«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Тақырып: Арнайы педагогиканың психологиялық негізі



бет51/113
Дата07.09.2020
өлшемі1,23 Mb.
#77603
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
Байланысты:
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Тақырып: Арнайы педагогиканың психологиялық негізі

Дәріс мазмұны:

  1. Арнайы психологияның міндеттері

  2. Арнайы психологияның негізгі түсініктері, мәселелері.

Арнайы психология- психикалық дамуы артта қалған тұлғаларды зерттейтін психологияның бір бөлімі. Бұндай зерттеулердің негізінде әртүрлі ақаулықтарды қалпына келтіру мүмкіндіктері, аномалиясы бар тұлғаны оқыту және тәрбиелеуді және түзетуді қарастырады.

Арнайы психология көрмейтіндер психологиясы (тифлопсихология), естімейтіндер (сурдопсихология), ақыл-ой дамымай қалған (олигофренопсихология), сөйлеу қабілеті бұзылған және психикалық дамуы жағынан артта қалған т.б. болып бөлінеді.

Арнайы психологияның міндеттері:

● аномалиясы бар балалардың жалпы және арнайы заңдылықтарын бөліп көрсету;

● әртүрлі ақаулығы бар адамдардың дамуындағы әртүрлі танымдық әрекеттерін игеру;

● диагностикалық әдістер мен психологиялық коррекция жұмыс тәсілдерін өңдеу және оны тарату;

● ақаулығы бар адамдарға психикалық дамуына керекті тиімді педагогикалық әдістерді қолдану.

Осылай арнайы психологияның маңызы, психикалық ақаулығы бар адамдары оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделуімен анықталады.

Психикалық функцияның компенсациясы (лат. Compensatio –теңестіру) – бұл дамымай қалған психикалық функцияны қалпына келтіру. Психикалық функцияны қалпына келтіруде жаңа әрекет құрлымына бұрын қатыспаған әрекеттерге тарту.

Функцияны қалпына келтірудің екі типі бар.

Бірінші - бұл ішкі системалық қалыпқа келтіру.

Екінші- функциялық системаны қайта құру арқылы жүзеге асыру. Мыс: туылғаннан соқыр балада көру функциясының қалпына келтіру сезу арқылы орындалады.Көпшілік жағдайда қалыпқа келтіру функциясының екі типі де қарастырылады.Осы айтылған қалыпқа келтіру формалары тұлғаның толықтай дамуын қамтамасыз етеді. Бұл білім алу, еңбек дағдысын игеру сияқты мүмкіндіктер арқылы жүеге асырылады. Қалыпқа келтіру теориясы арнайы оқыту теориясымен тығыз байланыстылықта дамиды.

Л.С.Выготский психикалық функция компенсация теориясын қарай отырып, бірнеше маңызды сәттерін атап көрсетті:

Біріншіден, Л.С.Выготский аномалиясы бар балаларды әртүрлі әлеуметтік маңызы бар әрекеттерге қатыстыруға көп көңіл бөлген. Оның айтуынша қандайды болмасын бір органның жұмыс жасамай қалғанда басқа мүшелер әдетте атқармайтын қызметті жасайды.

Екіншіден, Л.С.Выготский ақаулық құрылым енгізді. Алғашқы бұзылыстар, мыс: естудің төмендеуі, көрудің т.б. төмендеуі екінші және үшінші ақаулықтарды тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет