Бақылау сұрақтары
1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.
2. Қартаю және психологиялық жас.
Әдебиеттер [3, 4, 5, 6, 7, 8]
Терминдік сөздер
Даму психологиясы – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
Психология – (грек тілінен енген «псюхе»-жан, «логос»-ілім деген мағына білдіреді) психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады.
Рефлекс – (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).
Динамикалық стереотип – (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.
Инстинкт – (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Интеллект – (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.
Эволюция – (латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.
Детерминизм – (латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.
Фрустрация – (латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.
Антиципация – (латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді ) адам тексттің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.
Плато – « француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.
Автоматизм – (грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.
Доминанта – (латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыратын алапты айтамыз.
Адаптация – (латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.
Сенсибилизация – (латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.
Синестезия – (грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.
Спектр – (латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді ).
Пигмент – (латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді).
Диссонанс – (француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.
Консонанс – (француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.
Резонанс – (латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді).
Кинестезия – (грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.
Статика – (грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.
Вестибулярлық аппарат – (латын тілінен енген «кіре беріс» деген мағынаны білдіреді).
Вибрация – (латын тілінен енген «діріл» деген мағынаны білдіреді ) қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болған түйсіктерді айтамыз.
Иллюзия – (латын тілінен енген «алдану» деген мағынаны білдіреді) түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды айтамыз.
Галлюцинация – (латын тілінен енген «қиялдану, шатасу» деген мағынаны білдіреді).
Апперцепция – (латын тілінен енген «қабылдауға қосымша» деген мағынаны білдіреді ) қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен. өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын айтамыз.
Конвергенция – (латын тілінен енген «жақындату» деген мағынаны білдіреді) қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі болып табылады.
Аккомадация – (латын тілінен енген «көз үйрету» деген мағынаны білдіреді) көздің затты түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі.
Пластика – (грек сөззінен енген «мәнер қалдыру» деген білдіреді).
Ассоциация – (латын тілінен енген «байланыс» деген мағынаны білдіреді) ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды.
Операция – (латын тілінен енген «амал» деген мағынаны білдіреді) қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атаймыз.
Мнемоника – (грек тілінен енген «жаттау өнері» деген мағынаны білдіреді) жасанды жаттау тәсілдері.
Реминисценция – (латын тілінен енген «еске түсіру» деген мағынаны білдіреді) құбылыстарды не заттарды кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды.
Ретроактивтік – (латын тілінен енген «кері әсер етуші» деген мағынаны білдіреді) өткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының төмендеуіне әсер етеді, мұндай құбылыс ретроактивтік тежелу деп аталады.
Проактивтік – (латын тілінен енген «ілгері» деген мағынаны білдіреді) бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жасауды проактивтік тежелу деп атаймыз.
Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атаймыз.
Эвристика – (грек тілінен енген «табамын» деген мағынаны білдіреді).
Диалог – (грек тілінен енген «әңгімелесу» деген мағынаны білдіреді) екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монолог – (грек тілінен енген «бір сөз» деген мағынаны білдіреді) бір адамның сөзі, баяндамашының, лектордың сөздері.
Агглютинация – (латын тілінен енген «желімдеу» деген мағынаны білдіреді) қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрін айтамыз.
Гипербола – (грек тілінен енген «күшейту» деген мағынаны білдіреді) заттың жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтамыз.
Стен – (грек тілінен енген «күшті» деген мағынаны білдіреді) адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезім мен эмоцияларды стеникалық деп айтамыз.
Астения – (грек тілінен енген «әлсіз» деген мағынаны білдіреді) сезім мен эмоцияның баяу, солғын түрін астеникалық деп атаймыз.
Стресс – (ағылшын тілінен енген «тыс зорлану» деген мағынаны білдіреді) қауіп-қатер жағдайдағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдадағы мінез-құлықты айтамыз.
Аффект – (латын тілінен енген «жан ұшыру, күйіп-пісу» деген мағынаны білдіреді) қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Негавитизм – (латын тілінен енген «теріс» деген мағынаны білдіреді)
Аксон – (грек тілінен енген) жүйке келеткаларының ұзын талшығы.
Альтруизм – (француз тілінен енген) басқа адамның бағыт-бағдарына аңсары кетуі.
Амнезия – (грек тілінен енген) ес процесінің бұзылуын айтамыз.
Анализатор – түйсікті тудыратын анатомиялық – физиологиялық аппарат.
Антропоморфизм – адамға ғана тән жан қуаттарын жануарлар дүниесінен іздестіретін ілім.
Аттракция – адамның басқа адамға ұнамдылығы, тартымдылығы.
Афазия – сөйлеу процесінің бұзылуы.
Генотип – жүйке қызметінің туа берілетін типі.
Гипнопедия – ұйқы кезінде оқытудың мәселесін зерттейтін ілім.
Гипоталамус – ас қорыту, зат алмасу, қан айналысы, дем алу процестерін реттестіріп тұратын ми орталығы.
Диссоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысының бұзылуы.
Инициация – жеткіншекті ересек адамдар қатарына қосу кезінде жасалатын жол-жора мен рәсімдер.
Интенция – ақыл-ой мен сананың белгілі бір затқа бағытталуы.
Инфантилизм – ересек адамдардың жан дүниесінен балалық қылықтардың байқалуын айтамыз.
Кумуляция – сан рет қайталанған әрекетті түйіндеу.
Макроция – заттың көзге үлкен болып көрінуі.
Медитация – объектіге ерекше шүйлігудің нәтижесінде ойдың тереңдей түсуі.
Микрония – заттың көзге кішкентай болып көрінуі.
Мотив – адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін іс-әрекетке итермелейтін түрткі.
Персеверация – көпке дейін естен кетпей қоятын бейне.
Парадигма – негізгі ғылыми нәтитже жүйесінің үлгісі.
Онтогенез – ағзаның ұрықтанудан есейгенге дейінгі даму жолы.
Сенсорика – таным процестерінің жалпылама атауы.
Синкретизм – бір нәрсенің дамымаған, біріккен, ажырамаған күйі.
Социограмма – топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын көрсететін карта.
Тест – белгілі тапсырма беру арқылы оның ақыл-ой сапаларын сынап көрсететін әдіс.
Тропизм – өсімдіктің сыртқы ортаның әсер етуіне қарай білгілі бір бағытқа еріксіз бұрылуы.
Фенотип – өмір сүру барысында қалыптасқан жүйке жүйесінің типі.
Филогенез – тіршіліктің алғаш пайда болуынан бастап адамзатқа дейінгі даму жолы.
Шизофрения – адамның өмірге қызығуының төмендеуіне жұрттан оқшаулануына алып келетін психикалық сырқат.
Эвристика – күрелі ақыл-ой жұмыстары мен шығармашылық әрекетті ұйымдастыру тәсілі.
Эгоизм – адамның жеке басы мүддесін жоғары қоюшылық.
Эгоцентризм – өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.
Эйдитизм – бейнелерді еске өте дәл әрі айқын түсіру.
Мимика – адамның бет-әлпетінің мәнерлі қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика – адамның дене қимылдары арқылы ойын жеткізуі.
Телепатия – ағзаның психикалық жағдайын қашықтықтан сезінуге болады дейтін ілім.
Фоббия – шындыққа сәйкес келмейтін қорқынышты көріністермен аласұруды айтамыз.
Эйфория - шындыққа сәйкес келмейтін көңіл-күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттану.
Тесттер
1.«Екінші мен» қалыптасатын кезең:
А) бастауыш мектеп оқушылары;
В) жасөспірімдік;
С) ересектік шақ;
Д) жеткіншектік шақ;
Е) барлық жауап дұрыс.
2. Психоаналитикалық теориялар қай кезді психосексуалды дамудың белгілі-бір кезеңі деп біледі:
А) жеткіншектік;
В) ересектік;
С) жасөспірімдік;
Д) қарттық;
Е) барлық жауап дұрыс.
3. Қай жаста төлқұжат алу құқығына ие:
А) 15;
В) 18;
С) 20;
Д) 16;
Е) 21.
4. Қыздардың бойының толуы орта есеппен қай жас арасында болады:
А) 14-16;
В) 18-20;
С) 15-15;
Д) 14-15;
Е) 16-17.
5. Спорттың кейбір түрлерінде ең көп жетістікткерге жететеін кезең:
А) балалық;
В) жастық;
С) жеткіншектік;
Д) басатауыш мектеп жасында;
Е) кіші мектеп жасы.
6. Жеке адам толысуын қалыптастырудың аяқталған кезеңі:
А) жеткіншектік;
В) ересектік;
С) жасөспірімдік;
Д) қарттық;
Е) бастауыш мектеп кезеңі.
7. «Өзіндік сана- күрделі психологиялық құрылым» деп санайтын кім:
А) Мерлин;
В) Демокрит;
С) Аристотель;
Д) Лукреций;
Е )Аристофан.
8. Қай жастағылардың жан дүниесі қалыптасқан және өзіндік болады:
А) 16;
В) 15;
С) 18;
Д) 13;
Е) 14.
9. Қай жас аралығында жігіттер мен қыздар достығы адамдар қарым-қатынасының ең маңыздысы деп саналады:
А) 17-18;
В) 20-25;
С) 15-16;
Д) 19-21;
Е) 21-23.
10. Психологиялық зерттеулер «әйелдер достыққа қабілетсіз» деген ұғымға қалай қарайды:
А) қуаттамайды;
В) бұл мәселе зерттелмеген;
С) зерттелген тұжырым;
Д) қуаттайды;
Е) қарама-қарсы.
11. «Жыныстық емес сүйіспеншілік неғұрлым ауқымды болса, жыныстық махаббат та соғұрлым ізгі махаббат болады» деген сөздердің авторы кім:
А) Макаренко;
В) Толстой;
С) Мерлин;
Д) Крупская;
Е) Кан-Камек.
12. Қандай ер адамдар әйелдерді тек сексуалды объект ретінде қарайды:
А) өзін барынша сыйлайтын ер адамдар;
В) өзін-өзі сыйлау деңгейі төмен ер адамдар;
С) жоғары лауазымды ер адамдар;
Д) достықты 1-ші коятын ер адамдар;
Е) барлық жауабы дұрыс.
13. Психологиялық қиыншылық жағдайлары сезілетін жас аралығы:
А) 18-20;
В) 14-15;
С) 13-15;
Д) 16-17;
Е) 15-18.
14. Дүниетанымның қалыптасуындағы шешеуші кезең:
А) балалық кезең;
В) барлық жауап дұрыс;
С) ересектік;
Д) бастауыш мектеп жасында;
Е) мектепке дейінгі кезең.
15. Жеке адам үшін «айна» қызметін не атқарады:
А) өзіндік ісі;
В) қоғам;
С) өзге адамдар;
Д) барлық жауап дұрыс;
Е) ата-анасы.
16. «1-ші мен» мен «2-ші меннің» арасындағы дау:
А) ұрыс;
В) психикалық құбылыс;
С) әңгіме;
Д) үнсіз айтыс;
Е) барлық жауап дұрыс.
17. Көңіл білдіру деген не:
А) индукция;
В) меланхолик;
С) эмпатия;
Д) барлық жауап дұрыс;
Е) рефлексия.
18. Жеткіншекте ерлік қасиеті не арқылы тәрбиеленеді:
А) спортпен шұғылдану;
В) өнермен шұғылдану;
С) кітап оқу;
Д) төбелесу;
Е) ойын.
19. Жеткіншектік есеюде ерекше қызмет көрсетеді:
А) тамақ пен кино;
В) кітап пен кино;
С) күлкі мен кітап;
Д) ойын мен кино;
Е) ұйқы мен жаттығу.
20. Ересек пен жеткіншек арасында қандай жағдайда қарама-қарсылық туады:
А) жеткіншекті досындай көрсе;
В) ата-анамен қатынаста;
С) үлкен адам қатарына жатқызса;
Д) ересек пен жеткіншек арасында кикілжің туса;
Е) әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталса.
Әдебиеттер
1 Абрамова Г. С. Сборник задач по социальной психологии и психологии развития : учеб. пособие для вузов / Абрамова Г. С. – М. : Академия,1999. – 144 с.
2 Алферов А. Д. Психология развития школьников : учеб. пособие для студ. / Алферов А. Д. – Ростов н /Д. : Феникс, 2000. – 34 с.
3 Волков Б. С. Психология развития человека : учеб. пособие для вузов / Б. С. Волков., Н. В. Волкова. – М. : Академический проект, 2004. – 223 с.
4 Глушко В. П. Школа гениальности : учеб. пособие по эвристике / В. П. Глушко., А. В. Старцев. – Алматы : Дәуiр, 2005. – 92 с.
5 Крайг Г. Психология развития. – 7-е изд. междунар. – СПб. : Питер, 2000. – 988 с.
6 Крайг Г. Психология развития / Грэйс Крайг, Дон Бокум : науч. ред. Т. В. Прохоренко – 9-е изд. – СПб. : Питер, 2006. – 939 с.
7 Немов Р. С. Общая психология. Возрастная психология (Психология развития). Педагогическая психология : учеб. планы и программы курсов. – М. : Моск. психолого-соц. ин-т; Изд-во "Флинта". 1998. – 71 с.
8 Поляков В. А. Психология развития личности в системных отношениях: методы психологической диагностики, акмеологический релятивизм / В. А. Поляков. – Минск, 1999. – 128 с.
9 Сильва Х. Управление разумом по методу Сильва для физического совершенствования. – Минск : Попурри, 1997. – 383 с.
10 Солдатова Г. Н. Лаврова – Ростов н/Д. : Феникс, 2004. – 383 с.
11 Эльконин Б. Д. Психология развития : учеб. пособие для вузов / Б. Д. Эльконин. – М. : Академия, 2001. – 143 с.
12 Яковлева Е. Л. Психология развития творческого потенциала личности/ Е. Л. Яковлева. – М., Флинта, 1997. – 224 с.
13 Вахрущев Д. Б. Принципы японского управления. – М., 2001. – 45 с.
14 Возрастная и педагогическая психология // под. ред. М. В. Гамезо, М. В. Матюхиной, И. С. Михальник. – М., 2000. – 155 с.
15 Возрастная и педагогическая психология // под. ред. А. В. Петровского. – М., 2001. – 71 с.
16 Волкова К. А., Казакова Ф. К., Симонов А. С. Государственное предприятие структура, положения об отделах и службах, должнонстные инструкции : справочное пособие. – М., 2001. – 56 с.
17 Волков Б. С., Волкова Н. В. Балалар психологиясынан жаттығулар жинағы / Аударма: Бұсұрманова С. Т., Бердібаева С. К. – Алматы, 2002. – 13 с.
18 Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер – М., 2005. – 56 с.
19 Гальперин П. Я., Запарожец А. В. Актуальные проблемы возрастьной психологи – М., 2005. – 23 с.
20 Гастев А. К. Как надо работать. – М., 2006. – 41 с.
21 Гастев А. К. Трудовые установки. – М., 2007. – 75 с.
22 Гвишиани Д. М. организация и управления. – М., 2002. – 92 с.
23 Грызунова Г. В. Межличностный конфликт в сфере управленческой деятельности : автореф. – М., 2001. – 90 с.
24 Добрынин В. В. Основы научного управления предприятиями и учреждениями. – М., 2002. – 25 с.
25 Дорошенко Е. А. Социально- психологические факторы повышения эффективности коллективного труда в аппарате управления. В кн. Эффективность управленческгого труда. – Киев, 2003. – 60 с.
26 Кон И. С. Психология юношеского возраста. – М., 2005. – 7 с.
27 Кроник А. А. Психологический возраст личности. – М., 2000. – 51 с.
28 Кон И. С. Открытие “ Я”. – М., 2006. – 85 с.
29 Край Г. Психология развития. – Питер, 2000. – 69 с.
30 Крутецкий Р. А. Психолог и обучения и воспитание школьников. – М., 2006. – 63 с.
31 Лейтес Н. С. Умственные способности и возраст. – М., 2007. – 26 с.
32 Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики. – М., 2002. – 85 с.
33 Люблинская А. А. Детская психология. – М., 2001. – 180 с.
34 Муканов М. М. К вопросу о генезисе внутренней речи в связи с трактовкой механизмов мышления и общении. – М., 2002. – 89 с.
35 Лейтес Н. С. Проблема общих способностей в возрастном аспекте “ Вопросы псхологии”. – М., 2009. – 170 с.
36 Обухова Л. Ф. Детская психология. – М., 2005. – 160 с.
37 Овчарова Р. В. Практическая психология в начальной школе. – М., 2007. – 151 с.
38 Петровский А. В., Шпалинский В. В. Социальная психология коллектива. – М., 2008. – 113 с.
39 Практикум по возрастной психологии. // под. ред. Д. И. Фельдштейна. – М., 2004. – 52 б.
40 Райс Ф. Психология подростков и юношеского возраста. – М., 2000. – 56 б.
41 Смирнова Е. О. Психология ребенка. – М., 2007. – 23 б.
42 Уайт Б. Первые три года жизни: пер. с англ. – М., 2002. – 47 б.
43 Урунтаева Г. А. Практикум по возрастной психологии. – М., 2005. – 89 б.
44 Хрестоматия по детской психологиии. // под. ред. Г. В. Бурменской. – М., 2006. – 55 б.
45 Хрестоматия по психологии // под. ред. А. В. Петровского – М., 2007. – 78 б.
46 Шахова И. П. Практику м по лабораторным работам курса “Возрастная психология”. – М., 2008. – 56 б.
47 Якокка Л. Карьера менеджера. – М., 2001. – 101 б.
Мазмұны
|
Кіріспе...................................................................................
|
3
|
1-тақырып
|
Даму психологиясының пәні мен міндеттері……………
|
5
|
2-тақырып
|
Даму психологиясының қысқаша тарихы……………….
|
7
|
3-тақырып
|
Даму психологиясының негізгі зерттеу әдістері………...
|
10
|
4-тақырып
|
Психиканың дамуын жас кезеңдерге топтастыру……....
|
13
|
5-тақырып
|
Баланың ана құрсағында даму мен нәресте кезіңдегі психикалық даму…………………………………………..
|
16
|
6-тақырып
|
Бөбек жасындағылдардың психикалық даму……………
|
18
|
7-тақырып
|
Мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті мен таным процестерінің дамуы………………………………………
|
22
|
8-тақырып
|
Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы мен таным процестері……………………………..
|
28
|
9-тақырып
|
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы............
|
35
|
10-тақырып
|
Балаң жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.................................................................................
|
43
|
11-тақырып
|
Кемел жас психологиясы………………………………...
|
51
|
12-тақырып
|
Қартаю және кәрілік............................................................
|
55
|
|
Терминдік сөздер.................................................................
|
59
|
|
Тесттер..................................................................................
|
64
|
|
Әдебиеттер............................................................................
|
68
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |