11. Кәсіптік-педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында оқу-жаттығу жоспары құжаттар жасау
Жоспары:
1. Спорттық жаттығуды жетілдіру жолдары
Спорттық жаттығуда әдіс деген ұғымды жаттығудың негізгі құралдарын қолдану жолы және спортшы мен жаттықтырушының іс-әрекетінің ережесі мен тәсілдерінің үйлесімді жиынтығы деп түсінген дұрыс.
Спорттық жаттығу барысында әдістердің екі үлкен тобы пайдаланылады:
1/ ауызша сөзбен және көрнекілік әдістер кіретін, жалпы педагогикалық:
2/ қатаң уақытпен белгіленген әдіс, ойындық және жарыстық әдістер кіретін практикалық.
Спорттық жаттығуда қолданылатын ауызша сөзбен түсіндіру әдісіне әңгімелесу, пікірлесу, талдау, талқылау және т.б. жатады. Олар ықшам түрінде, әсіресе жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау барысында барынша жиі қолданылады. Бұған сөзбен айту әдісінің көрнекілікпен үйлестіктегі арнайы терминологиясы мүмкіндік туғызады. Жаттығу жүйесінің тиімділігі көбінесе нұсқауларды, бұйрықтарды, ескертулерді, сөзбен бағалауды және түсіндіруді әдісін тауып пайдалануға көп байланысты.
Спорттық тәжірибеде көрнекілік әдісіне мыналар жатады: 1/ жекелеген жаттығулар мен олардың элементтерін әдетте жаттықтырушы, немесе жоғары дәрежесі спортшылар өткізгенде әдістемелік қатынаста дұрыс көрсету; 2/ оқу фильмдерінде, видеожазбада шұғылданушылардың қозғалыс әрекетінің әдістерін және тәсілдік сызбасын ойын алаңдарының макетінде көрсету; 3/ қозғалыстың бағытын, өтетін аралықты шектейтін қарапайым бағдар белгіні қолдану; 4/ жарыстық, дыбыстық және механикалық жетекші құралдарды, сонымен бірге бағдарламамен басқаруды және кері байланысты қолданады. Бұл қондырғы құралдар спортшыға темпоритмдік, кеңістік және қозғалыстың динамикалық сипаттамасындағы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды, ал кейде тек қозғалыс туралы және оның нәтижесі жайлы ақпаратпен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге қозғалыс әрекетінің ықтиярсыз түзетуін енгізеді.
Қатаң уақытпен белгіленген жаттығу әдісіне спорттық тәсілдерді және дене сапаларын тәрбиелеуге басымырақ бағытталған әдістер жатады.
Әдістердің ішінде спорттық әдіс, тәсілдерді меңгеруге басымырақ бағытталған жаттығуларды бүтіндей және бөліктерімен үйрену әдістері бөлінеді. Қозғалысты бүтіндей үйрену салыстырмалы түрде қарапайым жаттығуларды, сонымен бірге бөліктерге бөлінуі мүмкін емес күрделі қозғалыстарды меңгерумен іске асырылады. Алайда, бүтіндей қозғалысты меңгеру кезінде спортшылардың назары бүтіндей қозғалыс актысының жекелеген әлементтерін ұтымды орындауын бірізділікпен ұйымдастырады.
Салыстырмалы түрде дербес бөліктерге болатын барынша күрделі азырақ қозғалыстарды үйрету кезінде спорттық әдістерді меңгеру бөліктермен орындалады. Одан әрі қозғалыс әрекеттерін тұтас орындау күрделі жаттығуларды құрайтын бұрын меңгерген бірыңғай бөлінбейтін имиграцияға (бірігу) әкеледі.
Тұтасты құрастыру және бөліктерге бөліп құрастыру әдістерін қолдану кезінде үлкен орын ұйымдастырушы және еліктеуші жаттығуларға беріледі. Еліктеуші жаттығуларда негізгі жаттығулардың жалпы құрылымы сақталады, алайда оларды орындау кезінде қозғалыс әрекеттерін меңгеруді жеңілдететін жағдай қамтамасыз етіледі.
Дене саналарын жетілдіруге басымырақ бағытталған әдістердің арасында негізгі екі әдістердің тобын, яғни үзіліссіз және ара қашықтықпен бөліп қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |