Бақылау сұрақтары: Педагогикалық такт дегеніміз не?
Педагог этикасында бұл ұғым нені білдіреді?
Педагогикалық тактінің психологиялық мәні қандай?
Педагогикалық тактінің құрамды бөліктері.
Педагогикалық тактінің негізгі компоненттерін атаңыз.
Педагогикалық тактінің бала тәрбиесіндегі маңызы қандай?
Дәріс № 21 Дәріс тақырыбы: Педагогтік әдеп және педагогтық тактика 1.Педагогтік әдеп және педагогтік тактика туралы түсінік.
2.Оқушылармен тіл табысуда оларға әсер етудің әр түрлі құралдары.
Дәріс мақсаты: педагогикалық этика мен такт туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Дәріс мәтіні 1. Педагогтік әдеп және педагогтік тактика туралы түсінік.
Қазіргі кездегі мектеп – оқушылар үшін ақпарат берудің бірден – бір көзі емес. Олар мектеп өмірі, мұғалімдер, оқушылар өмірі туралы оқиды, радио тыңдайды, телевизия хабарларын, кинофильмдерді көреді. Олар біздің мамандығымыздың құпияларымен, біздің қоғамымыздың оқушыларды тәрбиелеуге қоятын талаптарымен де таныс. Олар біраз жағдайда біздің қылықтарымызды бізден жақсы ажырата алады. Оларға біздің тарапымыздан қойылатын талаптың орынды болуын зейін қоя қадағалайды, олар біздің талаптарымызға сын көзбен қарауға да бар, тіпті келіспейтін кездері де болады. Сондықтан да біздің оқуҰстаздық әдеп - мұғалімнің көркі.Сондай - ақ,мұғалім мен мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі - ұстаздық әдепті сақтау.Ұстаздық әдеп - инабаттылық,әділеттілік,ұстанымдылық,адамгершілік және т.с.с қасиеттерден көрініс беруі тиіс.Ұжымда бір істейтін әріптестерінің арасында түсінбестік,дау-дамай,кикілжіңдер кездесуі мүмкін.Мұндай жағдайда әр педагогтың өзін ұстауы,өзін сыйлай білуі,өзгені сыйлай білуі,ойы,сөзі ұстазға тән ерекшеленуі керек.Баланы түсінбестікке бола өз басының жалпы ұстаз беделін түсірмеуі керек.Сондай - ақ,мынадай кемшіліктер мен келеңсіздіктерге қарсы тұрып,оларды жеңе білуі тиіс: шаршап шалдығушылық,ұйқысыздық,аурушаң, басқа адамдар туралы теріс ой-пікірлер айту,өзінің жұмысына салақтық немқұрайлық таныту,ашуланшақтық,ынжықтық,орынсыз ұялшақтық және т.б
Сендіру - адамдардың өзара әрекеттік қарым - қатынас жасау процесінің құралы болып табылады.Сендіру обьективтік процесс.Сендірудің элементі педагогикалық іс - әрекетте практика барысында орын алады.Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушылардың белсенділігін арттырады.ынталандырады.Сендірудің әр түрлі түрі педагогикалық іс - әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді,мұғалім оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік сезімін немесе үрей,қуаныш немесе қорқыныш,өзіне сенімділік немесе сенімсіздік,қызығушылық немесе зерігу,сенім немесе күмән т.б. сезімдерді тудыруымыз мүмкін.
Жағымды психологиялық климат қалыптасуға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе климаттық ауытқуды атауға болады.Әлеуметтік психология келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады.
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушілік өз табиғатынан тұлға аралық келіспеушілік болып табылады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін.Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстардың бұзылуына байланысты туындайды.Ол педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін,іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер.Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан,мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.
Екінші топ -педагог мінез-құлқынық өзара қатынас нормасына сай келмеуінен туындайды.Ол педагогтың өз әріптестерін және оқушыларға көрсеткен әднпсіздігі, кәсіптік Этика нормаларының бұзылуы,ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
Үшінші топ - педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер.Бұл топты негізінен ұстамдылық,өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы,эмоциялық тұрақсыздығы,шамадан тыс өкпешілдігі сияқты салалар құрайды.
Этика - мораль туралы ғылым"Этика"терминін б.з.б төртінші ғасырда Аристотель енгізді.Ол этика адамгершілік,мораль туралы ілім деп көрсетті.
Этика - педагогтың бір ерекше қасиеті.Этиканың орысшасы "такт",латынша"тактус".Ол арабтың сыпайлылық,ізеттілік деген сөзіне келеді.Біз мұны этика деп алып жүрміз.Синица И.Е."Педагогтік этика және педагогтік шеберлік"деген еңбегінде:"Педагогтік этика - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі."
Кәсіби этика - еңбектік моралдің бір түрі,ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар,мінез - құлық ережелері және моральдық бет - бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.
Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:
-Еңбек обектісі - адам:
-Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауапкершілікте.
-Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі.
-Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі,ол жоғары адамгершілік идеалы.
Кәсіби этиканың міндеттері:
Теориялық міндеттер тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін,моральдық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға көмектеседі.
Педагогикалық этиканың катигориялары:
Парыз-Әлеуметтік статус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін э.к.
Кәсіби парыз-қоғамның тұлғаға немесе белгілі бір мамандыққа қоятын талап,моральды ережелер жиынтығы.
Әділеттілік-морльдық сана ұғымы.
Бедел-тұлғаның немесе адамдар тобының айырмашылық ерекшеліктері,соның арқасында сенім және басқа адамдарға ықпал жасауы жүзеге асады.
Кәсіби моральдық принциптері:
Моральдық принциптер-адамгершілік сананың бір формасы,онда морльдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі.
Принциптер-белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын ашады,моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді.
Мұғалім сөзі-тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі.Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылықпен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе,оқушы оның мәдениеттілігін,қамқорлығын,сөзінің әсерлігін бірден сезе бастайды.Оқушы өзінің қателігін мойындап,ойланбай істеген қылығын өзі таңдап қорытынды шығаруға мәжбүр болады.
Қорыта айтқанда мұғалім-шынайы адамгершіліктің үлгісі.Ол өзінің ана тілін әдеби және сөз байлығын жете меңгерген рухани игіліктерді бойына сіңірген адам болуы керек.
Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті.Бұл мұғалім щәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл-күйлерін қабақтарынан танып әрқайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі.Байқағыш ұстазда әдепсіз болуы мүмкін.Ұстаздық әдеп-ұстаздардың тұрақты шығармасы.Шәкірттер бір- біріне қалай ұқсамаса,ұстаздық әдепте солай әр жағдайда әр қалай.Ұстаздық әдеп жүре пайда болады.Бірақ ол білімге жалпы адамшылық әдепке байланысты дамиды.Қорыта келгенде ұстаздық әдепті сақтау үшін шәкірттерге талаптарды қатаң тұрғыдан қойған жөн. гогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде, оқушыларға әсер ету құралдарының белсенді қоры ретінде қарастырылатын педагогикалық әдеп анықтамаларымен бірегейлігі мол. Осылайша ұғынылатын педагогикалық әдеп, менің бұрын айтып өткенімдей, нақты педагогикалық тактикаға, біздің стратегиямыздың нақтылы көріністеріне, оқушыларға ықпал етудің түрлі құралдарын іскерлікпен ұштастыруға және пайдалануға айналады.
Педагогикалық тактика мұғалімнен әскери тактика командирден нақты жағдайда бағдар табуды, бар мүмкіндіктер мен кедергілерді есепке алуды, тура және айналма жолдарды, қарсылықтың күткен және күтпеген формаларын, ықтимал нәтижелерді көре білуді, т.б. пайдалануды қандай талап етсе, сондай талап етеді. Әрине, оқу – тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар қарсыластар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ бұл ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен өмір сүреді, оларды біздің оқу және тәрбие талаптарымызға, алдағы алшақ жатқан мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздықтармен , шектелулермен т.с.с. байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан дүниесіндей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та астыртын, саналы да санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау мүмкін.
Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның негізгі қызметі – ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын бәсеңдету. Педагогикалдық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан икемдену емес. Талап қоя білмейтін мұғалімнің де, оқушыларға айқайлайтындар және өкпелететіндер сияқты, әдептілігі шамалы болады.
Біздер педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы ретінде педагогикалық тактика деп анықтама бердік. Сөйтіп, егер мен оқушылардың сеніміне ие болғым, олардың қарсылығын бәсеңсіткім, олардың көңілі мен ой-күйін игергім, өз жағыма тартқым, өз еркіме көндіргім және с.с.әрекет еткім келсе, біріншіден, жеткілікті мөлшерде әр түрлі тактикалық құралдар (тікелей қолданылатынынан жанама қолданылатынына дейін) қорым; екіншіден, оқушылардың қарсылық көрсетулерінің себептерін білуім; үшіншіден, олардың көңіл-күйін бағалай білуім; төртіншіден, менің әрекетіме қарсы әрекетті болжай алуым керек. Осыған байланысты мен өзімнің жалпы тактикамды ойластырамын немесе жеке тактикалық жолды таңдап аламын: нақты бір теріс қылықты белгілі мөлшерде айыптаймын, оған бей-жай қараумен шектелемін, байқамаған боламын, жағымды баға беремін,т.с.с.
Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Оқушылармен тіл табысуды жолға қоюға, оларға әсер етудің әр түрлі құралдарын қолдануға жалпы кеңес беруге ғана болады. Олар сіздерге, әрине, белгілі. Мен тек еске түсіре кетпекпін.
2. Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. Сөз оқушылардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу жайында болып отыр. Педагогикалық әдеп мәнінің өзі адамды кемсітпеуде. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық. Біз оқушылармыздың, қоғамның болашақ құрылысшыларының бойындағы осы байлықтың әрбір бүршігін қызғыштай қорғауымыз керек. Оқушымен оның үлгерімі, тәртібі туралы сөйлесіңіз, екілік қойыңыз, екінші жылға қалдырыңыз, бірақ сөзбен де, көзбен де оның адамдық қадір-қасиетін қорламаңыз, оны күлкі етіп, мазақтамаңыз, ащы мысқылға үйір болмаңыз. Оқушыны қалай қатты ренжітуді емес, оған қалай жуысу, қалай көмектесу жолын ойластырыңыз.
Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілген жұмыста олардың адамдық қадір-қасиетін кемсіту арқылы емес, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту арқылы табысқа жетуге болады.
Ықпал жасау шамасы. Ықпал ету құралдарын пайдалану – медицинада дәрі-дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. “Көп болса, жақсы болады” принципі мұнда жарамайды.
Педагогикалық әдептің өзі көбіне шаманы сезіне білу ретінде де қарастырылады. Өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады. Әдепті мұғалім – салмақты, ұстамды, байсалды (жақсы мағынада айтқанда) болады. Ол мінез-құлықтың да, сөйлесудің де, әдет-қылықтың да, киім киюдің де тым қалыптан шығып кетуіне жол бермейді. Ол шамалап кейиді, шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың? Міне, осы сәтті шамалауды – педагогтың өзі табуы, оны оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт-жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, ақыры тәжірибесі негізінде іштей сезініп түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара шығармашылығы. Сол шаманы сезінсе – табысқа қолы жетеді, сезінбесе – оның тактикасы ойдағыдай нәтиже бермейді. Олай болса, мүмкін, тәуекелге бармау үшін тәрбие құралының әрқайсысын ептеп қана (ептеп қана жеку, ептеп қана мақтау, т.б.) қолдану керек шығар? Тіпті де олай емес. Ондай қарым-қатынас біздің тәрбиелік құралдарымыздың әсерін шектейді. Бұл арада, тәжірибелі мұғалімдер сияқты бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған жөн. Тәрбие құралдарын пайдаланудағы сақтық та шектен тыс болмауы тиіс.
Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе? Ал ең жақсы шешім – байсалды ойластырылған шешім болдып табылады. Ашу, ыза үстінде көбіне оқушылардың қылығына немесе жалпы тәртібіне сай келе бермейтін шешімдер қабылданады. Педагогта адам, сондықтан оның да бар сезімге, ашулануға, буырқануға қақысы бар. Кей жағдайда мұндай сезімдерді тежеудің қажеті де жоқ, ал кейде солай ету керек те болады. Істің мәні олардың формасы мен көрініс беруінің шамасында. Мұғалім өз сезімдерін шынайы (жоқ жерде сезім білдіргенсімей), бірақ “жалпы адам” ретінде емес, шебер-педагог ретінде білдіруі икерек. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, - А.С.Макаренконың бұл кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше? Ең жөні – сабаға түсу, барынша өзіңді-өзің ұстау. “Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат” деп кеңес бередщі Л.Н.Толстой. Ашу-нашар кеңесші. Біз өзімізге қойылатын талапты білгенімізбен педагогикалық әдепті көбіне шамданған кезде бұзамыз. Ашуланғанда талап ұмыт қалады.
Бақылау сұрақтары:
1.Педагогикалық такт дегеніміз не?
2.Педагог этикасында бұл ұғым нені білдіреді?
3.Педагогикалық тактінің психологиялық мәні қандай?