І деңгейі (жоғары)
|
ІІ деңгейі (орташа)
|
ІІІ деңгейі (төмен)
|
Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы бір қалыпты, әңгіменің бағыт-бағдарын тез ұғынып, сөзді бөлмейді. Әңгіменің барысында мақсат қоюға дағдыланған, қоғамдық орындарда мінез-құлық дағдысы, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдысы бекітілген. Құрбылармен қақтығыс барысында юмормен кикілжіңсіз шығып кете алады.
|
Сөйлеу икемділігі бар, бірақ көп жағдайда әңгімені ұштастыра алмай қалады. Дегенмен, әңгімені мұқият тыңдап, сөзді бөлмейді. Өзін-өзі бағалауы орташа, орташадан жоғары. ҚҰрбылармен ренжісу барысында сөз таластыруға дайын, алайда, өзін-өзі тез меңгереді. Әңгімені өз бетінше іліп алмай, өзгелердің сілтемесін қажетсінеді.
|
Қарым-қатынаста сөйлеу дағдысы, сұрақ қою икемділігі төмен. ҚҰрбылармен сөз таластырып, айқай, дау-жанжалға, төбелесуге дейін бар. Әңгіменің барысын жүргізе алмайды (өз бетімен). Рухани-сөздік тұрғыдан өзін-өзі реттеу қабілеті төмен. Сөздің барысында мақсат қоя білу икемділігі жоқ.
|
Осы әдістеме негізінде қарым-қатынас мәдениетінің негізгі үш бөлігін айқындадық, олар: білім, дағды, икемділік. Ал қарым-қатынас үрдісінде сабақ үстіндегі әр түрлі оқыту мәселелерін шешу барысында әр түрлі педагогикалық функциялар қолданылады. Атап айтқанда, мына функциялар: сүйемелдеуші, басқарушы, ұйымдастырушы.
Болашақ маман иесі тек оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырып, басқарып қана қоймай, оның оқу әрекетін айқындаудың жолын табатын педагогикалық коммуникативтік міндеттерді шешуге талпынуы тиіс-ақ.
Бақылау сұрақтары:
Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік міндеттердің орындалу сатылары.
Педагогикалық қарым-қатынас бөліктері қандай?
Коммуникативтік міндеттің өнімділігі неге байланысты?
Коммуникативтік дайындықыт жүзеге асырудағы элемменттер қандай?
Студенттерді педагогикалық қарым-қатынасқа қалай тәрбиелеуге болады?
Достарыңызбен бөлісу: |