Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 19 Дәріс тақырыбы



бет27/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 19
Дәріс тақырыбы:
Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
1.Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызметі, стилі.
2.Педагогикалық епті игеру шарттары.
Дәріс мақсаты:
қарым-қатынастың элементі-коммуникативтік дайындық туралы түсінік
Дәріс мәтіні
Әлеуметтік перцепция адамдарды бірлестіріп , қарым - қатынас жасауға мәжбүр қылатын іс - әрекет.
Қоршаған ортада адамдар жеке - тұлғаның бейнесін қалыптастыруда онвң бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл атқарады. Адам бейнесін қабылдауда нақты айырмашылық бар.Қабылдаудың дәлдігі түрлі адамдарды ажыратуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік перцепция зерттеулерінде өзін - өзі танып білу өзекті мәселе болып табылады. Осы мәселе адамды күрделі өзін реттеуші жүйе ретінде түсінуде аса маңызды. Америка психологтарының тұжырымдамасына сәйкес адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы үш әлеуметтік блоктан тұрады: когниtивті , эмоциялдық - бағалаушы және реттеуші. Когнитивті блоктың қызметі - өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау , эмоциялдық - бағалаушы қызметі - өзінің мүмкіндіг мен қабілеттілігін бағалап , өзіне деген көзқарасты бағалау , реттеуші блоктың қызметі - өз тәртібін және іс - әрекетін реттеп , кері байланыс арқылы өзі туралы мағлуматты коррекциялау. Өзін - өзі қабылдау дегеніміз - адамдардың өзін басқалармен салыстыруы , өзін басқалардың қабылдауын сезінуі , өз әрекетінің нәтижесіне сәйкестігі және сыртқы кейпін қабылдаудан тұрады.
Әлеуметтік перцепцияда аса маңызды болып қарым - қатынастың вервальсыз әдістері табылды.
Жеке - дара қатынас процесінде адамдардың бірін - бірі қабылдаудың негізгі әдіс - жүріс , қимылы , дауыс ырғағы , ымдау маскасы. Мысалы, аудиторяда алдында сөйлеп тұрғанда кейбір қимылдар тыңдаушыларға қысым , сыйламау , тәкәппарлық болып көрінеді. Егерде сөйлеп тұрған адам бір аяғынан екінші аяғына аударылып , қозғалып тұрса сенімсіздік туғызады. Артық шапшаң қимылдар аудиторямен байланысқа түсуге кедергі болады.
Экспресивті психологияны күнделікті қолдану маңызды қимыл - қозғалысты дамытып қана қоймайды , сонымен қатар жалпы жеке адамның қалыптасуына әсер етеді. Жеке даралық қатынаста өзі туралы мәлімет , өзінің тәртібі , сонымен қатар өзге адамдардың қылығына жауапты реакцияны көрсету маңызды. Кері байланыс арқылы адам өзінің тәртібін икемдеп , онвң тиімді жолдарын қарастырып , өзін бағалауды қалыптастырады. Кері байланысты жасай білу , қарым - қатынас жүйесінде компоненттілігін көрсетеді.
Әдетте адам өзі туралы мәліметтерді іс - әрекеті барысында бақылай алады. Егерде қарым қатынас өзінің тәжірибесі мен ббейнесімен сәйкес қабылданбаса , онда жеке тұлға қарым - қатынаста адам оқшаулану жағыдайына сезінеді. А.А. Леонтьев зерттеулерінде бұндай ситуацияларда оқытушыда пайда болатын қорғаныс жүйесі балаларға педагогикалық ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адам қарым - қатынаста қиыншылықтарға кездеседі. Психолг В. А. Лабунская тұжырымдамасы бойынша қиын қарым - қатынас әлеуметтік - психологиялық феномен ретінде , адамдардың өзара түсініспеушіліктер формасында шынайы жағыдайларда байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс , бір сөзге жауап беру , дауыс ырғағын жоғарылату , адамды тыңдай алмау , әңгімені жалғастырмау , байланысқа түсе білмеу , көздер байланысының болмау , дөрекілік , серіктесін кемсіту , менсінбеу , серігінің пікіріне құлақ аспушылық. Қарым - қатынас қиыншылығы ішкі күйзеліс жағымсыз эмоциямен білінеді және қарым - қатынастың бұзылуы да тұлға үшін жеке қиыншылықтар туғызады.
Психологтар өзара қарым - қатынас кедергілерінің алты типін көрсетеді;
- ситуациялық кедергілер , жағыдайды әр түрлі түсіну , жағыдайға әр түрлі деңгейде ену;
- мағыналық кедергілер , алдыңғы хабарға байланыссыз айтқанды қабылдау;
- мотивациялық кедергілер , бір - бірімен қатысты не себепті жасайтынын түсінбеу;
-өзге адам туралы түсінігі болмау;
-өзге адамдағы мәдени деңгей,қажеттілігі,қызығушылығы бағыттылығына қарай қате бағалау;
-кері байланыстың болмауы
Егер өзара қарым-қатынасқа түсетін адамдар түсініспеушіліктің деңгейін анықтай алса және қарым-қатынас жасаған адамды түсінем деп өзіне сенімді болса,олардың арасында қарым-қатынас пайда болады.Қарым-қатынасқа түсушілер өздерінің саналарында бір-бірінің ішкі жан дүниесін ұғуға сезімдерін түсінуге,қылықтарының себебін анықтауға тырысады.Бөгде адамдарды тану ғана жеке адам қатынас деңгейін жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді.Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-бірінің жан дүниесін түсініп,қабылдағанда ғана қатынас деңгейі соғұрлым жоғары болмақ.Қарым-қатынастың дамуына аз дегенде екі адам қатынасады.Қатынасқа түсушілер бірін-бірі тануда,қабылдауда маңызды қарым-қатынас механизмін меңгеруі тиіс,олар идентификация,рефлекция және стреотифизация.
Адамзат болмысының бөлінбес бөлшегі бола отырып қарым-қатынас жеке адам дамуының құралы мен басқаруы бола алады.Ол арқылы адам қоршаған орта,әлеуметтік ортамаен әр турлі контактіге түсіп,қоғамдық мәдени және адам құндылықтарына жақындасуы,өзін-өзі тануы,дүниемен өзара байланысы қалыптасады.Бөгде адамға бір нәрсені қабарлағанда нұсқау бергенде немесе сұрақтар қойғанда,яғни онымен өзара байланыс жасағанда жеке адам өзінің қатынасының пайдалы екендігі жайында қажетті хабар алады.
Адам арасындағы қарым-қатынас және түсініспеушілікке жету басшы қолданатын әдіске байланысты.Сыйластық формасында басқару адам тұлғасы,оның белсенділігі,тәртіптілігі,әдптілігінің қалыптасуына мүмкіндік береді.Сонау ерте заманның өзінде-ақ адам жалғыз жүріп мақсат-мұратына жете алмайтынын,айналысындағылармен бірлесіп өмір сүру адамдардың табиғи қажеттілігі екендігін,тіпті өмір сурудіңде мұнысыз мүмкін еместігін адамзат жақсы аңғарған.
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.Педогогикалық қызметтің өнімділігі көбіне мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас технологиясын меңгеру деңгейіне байланысты.Білім берумен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде кездесіп отыратын түрлі қиыншылықтардың болуы мұғалімнің балалармен дұрыс қарым-қатынас ұйымдастыра алмауынан тұрады.
Психологиялық қызмет пен байланысты қарым-қатынас бұл оқудың міндеттерін шешудің құралы,әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етілген білім беру процесі,педагокпен балардың оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасауы.Педагогикалық қарым-қатынас технологиясының жоспардағы ерекше шығармашылық типі ретінде ақпаратты бере алуда,оқушының жағдайын түсінуде,балалармен өзара қарым-қатынас ұйымдастыруда,қарым-қатынас серігіне әсер ету өнерінде,өзінің психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады.
Педагогикалық міндетті шешудің барлық кезеңдерінде педагок саларға сәйкес қалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады,соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.Жалпы коммунникативті міндет баяндау және ынталандырудан құралады.Баяндау түрлері;өзінің баяндауы,мәлімет беру,хабарлау т.б.Ынталандыру түрлері;бұйрық,талап ету,ескерту,ақыл беру және т.б
Коммуникативті міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде қарастырылады.Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің қызметі белгіленген;
-ынталандырушы
-жауап беруші
-бақылаушы
-ұйымдастырушы.
Нақтылау кезінде педагок алдыңғы кезеңдерде жинақтаған қарым-қатынас жағдайын және мүмкін болатын міндеттерді нақтылайды.Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады.Коммуникативті міндетті шешудің негізгі кезеңі вербальды қарым-қатынасты жүзеге асыру.Мұндай қарым-қатынасты жүзеге асыру жетістігі,педагоктың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысы,жарқын нақты сөйеу,тілдік әдістерді дұрыс таңдай білу,ақпаратты беру мәтінін логикалық түрде құрастыра білуі интонациясына байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас-коммуникацияны орнату,дамыту,ұйымдастыруға бағыттау,ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметтік нормативті формасы .
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас бұл -оқу міндеттерін шешу құралы,оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету;оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педогог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педогогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер;
-ақпаратты беру іскерлігі;
-оқушы жағдайын түсіну;
-балармен өзара қарым-қатынас орнату;
-қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу;
-өзінің психологиялық жағдайын басқара алуы және т.б.
Кәсіби педогогикалық қарым -қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады.Коммуникативті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер.
Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик):

    1. Болашақ қарым-қатынасты модельдеу (жобалау кезеңі).

    2. Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуникативті шабуыл).

    3. Дамып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару.

    4. Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау және оны келесі іс-әрекетте модельдеу.

Мұғалімнің қарым-қатынас стилі – бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен, басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балалаларға, оқушылар ұжымына деген көзқарасының, қарым-қатынасының сипаты.
Педагогикалық қарым-қатынас стилінде педагогтың коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың шығармашылық даралығы, педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері көрінеді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.
Басқару стильдерін алғашқы экспериментальдық психологиялық тұрғыдан зерттеуді 1938 жылы неміс психологы Курт Левин жүргізген. Зерттеу барысында қарым-қатынас стильдерін жіктеу енгізіліп, осы күнге дейін қолданылып келеді. Олар: авторитарлық, демократиялық және бейтарап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет