III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
«Сиқырлы асық» жаттығуының көмегімен эмоционалдық фонды қалпына келтіру. Балаларға асықты көрсетеді. Тілек тілеуді ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 83
Білім беру саласы:Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Асық толы қоржын
Мақсаты: Жұппен қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:мұрын арқылы дем алу, аяқты шектен тыс жоғары көтермей жеңіл әрі ырғақпен жүгіру, жүгіру қарқынын өзгертпей, қолды шынайы қимылдату қабілетін қалыптастыруды жалғастыру. Гимнастикалық орындық үстінде тапсырмалар орындау: орындықтың ортасына дейін барып, кері бұрылу және бастапқы орнына қайтып оралу, өз қимылдарын өзге балалармен үйлесімді етіп жасау. Асықты бір қолмен алысқа лақтыру қабілетін жетілдіру; асықты қолдың күшімен алға-жорғары лақтыру қабілетін дамыту. Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту. Толерантты болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: баяу қарқынмен 1,5 минут жүгіру, жүгіріп келгеннен кейін демін қалпына келтіру, гимнастикалық орындық үстімен жүру, заттарды оң және сол қолмен алысқа лақтыру жаттығуларын, ойындағы рөлдерді. түсінеді: асықтарды қандай мақсатта пайдаланатынын, жүгіру бағыты мен қарқынын қалай сақтауды, ұсақ заттарды алысқа лақтырғанда бастапқы қалыпта қалай сақтауды, биік жерде жүру.
қолданады: жаттығуларды жұппен орындағанда үйлесімді қимылдау және орындық үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау қабілетін, ұсақ заттарды алысқа лақтыру қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.