Денешынықтыру


Бір орында тұрып жасалатын саптық тәсілдер



бет13/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430

Бір орында тұрып жасалатын саптық тәсілдер


Сапқа тұру – балалардың бірлескен іс-қимылдар жасау үшін орналасуы. Мысалы: бірбірден немесе жұптасып тізбекке тұру, шеңберге, бірнеше шеңберге, жарты шеңберге, тұру немесе бытырау.
«Тоқтат!» бұйрығы алдында орындалып жатқан қозғалысқа қолданылады. «Солға!»: балалар сол аяғының өкшесімен, оң аяғының ұшымен сол қол жағына бұрылады /бір/ және оң аяғын сол аяғының қасына қойып, табанын жерге толық басады /екі/.
«Оңға!»: балалар оң аяғының өкшесімен, сол аяғының ұшымен оң қол жағына бұрылады /бір/ және сол аяғын оң аяғының қасына қойып, табанын жерге толық басады
/екі/.
«Ай-Нал!»: оң аяғының өкшесімен, сол аяғының ұшымен сол қол жағына қарай 180 градусқа бұрылады/бір/ және оң аяғын сол аяғының қасына қояды /екі/.
Тізбек – балалар арасына бір адым орын қалдырып, бірінің артына бірі тұратын саптың түрі. Арадағы арақашықтық қол созған кезде бір-біріне тимейтіндей болуы тиіс. Тізбектің басында бағдарлаушы, соңында – тұйықтаушы тұрады.
Бір-бірден Тізбекке тұру үшін «Бір-бірден Тізбекке – тұр!» деген команда беріледі. Осы бұйрық бойынша педагог бетін оң жақтағы жоғарғы бұрышқа қаратып, оң жағына тұрады және оң қолын жоғары көтереді. Балалар педагогтің артына бірінің соңына бірі тұрады. педагогтің артына тұрған бала Тізбекке бетін бұрып тұрады және сапқа тұру үдерісіне жетекшілік етеді.
Команда берілген кезде және бір-бірден Тізбекке тұрған кезде педагог негізгі тұрыста тұрады. Ол тіп-тік тұрып, балаларға үлгі көрсетуі тиіс. Балалар негізгі тұрыста ұзақ тұрмайды: оңға немесе солға бұрылу, жүрісті бастау туралы бұйрық беріледі. 4-5 жастағы балалар Тізбек пен сапқа бой-бойымен тұрып үйренеді. Оларға еркін тұру керектігін, бірбіріне қатты жақындамау қажеттігін жиі-жиі ескертіп отырамыз. Сонымен қатар оларды бірінің артына бірі тұрғанда бір сызық бойымен түзу тұруға үйретеді. Педагог бір сызық бойында сапта тұрғанда аяқтың ұшын бір сызықтың бойына теңдей етіп қоюға тырысу керектігін айтып түсіндіреді. Балалар сапта бір-бірінің артына түзу тұруды үйренеді: алдымен екі, бір қолдың, содан соң көздің көмегімен тұрады. Кейін көзбен мөлшерлемей тұруды үйренеді. Бастапқыда бір-бірден сапқа тұрған кезде уақыт есепке алынбайды. Кейін балалар сапқа мейлінше таза тұрып үйренуі тиіс.
Балалар бір орында бір-бірден тізбекке тұруды үйренген кезде залдың әр жерінде сапқа тұру қабілетін дамыту қажет.
4-5 жастағы балалар сапқа бір-бірден тұрғанда көршісімен жұптасады. Оқу жылының соңына қарай сапқа тұру күрделіленеді.
Педагог балаларға бір тізбектен немесе саптан бірнеше топтарға бөлініп тұруды үйретеді. Ол үшін балаларды алдын ала бөлімдерге бөліп алады: оның әрқайсысындағы балалардың саны тең болуы шарт. Топ жетекшілерін сайлайды. Белгі берілген кезде жетекшілер белгіленген орынға барып тұрады. Қалған балалар солардың артына барып сап түзейді.
Кейін балалар жүріп бара жатқан кезде топтарға бөлінуді үйренеді: шашырап жүргенде немесе бір-бірінің артынан тізбекпен жүрген кездерде. Топқа бөліну туралы нұсқауды естіген кезде жетекші балалар белгіленген жерге қарай жүріп, тоқтайды және бетін педагогке қаратып тұрады. Қалған балалар жетекшінің соңына, өз топтарына тұрады. Бастапқыда балаларға өз тобын табу оңай болуы үшін жетекшілердің қолына жалаушалар беруге болады. Сапқа тұру.
Педагог балаларды сапқа тұрғызар алдында өзі оң жақ қапталда «тік тұру» қалпында тұрып: «Сапқа тұр!» бұйрығын береді. Топ оның сол жағына сап түзеп тұрады.
Қозғалыс тәсілдері Бір орында жүру.
Бұйрық: «Бір орында – адым бас!» («Бас» сөзі қысқа айтылады).
«Бағдарлаушы, бір орында тұр!» бұйрығы жүріп бара жатқан топты бір адым қашықтықта сапқа тұрғызу үшін беріледі. Өйткені қозғалыс кезінде жаттығу жасағанда балалардың арасындағы қашықтық үлкен болады. (Педагог бағдарлаушыны атымен атап, оның жанына тоқтайды. Өйткені 4-5 жастағы балалар үшін «бағдарлаушы» сөзінің өзі ауыр).
«Бір орында!» бұйрығы берілген кезде, балалар арадағы қашықтық қандай болса да бір орында тұрып адымдайды.
«Тік тұр!» бұйрығы: бір орында тұрып адымдауға көшу үшін сол аяқты басқанда беріледі. Содан кейін оң аяқпен адым басып барып, сол аяқпен алға қарай адымдайды.
«Тоқта!» бұйрығы берілгенде қозғалыс тоқтатылады. Ол сол аяқты басқанда беріледі, содан соң оң аяқпен бір адым ілгері басып, сол аяқты оң аяқтың қасына қоямыз.
Жүріс.
«Адым бас!» бұйрығы адым басқан кездің бәрінде беріледі. Қозғалыс сол аяқтан басталады.
«Жай адымдап – адым бас!» бұйрығы жүріс, жүгірудің басқа түрлерінен ауысқан кезде және қозғалыстағы жаттығуларды аяқтаған кезде беріледі. Атқарылатын бұйрық сол аяқтан беріледі.
«Жүгіре адымда!» бұйрығы: адымнан жүгіріске ауысқанда, жүгіруден адым басуға ауысқан кезде беріледі.
«Адым бас!» командасы: жүрістен жүгіруге ауысқанда беріледі.
«Бас!» («Марш!») командасы оң аяқтан беріледі.
Қозғалыс бағытын ауыстыру.
Айналу. Команда: «Солға/оңға/ бұрыл, айналып адым бас!». Егер команда қозғалыс кезінде берілетін болса, «Марш!» командасы тізбектің қозғалысы мен залдың шеті қиылысатын тұста берілуі тиіс.
Жыланша ирелеңдеу.
Ирелеңдеп жүрген жүрісті «жыланша» жүріс деп атаймыз. Оның ұзындығы бірінші қарсы жүріске қарап анықталады. Команда: «Ирелеңдеп – адымда!»
Саптан шеңбер құру. Ол төмендегі әдіс бойынша іске асырылады: «Қол ұстасып шеңберге тұр!» командасы берілгенде балалар бір-бірінің қолынан ұстайды. Педагог
(немесе бала) сол қолымен саптың оң жақ шетінде тұрған баланың оң қолын ұстайды және айналып, саптың сол жақ шетінде тұрған балаға қарай жүреді, сол қолымен оның оң қолынан ұстап, шеңберді тұйықтайды.
Содан кейін педагог саптың орта шамасына қарсы қарап тұрады (3-4 м қашықтықта), саптың оң жақ және сол жақ шетіндегі балаларды педагогке қарай жүріп, шеңбер құруға шақырады. Содан соң балаларды өз бетінше шеңбер құруға үйретеді. Ол үшін: балалар бір-бірінің қолынан ұстап, саптың оң жақ және сол жақ шетіндегі балалар бір-біріне қарсы жүреді, бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді тұйықтайды.
Педагог шеңбердің көлемін сақтау керектігін айтады және балалардың оны тарылтып жібермеуін, үзіп алмауын қадағалайды.
Балаларды өз бетінше шеңбер құрауға, жұптасып тұруға, тізбек немесе сапқа тұруға үйрету үшін педагог сабақтың басында оларға қызықты тапсырмалар береді: белгілі бір тәртіп бойынша қатарға тұрып, содан соң белгі берілген кезде залға шашырай жүгіру, екінші рет белгі берілген кезде тез арада өз орындарына тұра қалу. Көбіне мұндай жаттығуларды: қол шапалақтау, дабыл дауысы, сөз, музыканы кілт тоқтату сынды тағы да басқа дыбыстық белгілердің көмегімен орындайды. Мұндай жаттығуларды көзге көрінетін белгілердің көмегімен де жасауға болады. Мысалы: қолды көтеру немесе түсіру, жалаушаны көтеру немесе түсіру т.б.

Бұрылу


Бұл жаттығудың оңға және солға бұрылу, айналу (бір орында тұрып және қозғалыс кезінде) сынды түрлері бар. Олар «аттау» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Бір орында аттау арқылы оңға бұрылу үшін екі рет санаймыз. «Оңға!» командасынан кейін «бір» деген кезде денесімен оңға бұрылып, оң аяғын қойып алады. «Екі» деген кезде сол аяқ оң аяқтың қасына қойылады. Солға қарай бұрылғанда да осындай әдіс пайдаланылады.
4-5 жастағы балаларды бұрылуға үйреткен кезде көзге көрінетін бағдарлар көп уақыт алады (терезе, есік, текшелер т.б.). Мысалы, педагог бір-бірден сапқа тізілген балалардың оң жағына тұрып (3–7 м қашықтықта балаларға қарап тұрады), өзіне қарауын сұрайды: (Маған қарай, бұрыл!»). Содан кейін бұрылатын бағытты атайды (Терезеге, бұрыл!», «Есікке, бұрыл!»).
Балалар оңға, солға бұрыл және айналу командаларын бір орында тұрып, арнайы саптық тәсілдерді пайдаланбай орындайды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет