Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Балалар әдебиеті туралы түсінік. Балалар әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет4/19
Дата31.08.2022
өлшемі310,49 Kb.
#148396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
лекция бала ад 15 саг

Әсірелеу. Балаларға арналған халық поэзиясында әсірелеу көбіне өтірік өлеңдер мен күлдіргі өлеңдерде мол болады. Мұндағы өлең оқиғасының мазмұны шындықтан аулағырақ тұрады. Балалар поэзиясында әсірелеу өлең көркемдігін асыру үшін емес, жасөспірімдердің ой сезіміне, қиялына күшті әсер ету үшін қолданылады. әсірелеу бала көңілінің шығармаға берілсе де, қызыға қарауға баулиды.
Бөденеңмен қайырдым бөлтірікті,
Басына қарағайдың көл тұрыпты.
Өзгеге осыным өтірік болса, өзіме шын,
Бір шалды шіркей теуіп өлтіріпті.
әсірелеумен қатар, мұнда балаларды мәз-мейрам етерлік күлкі де бар. Тегінде өтірік өлеңдердің бәрі дерлік әсірелеумен тұрады да, балаларды мол күлкіге шомылдырады. Қазіргі ақындар да өтірік өлеңде әсірелеуді қолданады.
Балалар әдебиетінің теориясын сөз еткенде көркемдік ерекшеліктердің мұндай сипаттарын мол табуға болады.
Кейіптеу. Балалар фольклорында кейіптеу айтайын деген ойға қызықтыру, еліктіру қызметін атқарады. Хайуанаттар мен ұсақ жәндіктер адамша сөйлеп бір-бірімен адамша қарым-қатынас жасағандарына балалар қуанады, күледі. Оған таң-тамаша болады да, ғажап ойға батады.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,...
Балалар поэзиясында айтайын деген ой әрқашан қысқа, дәл, айқын беріледі. Онда бір-бірімен тіркескен шұбыртпалы сөздер, күрделі сөйлемдер кездеспейді. Артық эпитеттер де қолданылмайды. Қазақ балалар әдебиетінің көркем ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу оның өзіндік қасиетін танытуға мүмкіндік береді. Сыр-сипатын білуге, тіл байлығын жете түсінуге, оны игере беруге, үйренуге жол ашады, эстетикалық талғамды, әдемілікті танып білуге баулиды.
Сатира. Балалар фольклорында жағымсыз кейіпкерлерді, оның оқыс мінездерін, іс-әрекеттерін мазаққа айналдыратын сатиралық негізде құрылған өлең, күлдіргі ертегілер де көп. «Алдар көсе», «Тазша», «Тазшаның қырық өтірігі», «Бармақтай бала», «Қаңбақ шал», «Байбай шал», «Қағанақ бас, қыл кеңірдек, ши бұт», т.б. балалар фольклорына жатады.
Күлкі кейде жағымсыз кейіпкерлерді әжуа етуге дейін барады. Күлдіргі ертегілердің негізгі реалистік сатира мен юморға құрылған.
Реалистік сатирада халықтың өз жауымен келісе алмайтыны, жеңбей беріспейтіні суреттеледі. Ал, юморда өзара сын ретінде халық өміріндегі өрескел кемшіліктер айтылады.
Реалистік сатира негізінде жасалған ертегілердің ерекшелігі сын пафосына құрылуынан байқалады. Оның көркемдік күші – Шықбермес Шығайбай, жалмауыз кемпір, Жезтырнақ сияқты жағымсыз кейіпкерлердің типтік образдары арқылы әшкере етуінен көрінеді.
Жағымды кейіпкерлерді Алдар көсе, Қаңбақ шал немес тазшалар бейнесі сияқты әрі қу, әрі айлакер, әрі ақылды, әрі батыл, епті етіп көрсетумен ұтады. Бұл амал халықтың эстетикалық мұратынан туған тапқырлықтың белгісі.
Сатиралық кейіпкерлердегі жағымды кейіпкерлер ғажайып ертегідегі жағымды кейіпкерлерге қарағанда халық көркем ойының жетілген, дамыған жаңа белесінің жемісі сияқты көрінеді. Өйткені, сатиралық ертегідегі кейіпкерлер өмірге тым жақын, балалардың өз басынан кешірген оқиғаларындай сезіндіреді. Сатиралық ертегілерден реалистік өмірдің нағыз өзін көргендей болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет