Дарынды балалардың ерекшеліктері:
Әділетті,
әзілқой
Сөздік қоры мол
Есте сақтау қабілеті жоғары
Танымдық
қасиеті
жоғары
Қиыншылықтан
қорықпайды
Дарынды бала
Дарындылық:
Айқын дарындылық дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ.
Жасырын түрде кездесетін
дарындылық
баланың іс-әрекетінің нәтижесі көбінде жасырын түрде байқалады.
Жалпы дарындылық деп, жалпылау икемдігі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойлау қабілеті жан-жақты, кез-келген тақырыпта әңгімелесу, мәселелерді шешу және өз тәжірибесінде үйрену деп тұжырымдайды.
Инттеллектуалдық (немесе жалпы танымдық ) қабілеттер- жалпы дарындылықтың психологиялық ядросы болып табылады.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың міндеттері:
- Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру;
- Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану;
- Оқушының өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы жеке тұлғасының дамуына қолдайлы жағдай туғызу;
- Ауызша, жазбаша тілдік қорларын арттыру. Шығарма , ойтолғау жаза біліуге дағдыландыру;
- Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту.
- .
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауды мынандай жұмыс түрлерін қолдануға болады:
- Дарынды оқушылардың қызығушылығын анықтау;
- Дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
- Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
- Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу;
- Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер:
Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады: - арнайы психологиялық сауалнама, әдістемелер; - баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау, бақылау әдістері; - балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау; - түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру; - белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |