Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет29/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Бейтарап стиль педагогтың іс-әрекетке мүмкіндігінше аз араласу ұмтылысымен сипатталады, мұғалім белсенділік танытуға жоқ. Берілген тапсырманы мұғалім немқұрайлы, формальды түрде орындайды. Жауапкершіліктен бас тартуға бейім.
А.А.Леонтьев коммуникативті міндеті проблемалық ситуатцияларды бағыттау нәтижесі деп анықтап,оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.
Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді;
Оқушыларға ақпарат беру:
оқушыларға әсер ету әрекетке ынталандыру.
Коммуникатвті міндеттерді шешудің кезеңдері:
1 )қарым қатынас жағдайына бағытталу;
2)зейінді аудару;
3)обьектінің «жанын жаулау»;
4;вервальды қарым қатынас орнату;
5)эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру.
Қарым қатынаста лидер жетекші деген ұғымдарға ерекше мән беріледі.Зерттеушілер осы аталған ұғымдардың бір біріне айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады.Мәселен,Л.Д.Столяренко зерттеулерінде лидер,жетекші ұғымдарының айырмашылықтары жақсы көрсетілген.Лидерлер мен жетекшілердің стилінің үш түрі болады.Ол авторитарлық өктем директивалық басшылық деген мағынада, демократиялық либеральдық болып бөлінеді.Басшылықтың осындай түрлері оқытушылар ұжымы арасында жиі кездеседі.
Педагогикалық қарым қатынас стильі дегеніміз педагог пен оқушы арасындағы қарым қатынастың жеке типологиялық ерекшеліктері қарым қатынастың сыртқы көрінісі.
Педагогикалық қарым қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін,педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым қатынастың сипатын,педагогтың шығармашылық ерекшелігін,оқушылардың ерекшелігін көрсетеді.
Педагогикалық қарым қатынас стильдері таза күйінде кедесе бермейді.Педагогикалық практикада қарым қатынас стильіндегі аралас түрде кедеседі,көбінесе бір стиль басымдылықта болады.Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.
Педагогикалық қарым қатынас стильдерінің басқа да түрлері де кездеседі(В.А.Кан-Калик бойынша):
-Бірлескен шығармашылық іс әрекете негіделген қарым қатынас стилі.
-Достық қарым қатынасқа негіделген қарым қатынас стилі.
-Дистанция стилі.
-Қорқыту стилі.
В.А.Кан Каликтің белгілеуінше,кәсіби педагогикалық қарым қатынастың құрылымы мынадай;
-Педагогтың оқушылармен қарым қатынасын жобалауы.
-Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру.
-Педагогикалық үрдіс барысында қарым-қатынасты басқару.
Жүзеге асырылған қарым қатынас жүйесін талдау және оны болашақ іс әрекетке сәйкес жобалау.
Бұдан басқа,мұғалімнің мынадай қарым қатынас стильдері белгілі;авторитарлық стиль,демократиялық стиль,либералды стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес,педагогикалық әсердің обьектісі ретінде қарастырады.Мұғалім шешімді өзі қабылдайды,жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды.Авторитарлы стильді ұстанатын мұғалім өте қатал,өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды,оқушылар өз ойын,пікірін ашық айта алмайды.Олар қорқақ,пассивті рөл атқарады.Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнен қорыққанын орындайды.Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да,мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
1)Өзара қарым қатынастардың және коммуникативті әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері.
Жаттығушылармен өзара қарым қатынас өзіндік жауапкершілік пен өіндік бастаманы басып тастау негізінде құралды.Тапсырмалар мен бұйрықтарды еркін талдауға жол берілмейді.Топтың пікіріне көп көңіл бөлмейді.Көбіне іскерлік белсенділікке салынады,кейде жеке тұлғалыққа да салынады.Жаттығушылардың өзара қатынасына көп көңіл бөлмей олардың іскерлік қарым қатынасын белсенді түрде ұйымдастырады.Оқушыларын түсіне білетіндігіне сенімді,бірақ топ ішіндегі құрылымды адекватты түрде қарастырмайды.Күрделі проблемалы жағдайлар көп туындайды.
2)Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері.Көбіне топқа емес,жеклеген оқушыларға көңіл аударады.Өткір және ирониялық дауыс ырғағын жиі қолданады.
3)Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.Өзіне сенімді принципшіл,адамдарға талап қойғыш,ұстамсыз,қайырымдылығы аз,шулы.
Авторитарлы стильдің нақты жаттықтырушысының сипаттамасы.
Өз өзін сенімді ұстайды,оқушыларға біршама биік көзқараспен қарайды.Барлық топты көз алдында ұстайды,барлық қателіктерді көріп,сәтті және сәтсіз әрекеттерді қадағалап отырады.
Жаттығушыларды ескертулер жалықтырып жібереді.Бірақ олар жаттықтырушыны ауыстыруды ойламайды.Бұлай ойлайтындар негізінен топтағы құндылықты,жаттықтырушымен келіспеушілікті ойламайтын,топтан шығып қалғысы келмейтін,жолдастарының қолдауын байқамайтын әлсіз ойыншылар.
Жаттығушылар жаттықтырушының кәсіптік сапалы қасиеттері,түсіндіру дағдысын қоғалысын бағалай біледі.Жаттықтырушы үздік фиикалық ақпаратты бар спорт шебері болып табылады.I сенат алатындықтарына сенеді де,жаттықтырушының қойған талаптарын үздісіз орындап отырады.
Кейде жаттықтырушының жеке тұлғалық қасиеттерін жаттықтырушылар төмен бағалайды.Сауалнамалардағы сұрақтарға жартысынан көбі былай жауап береді:»Сіз өге жаттықтырушыға ауысқыңыз келе ме?»деген сұраққа:»Жоқ.себебі мен келесі жаттықтырушының қандай болатынындығын білмеймін».Ал»сіз үздік жаттықтырушыны осылай болады деп ойлайсыз ба? деген сұраққа көпшілігі мынадай жауап берді:»Жоқ мұндай емес».
Мұндай кезде жаттықтырушы да топқа сай бағаларын беріп жатады ;»Жалқау тек айқаймен ғана жұмыс жасайды».Жаттығушылар оған ешбір сұрақ бойынша жолыққылары келмейді және сабақтан тыс кезде онымен сөйлеспеуге тырысады.
Олар өдерінің мінезімен жұмыс стильне қарай оқушы ұжымын басқаруда түрлі әдістер мен айла тәсілдер қолданады.Мәселен,басқару жүйесіндегі кейбір оқытушылар жұртпен санасып жатпайды түрлі тәрбиелік шаралары атынан жүргізіп шәкірттер инициативасымен орындалған іске сенімсіздікпен қарайды балалардың өзінше пікір айтуына шыдай алмайды.Мұндай ұстаз оқушылармен олардың ресми құқылары міндеттері және жауапкершіліктері тұрғысынан ғана қатынас жасауға тырысады .Осындай жетекшіліктің басты кемшілігі маңызды шешімдермен шаралар қабылдауда жоспармен жүйелі жинақтылық болмауы мұндай жетешінің ең осал жері ұжым мүшелерінің бастамасын басып шығармашылық күшті жеке пайдаланылғандықтан кей жағдайда ұжымды рухани жағынан қанағаттанбаушылыққа соқтыруы мүмкін.Мұндай жерде еңбек тәртібі жұмыстың белгілі бір жүйесі сақталмайды.Оқушылар арасында көңілсідік ,жайсыздық туады.Жетекші өз өктемдігін күшейту мақсатымен болып,оқушылардың хал-жағдайын ойлауға мұршасы келмейді,сөйтіп ұжымнан сырт қалу пайда болады.Осындай типтегі басқарушыларды авторитарлық жетекші деп атайды.
Демократилық стиль.Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қаблдайды,олардың ойлары пікірлерін ескереді Мұғалім тек үлгерімге ғана емес,оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге улкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән.
1)Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері.Өзара қарым-қатынас тұлғаның сыйластық негізінде құрылады.Тапсырмалар мен бұйрықтарды еркін талдау жеткілікті деңгейде рұқсат етіледі.Жаттығушылардың өзара тұлғалық қатынасына қарай ұйымдастырылады.Жұмыс ''кім кіммен топтасқысы келеді?''сұрағы бойынша және тұлғалық пікірлерге қарай құрылады.Топтан ешкімді бөлмей,бәріне бірдей көңіл бөледі.
2)Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері.Өзге стильдермен салыстырғанда,тәрбиелік ақпараттар қолданылады.Кеңес беру,өтіну,нұсқау беру түрінде жетекшілік етеді.Дауыс ырғағы түзу,нақты,бірақ тәрбиелік тұрғыдан әсер ету кезінде ирония да,әзіл де сонымен қатар достық дауыс ырғағы да араласады.
3)Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.Тұлғалық қасиеттері тұтастығымен,өзіне және өзгеге талап қоя білуімен,тік мінезділігімен,тактикалығымен сипатталады.
Демократиялық стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.
Өзін сенімді ұстайды.Барлық топты барлап отырады және әрбір жіберілген қателіктерді байқап біледі.Түзету кезінде көбіне нақты нұсқау формасын қолданады,мысалы,Қолды көтер Дауыс ырғағы еркін,іскер,қайырымды.
Өз ісіне деген эмоционалдығы жаттығушымен үзіліс кезінде немесе дайындықтан кейін жүргізілетін табиғи кеңес кезінде ашылады.Егер топтық жиын кезінде бір оқушының келмей қалғандығы анықталып,келесі бір оқушы өзін ата-анасы жібермей қалғандығын жеткізсе,жаттықтырушы оларға егер баскетболды шын жүрегімен сүйсе,онда ата-ананы да оны сүйе білуге тартулары керектігін түсіндіреді.
Жаттықтырушылардың сөйлеу фомалары әр түрлі болып келеді; нақты тактикалық нұсқаулар (мысалы;»Иығыңды түе!»),қолдау көрсету (мысалы,«жарайсың!»),қолдамаушылық (мысалы,«мен бүгін сенің әрекетіңе қанағатпайтын»)және т.б.
Жаттықтырушы ұстамды,тактикалы болғандықтан,оқушылар оның барлық талаптарын риалықпен орындайды.Жаттықтырушы кәсіптік қарым-қатынаста да (топ облыстық олимпиада да чемпион,атағын жеңіп алды),жеке (жаттығушылар өз шаруасымен,уайымымен жаттықтырушыға жолығады)байланыста да белсенділік танытады.
Жаттықтырушы топты жақсы бағалайды және оның болашағы оны толғандырады.
Жаттығушылар оған шың ықыласымен төлем төлейді.Сауалнамалардан;»Ол барлығын бірдей бағалайды,ал бұл ең бастысы»;»Басқа жаттықтырушыны дәл осы кісідей жақсы көре алмайтын сияқтымын»;»Барлығына бірдей қарым-қатынаста болады»,т.б.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен есептесіп қана шешім қабылдайды,жұрттың талапары мен ұсыныстарын тыңдауды қалайды.Мұндай лидер-топ мүшелерінің бастамаларының мақұлдайды,сөйтіп олардың рухани қанағаттануына жағдай жасайды.Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне мүмкіндік береді,ұжымнан ешнәрсе жасырмай,әр кез адамдардың көңіл-күйіне жақсы әсер етіп,олардың ықыласы мен сеніміне бөленеді.
Либералды стиль.Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады,барлығын оқушыларға,қызметтестеріне ысырады.Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады,шешімсіздік,толғаныс байқалады.Сыныптан тұрақсыз микроклимат,жасырын келіспеушіліктер орын алады.Мұнда оқушылардыңпікір бостандығының мөлшерсіздігінен аузы барғанша сөйлеп,аяғы барғанша жүреді.
1)Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері.Көптеген деңгейде жаттығулар мен жүктемелерді таңдауда еркіндік беріледі.Жаттығуларға жоғары жауапкершілікті байқатқысы келеді.Тұлғааралық қарым-қатынастарды онша ажырата алмайды.Белсенді жаттығушылардың-пікіріне көп көңіл бөледі.
Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері.Жаттығулар кезінде нысан ретінде жаттығушылардың ішіндегі мықтыларын таңдайды.Өзге стильдермен салыстырғанда ұйымдастыру ақпараты екі еседей көп болады.Сөйлесу формаларының қолдау және ескерту түрлерін қолданады.Жақсы дауыс ырғағын қолданғанды ұнатады.
Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.Бұл стильге мына қасиеттер тән:ұстамдылық,ренжімеушілік,тактикалық,қайырымдылық,қарапайымдылық.
Либералды стиль жаттықтырусының сипаттамасы.
(Өзін іштей сенімді ұстайды.Топты қадағалап және қателіктерін түзетуде қарапайым,жұмсақ тілмен сөйлейді (мысалы,«Гүлім-ау,басыңды түзу ұстасаңшы»т.б.).
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу,адамның қарым-қытынас жайлы білімімізді кеңейтті.Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары,келбет,ым,мимика,серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы,бейнелеу кең зерттеле бастады.
Жетекшіліктің үшінші бір типі либералдық деп аталады.Мұндай тип ұжым ісіне аз араласады,кейде оларды бетімен жібереді.Ол көбінде басшылықты жүрдім-бардым жасайды.Әрине мұндай жерде біркелкі жұмыс болмайды,ұйымдастыру,басқару жұмысының шырқы бұзылады.Осының салдарынан тәртіпшілік,жинақылық,ширақтық жағы кем болады.Мұндай сәтте бетімен кетушілікке,анархиялық пікірлердің ауа жайылуына да жағдай туу мүмкін(95,96).
Адамның сыртқы түрі саналы өзгереді және белгілі дәрежеде адам өзі оны өзі оны өзгертеді.Адам келбеті физиономиялық маскадан,киімнен,жүріс-тұрыс кейпінен құралады.Физиономиялық маска адамның басым ойынан,сезімінен,қарым-қатынасынан тұрады.Физиономиялық маскалардан ызғарды,жайдарлылықты,өр көкіректікті,мейірбандықты және физиономиялық маска біршама тұрақты болады.
Сыртқы пішін және физиономиялық маска біршама тұрақты болады.Қарым-қатынастың динамикалық қыры мимикамен ымишарадан ба йқалады.Мимика дегеніміз-қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы.Ым-ишара адегеніміз-психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл.Мимикада ым-и.шара да туа біткенімен коммуникацияның қоғамдық құралдары ретінде дамып отырады.
Эмоционалдығы жай және қарапайым дауыс ырғағымен бағалау кезінде ашылады,ал әуесқойлығы-жаттығулар көрсеткен жаттығушылардың біреуінің жақсы орындауына сүйсінген кездерде байқалады.Өте ұстамды,тактикалы.Бірақсонда да келіспеушіліктер болып жатады.Көбіне өз әрекетінің жазаланбағандығын біліп тұрған жаттығушылармен келіспеушіліктер болады.
Келіспеушіліктер үдеп бара жатқан кезде ескертулерді жай,қарапайым дауыспен жасайды.Кез келген келіспеушіліктерде дауыс ырғағы сол күйі сақталады
Сауалнама нәтижелері;»О.И.- өте қайырымды,еш уақытта дауыс көтермейді»;»Өте қатты талап қоймайды,кешірімді.Мен не десем де шыдайды,себебі мен өзгелермен салыстырғанда өте жақсы шынығамын».
Тұлғаның тұрақты сипаттамалары ретінде педпгогикалық тіл табысу стильі,бірінші жылдары негізінен кәсіптік іс-әрекетпен ажырамастай тығыз байланыста болады.Педагогикалық тіл табысудың негізгі дағдылары болмаған жағдайда жаттықтырушы алғашқы кезден бастап-ақ спортшылармен өзара байланысты ұйымдастыруда авторитарлы тәсілдерді қолданады.Педагогикалық тіл табысудың мейлінше оптимальды стилінің құрылу үрдісін жақсы үздіксіз өткізу үшін жас маманның тап болған ұжымы шығармашыл қабілетті және оның жетекшісі де тәжірибелі мұғалім болып саналады.
Жаттықтырушының өзіндік тіл табысу стилінің жеке бейнесін анықтайтын негігі фактор құрылым болып табылады.Құрылым деп жаттықтырушының тұтастай әрекет ету бағдарламасын,алдын ала белгілі жағдайларды қабылдай білуге даярлығын түсінеміз.Құрылым жаттықтырушының құнды бағыттарын ашып көрсетеді,оның спортшыға,ұжымға,жаттығу үрдісіне және сайыстарға деген қөзқарасын анықтайды.Педагогикалық тіл табысуды зерттеп жүрген көптеген психологтар жаттықтырушының спортшыға деген қатынасында позитивті немесе негативті құрылым жөнінде айтады.
Егер топқа өзара сыйластық,жолдастық,қолдау,қайырымдылық байқалып,жақсы эмоционалды күй орнату үшін спортшылар жаттықтырушының бағалауынан үнемі шындықты және нысандылықты сезулері тиіс.
Жаттықтырушы тіл табысу кезінде жеке тұлғалық,дифференциалды қатынасты жүзеге асыра алуы тиіс.Жаттықтырушы өз құрылымдары мен бағалауларында реалист және нысаншыл болуға тырысуы қажет.
Жаттықтырушының коммуникативті әрекеттерді меңгеруі педагогикалық тіл табысудың мазмұны мен сипаттамасы көптеген факторлармен анықталатындығын көрсетеді және олардың ішінде тіл табысудың жеке стилі мен құрылым негізгі анықтауыштар болып табылады.Бірақ жаттықтырушы спортшылармен тіл табысу қабілеттілігінің қалыптасуындағы негізгі шарт-жаттықтырушының тіл табысу үрдісінің заңдылықтарын білу.
Жетекші,басшы және оның қоғамдағы орны туралы қазақ халқының өткендегі рухани мұрасында да сындарлы пікірлер аз емес.Мәселен,Ш.Уәлиханов жақсы басшы,жан-жақты білімді,айналасындағы адамдарды бес саусағындай білетін жұрттың жақсы-жаман істерін әділ бағалайтын,табанды да қайсар,ерік-жігері күшті,ұйымдастыру іліммен қаруланған,халыққа қиянат жасамайтын,жағымпаздық пен тамыр-таныстыққа жаны қас,өзіне жақсы жірдемші таңдап ала білетін,көрегенді басшы болуы қажет дейді.
Топтағы адамдарды танып-білу,мәселесі психологиялық үйлесім ұғымымен тығыз байланысты.Бұл-ұжымдағы ортақ істің табысты болуындағы адамдардың өз қызметінен рахат,ләззат алуан қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет