Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 17 Дәріс тақырыбы



бет24/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 17
Дәріс тақырыбы:
Педагогикалық қатынас және оның функциялары

  1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні.

  2. Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас.

  3. Педагогикалық қарым-қатынастың коммуникативтік міндетпен байланыстылығы.

  4. Коммуникативтік дайындық – педагогикалық қарым-қатынастың элементі ретінде.

Дәріс мақсаты:
қарым-қатынастың элементі-коммуникативтік дайындық туралы түсінік қалыптастыру Дәріс мәтіні
1. Өмір, тіршілік адамдардың, бір-бірімен араласуынан, қарым-қатынастан тұрады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінеміз? Қарым-қатынас ұғымы – адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Өмірдегі әр түрлі тіршілік жағдайына, өмірлік, қоғамдық қажеттілікке қарай адамдар арасындағы қарым-қатынасты бөліп қарауға болады. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы аса бір жылылықпен еске түсіндіруі жиі кездеседі. Бұл қарым - қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұғалім мен оқушы – әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекеттің тәрбиеленушіге сәтті ықпал ететіні сөзсіз сенеді. Алайда баланың бағынуы, келісімі, эмоциясы, іс-әрекеті міндетті түрде ескерілуі керек. Мұғалім үшін кері байланысты түсініп, қабылдауы өте мағызды. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушінің жан дүниесіне саңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандық қасиеті» айқын көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен әңгімесі өзінің монологын, ал мазмұны ескетумен толы болады.
Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «мен» ұғымын ендіру. Бұл оңай емес, өткені өзіне ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін психологиялық дайындық қажет. Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастырғанда субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарым-қатынаста оның психологиялық ерекшелігін ескеріп, оған уақыт беру қажет.
Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым-қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. Сөз жүйесі, сөйлемдер айтылуы тез әрі түсінікті болуы шарт. Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең бастысы – іскерлік қарым-қатынаста екі жақты пікірдің келісім табуы. Білімділіктің, кәсіби шеберліктің жемісі ең басты нәтиже болмақ.
Ол үшін:

  1. сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы;

  2. уақытты шебер пайдалану;

  3. істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы;

  4. мұғалім білім, білік, кәсіби шеберліктің шебері болуы;

  5. құқықтық білімнің болуы;

  6. сөз мәдениетін меңгеруі;

  7. азаматтық, адамгершілік тәртіптерді қатаң сақтау;

  8. әдеп нормаларына сай жүріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне мән беру.

Сыныппен алғаш кездескен жас педагогтар, жаңадан үйретіп жүрген тәрбиешілер, практикадағы студенттер сыныппен қарым-қатынас жасаудың қиын екенін айтады. Педагогикалық практика кезінде мынадай сұрақтарды жиі естуге болады. «Балалрмен қалай сөйлеу керек?», «Әзіл айтуға бола ма?», «Балалар неге тыңдамайды?», «Бұйығылық пен ұялшақтықты қалай жеңуге болады?» т.б. осы сұрақтардың барлығы – педагогикалық қарым-қатынасты меңгере білмеудің нәтижесі. А.С. Макаренко былай деп жазған болатын: «Мен үшін менің практикамда, сондай-ақ сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай түкке-тұрмайтын қала тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрыс отырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».
Балалармен педагогикалық өзара әрекетте ұсақ-түйек жоқ барлығы да, көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы және т.б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз.
Өз тобында мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр нәрсе туралы әңгіме дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.). Ал енді сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында жанағы айтқан сөздерін қайталап көрсін. Сонда қарым-қатынас жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:

  1. Әңгімені қалай бастауды білушілік.

  2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.

  3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.

  4. Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түсінік.

  5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені онша айқын еместік.

  6. Жұрт алдында сөйлесуге дағдыланбағандық.

  7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.

  8. Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерді атқару компоненттерін қажет етуі.

  9. Өзіңізді дұрыс түсіну үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.

  10. Таңдаушыны қызықтыруға тырысу.

  11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.

Байқаған боларсыздар, көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым қарым-қатынасты барынша жаттықтыра түсу қажет. Тек осындай кәсіптік педагогикалық қарым-қатынаста, оған қоса балаларды шынайы жақсы көргенде ғана педагогикалық процестің бүкіл мәні айқындала түседі. В.А. Сухомлинский айтқандай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баулап алу өнерімен көрінеді.
«Балаларға іскерлікпен табанды түрде айтылған жақсы сөздің - деп жазды А.С. Макаренко, - орасан зор маңызды болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формаларымызда әлі де көптеген қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет».
А.С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің және басқа да көрнекті совет педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық тәжірибелер мынаны көресетеді: балалармен өте оңтайлы, қарым-қатынас жасай білу көп жағдайда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. А.С. Макаренконың педагогикалық тәрбие ықпалындағы тамаша үлгілері; В.А. Сухомлинксийдің педагогикалық жұмысындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.
Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Қарым-қатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға алғаш рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Психологияда ең алғаш рет А.Ф. Лазурский көзқарасын дамыта отырып, тұлға қарым-қатынасының психологиялық құрылымы санасымен, өмірге қатынасымен анықталады. Саналы тұлға қарым-қатынастың күрделі динамикалық жүйесін білдіреді.
Ал В.Н.Мясищев қарым-қатынас түсінігінің маңызын аша отырып, психологиялық тұлғаның белсенді, таңдамалы бағытының, іс-әркетінің сипатын, мінез-құлығында көрінетін ерекшелігіне талдау жасайды.
Сондықтан, қарым-қатынас адамда шындықтың объектісін танып білудің нәтижелерін, қатынасын психикалық ерекшелік ретінде түсіндіреді
2.Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселесіне талдау жасағанда кері қатынас барысында рефлексивтік жағдай төмендеп және диагностика нақты болмай қалуы мүмкін, бірақ, бұл, көбінесе, ескеріле бермейді. Сол себапті педагогикалық қарым-қатынастың технологиясын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттердің орындалу сатысы төмендегідей болмағы ләзім:

  • қарым-қатынас жағдайына бейімделу;

  • сырттағы адамдарды өзіне қарату;

  • нысанның жан дүниесін жаулап алу;

  • сөздік қарым-қатынасты іске асыру;

  • эмоционалды және мазмұнды байланысты ұйымдастыру.

Педагогикалық қарым-қатынас келесі бөліктерді қамтиды және педагогикалық үрдіске (ой қорыту, талдау және баға беру) сәйкес бір қарқындылыққа ие болады:

  • мерекелік шараға немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қарым-қатынасты қалыпқа келтіру;

  • қарым-қатынастың үзбей ұйымдастырылуын қамтамасыз ету (қарым-қатынастың басталу кезеңі);

  • педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару.

3.Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың технологиялық мазмұны “коммуникативтік міндетпен” тығыз байланысты және бір жүйеде қалыптасады. Коммуникативтік міндеттің өнімділігі төмендегідей жұмыстардың мазмұнынан көрінеді: белгілі жағдайды талдау, тиімді шешімді табу, таңдау, коммуникативтік өзара әрекеттестік және нәтижесін талдау.
Мысалы, педагогикалық жағдаятқа талдау жасау, ең дұрыс жауапты таба білу, әдістеменің бағытын табу және педагогикалық әрекеттің мазмұнын аша білу керек. Барлық педагогикалық міндеттің шешімін табу мақсатында педагог қарым-қатынас технологиясын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырудың жолдарын қарастырып, іздестіреді.
Сонымен бірге, коммуникативтік міндеттер педагогикалық міндеттер болып табылады, яғни коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттерді орындау барысында педжагогикалық көзқарастарға әсер ете отырып, оның коммуникативтік қабілетінің жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.
Кейбір педагогтер коммуникативтік міндетті педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде есепке алмайды. Жалпы айтқанда, коммуникативтік міндеттер хабар алуға және оны жалғастыру үшін қолданылады. Сонымен бірге педагог коммуникативтік міндеттерді шешу барысында екі негізгі мақсатқа жүгінеді: оқушыларға хабарды жеткізу немесе белгілі бір әрекетке ұмтылдыру.
Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың туындау және мағлұматтарды жинақтау бөліктері мінездемелеу болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынасты модельдеу өзара әрекеттестік жүйесін айқындаумен байланыстырылады. Осы педагогикалық өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық міндеттер коммуникативтік міндеттер ауысуын қамтамасыз етеді және олардың сәйкестігін айқындау маңызды рөл атқарады.
Коммуникативтік дайындық жас маманға сабақты бастаудағы педагогикалық қарым-қатынастың аса маңызды элементі. Оның іске асуының технологиясына негізгі негізгі элементтің бірі ретінде төмендегілер жатады:

  • белгілі бір топқа немесе ұжымға нақты білім беру барысын елестету;

  • нақты ұжыммен қарым-қатынас жасау барысында нақты топқа сәйкестендіру және жағымды эмоционалды жағдайды қалыптастыра келе жағымсыз әсер ететін факторлардың туындауына жол бермеу;

  • бұл топқа қарым-қатынастың қай түрі сәйкес келетіндігін анықтау;

  • сабақтағы материалды және сыныпты қалай қабылдайтындығына көңіл бөлу;

  • қарым-қатынас стилін (оқытушы, дамытушы, тәрбиеленуші) күн талабына сәйкестендіру;

  • конспектімен жұмыс жасауды сабақтың бір бөлігі және фрагменті ретінде жоспарлау және психологиялық ауанды бір қалыпқа келтіру, т.б.

Шапшаң ұйымдастырылыған педагогикалық қарым-қатынаста педагог барлық күш-жігерді өзі иемденеді және басқару барысында қолданады. Егер қарым-қатынас барысында оны тез иемдене алатын болса, ол өзінің педагогикалық стилін сезініп, қарым-қатынаста өзін сенімді, жоғары деңгейде көрсете алады.
Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынастың шынайы тұрғыдан әр түрлі жолдары бар. Яғни, жоғары оқу орнына қабылданған студенттерді алғашқы күндерден бастап-ақ оқуға ынталылығын арттыруға ұмтылып, қарым-қатынас мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табылады. Себебі, студент қауымның ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан “нашар” көрінгісі келетін студент жоқ.
Студенттер арасында қарым-қатынас мәдениетін қамтитын саулнамалар жүргізгенде, олардың ой-пікірлерін сарапқа салып тұжырымдағанда, соның нәтижесінен алынған мәлімет мынадай үш деңгейге сәйкестендірілді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет