Байланысты: 1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
59. Проблемалап оқыту – тұлғаның проблемаларды шешу дағдысын қалыптастыру. Оқушыға тқлғаның проблеманы шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әртүрлі тәсілдерді қалай қолдану керектігін оқыту.
Білім саласында оқушыға «ой тастау, ойланту» оқушыға субьект ретінде қарау; құзыреттіліктерді қалыптастыруға негізделген шығармашылық тапсырмалар беру; оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту; білімді оқушылық деңгейден өнімді, шығармашылық деңгейге дейін көтеру; дарын көздерін ашу; ғылыми-іздендіру жұмыстарына баулу мәселелерін шешуде бірқатар әдістемелерді ұсынған болатын. Қазір сөз болып отырған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, яғни алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдысын дамытуда проблеманы шеше алуға үйрететін проблемалық оқыту әдісі.
«Проблемалық оқыту - проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемаларын жеке шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқарып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Проблемалық оқытудың ерекшелігі мұғалім оқушының алдына проблеманы шешу міндетін қоя отырып, шешуді соның ішінде, тиімді шешу құралдарын қарастыруды өздеріне іздетеді. Бұл оқушылардың бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, проблеманы шеше алу дағдысын дамытатыны сөзсіз. Проблемалық оқытуда оқушыға ұсынылатын материалдың шешімін табу, ең біріншіден оқушыға қызықты болуы шарт, оқушының проблеманың шешімін ұсынған шақта қанағаттануы тиіс. Ол оқушының өз бетімен ізденген, үйренуге деген ынтасының нәтижесі болғандықтан, проблеманы шешуі шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады. Өмірмен байланыстырылған түрлі проблемалық мәселелер мұғалімге балалардың шығармашылық ойлауы ғана емес, қарапайым тұрмыстағы ұсақ көрінетін нәрселерді шешудің тиімді жолдарын қарастыра білуге үйретеді.
Проблемалық оқытудың негізін салушы американдық ғалым Джон Дью болып табылады. Ол оқушылардың оқу үдерісі кезіндегі интеллектуалды мүмкіндіктерін дамыту үшін оқушының өз белсенділігіне назар аудару керектігін айтады.