Рефлекторлық доға 5 бөлімнен тұрады:
1. рецептор,
2. афферентті немесе сенсорлы, сезімтал, орталыққа баратын жол,
3. жүйке орталығы – ОЖЖ участогы,
4. эфферентті, немесе қозғалтқыш, моторлы, орталықтан келетін,
5. жұмысшы мүше немесе эффектор.
Биологиялық бағыттануы бойынша рефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық, ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу.
И. П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады.
ОЖЖ қозуды өткізу:
Жүйке орталығында қозу бір бағытта жүреді;
Қозу әр синапста 0,2-0,5 мс кідіріп, жүйке орталығына баяу өтеді;
Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды;
Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді;
Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне тең бола бермейді.
Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатын жауап (рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ.
ОЖЖ қозуды өткізу:
Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесінде өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция (тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс - конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан келіп түскен серпіністердің бір немесе азғана нейронда жиналуы.
1862 жылы И.М. Сеченов ашқан жаңалық - орталық жүйке жүйесінде туған қозу тап осындай екінші бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді.
Орталықта қозу жинақталуымен қатар окклюзия (бітелу) құбылысы да жүріп жатады.
Жүйке орталығы үздіксіз тонуста болады.
Әрбір жүйке орталығы кейбір фармакологиялық заттарға (эфир, хлороформ, барбитураттар, апоморфин, лобелин т.б.) өте сезімтал келеді.
Орталық жүйке жүйесі оттегінің тапшылығына (гипоксия) өте сезімтал. Гипоксияға әсіресе ми қыртысының нейрондары шыдамсыз, ол тіпті 5 минутке шыдамайды: нейрондар зақымданады, жойылады. Сопақша ми нейрондары 25 минуттік гипоксиядан зақымданады.
Достарыңызбен бөлісу: |