекендерге орнығады. 
Олар Мәдинадан қуылып кеткендіктен қайнаған ыза кектерін жүрген 
жерлерінде Исламды, пайғамбарды жамандау арқылы қайтаруға тырысады. 
Көрші көлемдерімен бас қоса қалса мұсылмандарды жерден алып, жерге 
салып жамандайды. Жалпы Хәндақ шайқасына себеп болған да осы 
надрлардың наразылық әрекеттері. 
Мәдинаға топталып баса көктей еніп, Расулаллаһтың және оның 
сахабаларының көзін жою керектігін құдайдың құтты күнінде айтып, айнала 
халықтың құлақтарын қажайды. Құрайыш мүшріктеріне керегі де осы еді. 
Олар Ухуд соғысында жеңгенмен мұсылмандарды түп-тамырымен құрта 
алмағандықтарына, Расулаллаһтың күн өткен сайын арта түскен беделіне
Исламның жойылуына кедергі қоя алмағандықтарына іштей қынжылып, 
қиналып жүретін. Ең қиыны да, сауда жолдары түгелдей дерлік
мүшріктерге жабы лғандығы. 
Әкономикалық жағынан тоқырауға апарар жағдайға мүшріктер қол 
қусырып қарап қала алмас еді. Сол себепті Мәдинадағы Ислам мемлекетінің 
беделіне нұқсан келтірудің жолдарын ойластырады. 
Мәдинаға басып кіріп, иманның түбіне балта шабу, Исламды өркен 
жайған жерінен ушықтыру туралы ұсынысты айтқандар - надрлардың 
лидерлері. 
Мүшріктердің басшысы Әбу Суфианның "Сендер бұл іске бел шешіп 
кірісуге дайынсыңдар ма?" деген сұрағына қитүрқы яһудилер "Әрине, біздер 
сендермен Мұхаммедпен(с.а.у.) шайқасу жайын ақылдасқалы келдік",- деп 
жауап береді. 
Әбу Суфиан жерден жеті қоян тапқандай: 
"Олай болса, хош келдіңіздер, төрлетіңіздер! 
Мұхаммедке қарсы бізге жақтасқандар - біздің ең қымбат 
достарымыз",- деді де қуақыланып: 
"Бірақ сендер біздің тәңірлеріміз - пұттарға табынбасаңдар, онда 
сеніміміздің ақталмағаны",- дейді. 
Пасық мақсаттарын жүзеге асыру жолында ештеңеден арланбайтын 
яһудилер сол жерде-ақ пұттарға сәждеге жығылып әлекке қалды... 
Сөйтіп Мәдинаға басып кіріп иман мен Исламды жоюға 
ынтымақтасады. 
Яһуди надрлар меккелік мүшріктердің уәдесін алған соң ғатафандарға 
үндеу тастады. Ақыры Хайбардағы бір жылғы құрманың түсімін береміз 
деген шартпен олармен де келісті. Айнала шашырап жатқан өзге араб 
тайпаларына да насихатшылар жолдап, Мәдинаға шабуыл жасауға көндірді. 
Мүшріктер де әскер жинап әлекке түсті. Сөйтіп үгіт-насихат нәтижесіз 
қалмай, араб тайпаларынан, ғатафандар мен ахабиштерден құралған қол 
Мәдинаны басып алуға дайындалды. 
Алға қойылған мақсат біреу-ақ - Мәдинаға тұтқиылдан шабуылдап, 
пайғамбарымыздың көзін жою және мұсылмандарға қырғидай тию. 


297
Құрайыш мүшріктері ахабшитермен қоса 4000-дай әскерді құраса, 
яһудилермен қалған жауынгерлердің ұзын саны 6000-ға жетті, яғни дұшпан 
қолы 10000 сарбаз. Әбу Суфианның қолбасшылығындағы мүшріктерде 300 
ат, 100 түйе бар еді. Кейіннен қосылғандарда қаншалықты ат көлік болғаны 
жайлы нақты мәлімет жетпеген. Барша жауынгердің басын қосқанда да Әбу 
Суфиан қолбасшы ретінде қала берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет