А Б
А: 1 – аксон денесі; 2 — митохондрия; 3 — синапс көпіршіктер,
4 — пресинапс мембранасы, 5 — синапс саңылауы, 6 — постсинапс мембранасы, 7 — рецепторлар және келесі нейрон дендритінің саңылаулары.
Б: қозудың өту бағыты
Сурет 1 – Синапс құрылысы және қозудың өту сызбасы.
Жүйке клеткасының құрылысы:
Нейрондардың классификациясы:
Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі:
сезімтал (афференттік),
қозғалтқыш (эфференттік),
аралық,
тежеуші нейрондар.
Тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі:
Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қызмет жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын.
Синапс ұғымын физиология ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон.
Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады.
Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген:
- пресинапстық;
- постсинапстық;
- синапс саңылауы.
Әр түрлі белгілеріне байланысты синапстар классификациясы:
Орналасу орны бойынша
|
Клеткада орналасу орны бойынша
|
Функциясы бойынша
|
Қозуды өткізу механизмі бойынша
|
нейронаралық
|
аксо-соматикалық
|
қозғыш
|
химиялық
|
перифериялық
|
аксо-дендриттік
|
тежеуші
|
электрлік
|
аксо-аксондық
|
аралас
|
дендро-дендриттік
|
Қозуды тасымалдайтын химиялық заттар – медиаторлар.
Медиатор – қозу процесін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.
Медиаторлардың түрлері:
Ацетилхолин, катехоламиндер: адреналин, норадреналин, дофамин;
Серотонин: 5-гидрокситриптамин;
Бейтарап аминқышқылдары: глутамин, аспарагин қышқылы;
Тежеуші медиаторлар: глицин, гаммааминмай қышқылы (ГАМҚ), Р-заты, энкефалин, самотостатин.
Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы.
Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалысмдары И.М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин.
Достарыңызбен бөлісу: |