Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
№
|
Жас кезеңдері
|
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
|
1
|
Жаңа туған сәби
|
1-10күн
|
2
|
Нәрестелік шақ
|
10 күн -1 жас
|
3
|
Сәбилік шақ (ерте балалық)
|
1-3 жас
|
4
|
1-ші балалық шақ
|
4-7 жас
|
5
|
2-ші балалық шақ
|
8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
|
6
|
Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ
|
13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар
|
7
|
Жігіттік, бойжеткендік шақ
|
6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер
|
8
|
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы
|
21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер
|
9
|
Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы
|
36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер
|
10
|
Егде жас
|
55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер
|
11
|
Қариялар немесе кәрілік
|
75-90 жастағы әйелдер мен ерлер
|
12
|
Ұзақ өмір сүрушілер
|
90 жас және одан
|
Дәріс №2 Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы
Дәріс мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылымы және оның ақпаратты қабылдаудағы, өңдеудегі және берудегі рөлі, нейронның құрылымы мен қасиеттері, синапстар мен жүйке орталықтары, рефлекс, рефлекторлық доғалар, рецепторлар, ОЖЖ-де қозу, ОЖЖ-де тежелу, қозу мен тежелу процестерінің өзара әрекеттесуі туралы көзқарасты қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1. Жүйке жүйесінің функциясы. Жүйке жүйесінің құрылысы. Нейрон – жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігі ретінде.
2. Синапс, құрылысы және қызметтері. Медиаторлар.
3. Рефлекс. Рефлекторлық доға.
4. ОЖЖ қозуды өткізу және тежелу.
5. ОЖЖ-нің бөлімдерінің физиологиясы.
6. Вегетативті жүйке жүйесі.
Жүйке жүйесінің функциясы. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады.
Жүйке жүйесінің қызметі:
тітіркендіргіштерді қабылдау;
ақпаратты өткізу және өңдеу;
координациялаушы,
реттеуші және бағыттаушы қызметтері,
жауап және бейімделу реакцияларын түзу, жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметін және психиканы қосқанда.
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Жүйке – бұл жабын қабықпен қапталан жүйке клеткаларының ұзын талшықтарының шоғыры.
Жүйке жүйесі бөлінеді:
ОЖЖ (ми және жұлын);
Перифериялық:
а) Соматикалық,
б) Вегетативті: парасимпатикалық және симпатикалық
Нейрон (нейроцит) - ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады:
- қысқа тармақталған өсіндісі - дендрит;
- ұзын өсіндісі - аксон.
Достарыңызбен бөлісу: |