деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Кіші балаларда жауапкершілікпен, міндетті түрде білім алу керектігімен байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар мен мотивтер қалыптасады



бет34/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
Сауалнама зорлық-зомбылық, 87486, Презентация1, 7d, Õèìèÿëû? ðåàêöèÿëàðäû? ýíåðãåòèêàñû ìåí áà?ûòû 1í?ñ?à, Документ (12), педагог сөж5, инкл. сем4, инкл. сем5, «О айдан иын а» ережесі ай принципке жатады т сініктілік, ана тили 5, ана тили 6, 0b22368cc348d811c7d8f39a13dcc23bde08227fb0da628ae9bdc2b6c6fa52b9 (1)
57. Кіші балаларда жауапкершілікпен, міндетті түрде білім алу керектігімен байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар мен мотивтер қалыптасады. Жалпы бұйырумен салыстырғанда бірінші сыныптағылар жарыс жағдайында өзіне жұмыс істеу мотиві жоғары болатынын көрсетеді. Бірақ, үшінші сыныпта «қоғамдық мотив» («сынып үшін») индивидуалдылықпен салыстырғанда («өзі үшін») жоғары. Сонымен бірге егер үшінші сыныпта қоғамдық мотивтер ер және қыз балаларда бірдей деңгейде байқалса, төртінші сыныпта бұл мотивтер қыз балалардың бойында жоғары болатыны анықталды.Біріншісі–табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері жатады.Екінші– оқушыларды сабақтан иыс күндері практикалық іс-әрекетке, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау. Үшінші мақсаты– оқу пәндерін оқытуда өзіндік жұмыстың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту және жетілдіруде мынадай шарттар бар:
1. Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;
2. Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен діндік мағынасының болуы;
3. Оқушылар өз көзқарастары мен сенімдерін практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
58. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдасдару бірлігі болуы міндетті. Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің аралындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы. Мысалы, қайталау-қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау, мұғалімнің сабақты қортындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден игерілген білім еске түсіріледі және жүйегекелтіріледі.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әр түрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі- оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі-оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдыыыыастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұраааақтыыыыыы бір мезгілінде бастап , аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ң алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта, оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет