Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет28/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик

Авторитарлық қарым-қатынас стилінде педагог сынып ұжымындағы, жеке оқушының басындағы мәселелерді өзі ғана шеше береді. Жеке көзқарасына сүйене отырып, өзара әрекеттесудің жағдайын, мақсатын белгілейді, іс-әрекет нәтижесін субъективті тұрғыдан бағалайды. Оқушыларға тікелей қатысы бар мәселелерді олардың талқылауынсыз, қатысуынсыз шешеді, ал олардың белсенділігі мен дербестігі теріс бағаланып, мұғалім тарапынан қолдау таппайды. Авторитарлық қарым-қатынас стилі өктемдік тактикасы және қамқорлық жасау позициясынан жүзеге асырылады. Педагогтың басқаруына қарсы щыққан оқушылардың әрекеті нәтижесінде ұжымда тұрақты конфликтілі ситуациялар орын алады. Осы стильді ұстанған педагог оқушыларға белсенділік, дербестік танытуға мүмкіндік бермейді, олар көбінесе оқушыларды түсінбейді, дұрыс бағаламайды. Авторитарлы педагогтың іс-әрекеті сырт көзге жақсы болып көрінгенімен, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал жағымсыз болып келеді.
Авторитарлы қарым-қатынас стиліндегі топпен байланыс орнату формалары – бұйрық, нұсқау, сілтеу, ереже, сөгіс, мадақтау.
Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог әрекеттесу барысында оқушының ролін арттыруға, әрбір оқушыны жалпы, ортақ істі, мәселені шешуге қатыстыруға бағытталған. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдасу және өзара бағдарлану. Пайда болған проблеманы ашық және еркін түрде шешу нәтижесінде оқушылар педагогпен бірге ортақ шешім қабылдайды.
Бұл педагогқа оқушыларға деген жағымды-белсенді қатынас, олардың мүмкіншіліктерін, жетістіктері мен өкініштерін дұрыс бағалау, оқушыларды жақсы түсіну, олардың іс-әрекетіндегі мақсаты мен мотивтерін біліп-ұғыну, тұлға дамуын болжау іскерліктері тән.
Сыртқы белгілері бойынша демократ-педагогтың әрекеті «өте жақсы» деген бағаға иеленбегенімен, топтағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, әдетте, жағымды сипатқа ие болып келеді. Ондағы тұлғааралық қатынастар талап қоя білу және сенім артумен ерекшеленеді. Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог оқушыларды белсенділік, дербестік танытуға шақырады, оқушылардың өз-өздерін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасайды. Қарым-қатынастың негізгі формалары - өтініш, кеңес, ақпаратпен алмасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет