Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 84



бет284/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 84


Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз күштіміз әрі ептіміз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Спорттық жаттығуларды орындау арқылы бұлшық ет корсетін күшейту. Міндеттері: велосипед тебуге үйрету. Баяу қарқында жүгіруге – 1 минут, қол мен аяқтың үйлесімді жұмысына жаттықтыру. Жерге түсу, аяқтарын тізесінен сәл бүгу біліктерін бекіту. Денешынықтыру жаттығуларымен айналысуға дұрыс көзқарастарын тәрбиелеу, епті әрі жылдам болуға ынталарын қалыптастыруға ықпал ету. Күтілетін нәтиже:
жасайды: велосипедті тура бағытта тебуді.
түсінеді: велосипедке қалай дұрыс отыру және түсуді, педальдарды екпінді түрде айналдыру, тыныс алу жаттығуларын орындау қажеттігін.
қолданады: кеңістікті бағдарлау дағдыларын, аяқты тізеден бүге отырып жерге түсу білігін.
Құралдар мен материалдар: үш дөңгелекті велосипедтер, алаңды шектеуге арналған сызықтар, құрсаулар – диаметрі 70 см.
Денсаулық сақтау технологиялары: жалпақтабанның алдын алу – сіңір аппаратын нығайту және табандағы бұлшық еттердің қозғалу қабілетін күшейту, вестибулярлық аппаратты жаттықтыру, дене сымбатының бұзылуының алдын алуға арналған тепе-теңдік жаттығулары.
Билингвалды компонент: шеңберге тұру – встать в круг, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қалпақтарға назар аударады. Олармен мұқият танысуға шақырады. II. Негізгі кезең. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез ал – тез көтер». Балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «1-2-3 – ал!» – шеңберді айналып жүреді, қалпақтарды алып қоюға тырысады.
Вестибулярлық аппаратқа арналған жаттығулар.
Тепе-теңдік – басына қалпақ киіп, залдың бір жағынан қарама-қарсы бетіне дейін жүру. Қатарға қойылған заттарды айналып, «жыланша» иректеп жүгіру. Жаттығуларды түсіндіру және орындау тәртібін көрсету: қалпақтарды оң жақтан және сол жақтан айналып өту, денесін бұру.
Шеңберден-шеңберге секіру (5 құрсаудан жасалған жол)
Секірудің, жерге жартылай бүгілген аяқпен түсудің реттілігін естеріне салады.
Тәрбиеленушілер қозғалыс басталған сызықтың жанына екі тізбек болып тұрады.
Құрсаудан-құрсауға секіреді, қолы мен аяғының қимылдарын үйлестіруге тырысады.
Секіруді ретімен орындауға тырысады.
Жартылай бүгілген аяқтарының ұшымен түседі. Орындағаннан кейін өз тізбегінің соңына барып тұрады.
Жалпақтабанның алдын алуға арналған жаттығу: «Дауылпаз» Б.қ. – тізені бүгіп еденде отыру. Жаттығуды орындау барысында тізе біртіндеп жазылады.
Үш дөңгелекті велосипедті тебу.
«Орындарыңды ауыстырыңдар»
Тәрбиеленушілер спорт алаңының қарама-қарсы жақтарында тұрады. Педагог қыздарға ұлдармен орын ауыстыруды, велосипедпен жүріп өтуді ұсынады. Қозғалыс бағытын сақтауына назар аударады. Жүрмес бұрын велосипедке дұрыс отыру және түсу біліктеріне назар аударады.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Біз күшті болдық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет