Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері туралы баяндаңыз



бет35/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

102)Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері туралы баяндаңыз
Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінің маңызы зор. Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін. Ал, екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал, микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем кұртуы мүмкін. Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады, әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезенің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып коюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес. Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, бос бөлмелер, сарай және т.б., кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан корғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан, яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді.
103)Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерге мысал келтіре отырып баяндаңыз
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады: алоэ, арша, асқабақ, аюқұлақ, дермене, долана, жалбыз, жалбызтікен, женьшень, жолжелкен, жуа, жусан, жүгері, итбүлдірген, итмұрын, итошаған, көкшегүл, қаражидек, қырықбуын, таңқурай, шайқурай, шалфей, шөпшай, т.б. Қазақстанның өсімдік әлемі әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40%-нан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол «шипалы қойма» сияқты. Оңтүстік Қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде үш мыңдай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер, басқа да дәрілік шөптер бар: мыңжапырақ, түймешетен, ермен, қалақай, өгейшөп, бақ-бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет