«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Эксперимент Эксперимент



бет48/113
Дата07.09.2020
өлшемі1,23 Mb.
#77603
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
Байланысты:
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Эксперимент

Эксперимент

experiment

Психологиялық емдеу

психотерапия

zygote

Инстинкт

инстинкт

instinct

Жұмыс альянсы

Рабочий альянс

Cohort effects

Жүйкелік қозу

психоз

stroke

Зерттеу әдістері

Методы исследования

methods of the study

Анкета әдісі

Анкетирование

questionnaire

Лонгитюдті әдіс

лонгитюдный метод

longitude metod



5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ.

1 дәріс



Тақырып: Дефектология- ғылым ретінде.

Мақсаты:

Дәріс мазмұны:

1.Дефектология ғылымының мақсаты мен міндеттері.

2.Дефектологияның салалары.

3.«Мүмкіндігі шектелген балалар» туралы түсінік

Дефектология («defectus» латын сөзі -кемшілік,жетіспеушілік, «logos»- грек сөзі ілім, сөз) мағынасын білдіреді. Дефектология- бұл педагогикалық ғылымға жатқызыла отырып, ауытқушылығы бар балалардың дамуының психо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, әрі оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, оның жолдарын әдістері мен тәсілдерін қарастырады.

Дефектология зерттеу пәні ретінде және педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде денелік және психикалық ақаулығы бар балалардың жалпы мәселерімен шұғылданады.Дефектология ғылымы философия, әлеуметтану, психология, педагогика, медициналық ғылымдармен тығыз байланыстылықта дамып жетілуде.

Біздің елімізде арнайы педагогикаға дефектология, түзету педагогикасы енеді.Арнайы педагогика- денелік және психикалық ауытқушылығы бар тұлғаларға арнайы білім және тәрбие беру қызметін қамтиды. Ол қалыпты педагогикалық жағдайда жалпы педагогикалық құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.

Дефектологияның негізгі мақсаты:

- ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған ортаға бейімдеу;

- ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, әрі бедел сезіміне тәрбиелеу;

- балаларда жағымды мінез-құлық салаларын қалыптастыру;

- дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау;

- қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту;

- іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

Дефектологияның мақсатын іске асыруда төмендегідей міндеттер шешіледі:


  • тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу;

  • бұзылу қурылымына сай түзету қажеттілігін анықтау;

  • арнайы білім беру заңдылығын зерттеу;

  • арнайы білім беру жағдайда оқытудың технологиясын, әдістерін,принциптерін ғылыми негізде жетілдіру;

  • мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу, тузетуге арналған бағдарламаларды жетілдіру және оларды тарату.

Дефектологияның салалары.

Олигофренопедагогика ( интеллект жағынан бұзылған).

Тифлопедагогика (көрмейтін, нашар көретін).

Сурдопедагогика (саңырау,нашар еститін).

Тифлосурдопедагогика (соқыр-саңырау).

Логопедия (сөйлеу тілі бұзылған).

Осы аталған салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай зерттеу, түзету және тәрбиелеу жұмыстарын қарастырады.

Қазіргі таңда қоғамымызда ақаулығы бар балаларды оқыту тәрбиелеу және тузету бұл курделі болып танылған әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр. Мұндай тұлғадағы балалар дер кезінде үйлесімді көмек беруді тұлғалық жағынан қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет