Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Организмнің өсу мен дамуының жалпы заңдылықтары



бет8/11
Дата27.09.2024
өлшемі461,39 Kb.
#205254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
жас ерекшелик

ОЖЖ бөлімдерінің физиологиясы
Ми тұрады: жарты шарға ұқсас қос ми сыңарларынан, мишық және ми бағанынан.
Ми бөлімдері: артқы ми (варолий көпірі, сопақша ми), мишық, ортаңғы ми (қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым), аралық ми (көру төмпешігі - таламус, көру төмпешігінің астындағы құрылым – гипоталамус), алдыңғы ми (ми сыңарларының қыртысы, қыртысасты базальдық ядролар).
Сопақша ми. Сопақша ми артқы ми мен жұлынның арасында орналасады. Ересек адамның сопақша миының ұзындығы 30 мм. Сопақша ми ядролары:

  • тілжұтқыншақ - 9 жұп;

  • Кезбе жүйкесі (блуждающий) - 10 жұп;

  • Қосалқы (добавочный) – 11 жұп;

  • Тіласты – 12 жұп;

  • Үшкіл (тройничный) жүйкесінің бір ядросы – 5 жұп;

  • Тыныс алу, қан айналу орталығының ядросы, зәйтүн (олив), нәзік (тонкое) және сына (клиновидный) жүйкелерінің ядролары;

Сопақша мидың ядролары шартсыз рефлекстердің орталығы болып табылады:

  • Қорғаныш (жөтелу, түшкіру, сілекей бөліну, құсу);

  • Қоректік (ему, жұту);

  • Жүрек-қан тамырлар (жүрек пен тамырлардың әрекетін реттейді);

  • Тыныс алу (өкпе вентиляциясы, тыныс алу тереңдігі мен ырғағы);

Варолиев көпірінің негізгі қызметі:

  • рецептордан келетін жүйке импульстарын бақылау,

  • сопақша мидың тыныс алу орталығын ортаңғы бақылаушысы,

Мишық. Мишық кіші ми, салмағы 120-150 гр. Ол екі жарты жардан және ми құртшасынан тұрады.
Қызметтері:

  • Дененің қозғалыс координациясы,

  • Бұлшықет тонусының қалыпты таралуын,

  • Ішкі мүшелердің әрекетін реттейді,бұл организмнің барлық функцияларының реттелуінің жоғарғы бейімделу орталығы.

Мишықтың зақымдалуынан мынандай патологиялық жағдайлар болады:

  • Астазия – тұру қабілетінен айырылады,

  • Атония – табиғи тонусынан айырылады, солбыр (вялость),

  • Атаксия – қозғалыстың біркелкілігі, ділдігі бұзылады,

  • Астения – әлсіздік,

  • Ішкі мүшелердің қызметтері бұзылады.

  • Мишық қаңқа бұлшықеттерін және мүшелер жұмысын басқару бойынша ми сыңарларының қыртысының көмекшісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет