Дәріс мәтіні
1.Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншілігін сипаттайтын басты талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) әсер ету, қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез-келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп – жоғары адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға (компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлсіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа, қойылатын адамгершілікті талап.
Дегенмен, әрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінң бір бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі – бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес, оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.
Осылайша, педагогикалық еп – бұл педагогикалық үн мен қарым-қатынас стилін педагогикалық тұрғыдан дұрыс орнату іскерлігі. Педагогикалық епке тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып, мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білуі керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп – бұл мұғалімнің рухани жетілуінің, толысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі.
Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? Қазіргі жасөспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жасөспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-әрекеттің адамгершілік мәнін көре білу іскерлігі де маңызды. Әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек. Олар:
балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;
балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;
нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;
ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің білесің, бірақ мен саған айтар едім...»;
балалармен әңгімелесу.
Қарым-қатынастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық, өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құремттеп, өз абыройын сақтап қалуды ұмытпағаны жөн.
2.Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекетінің мазмұнына, нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Үгіттеу – адамның санасына, өзін және қоршаған ортаны түсінуіне әсер ету, оның түсініктерін ғылыми білімнің, моральдың талаптарына сәйкестендіру.
Үгіттеу – бұл адамның немесе ұжымның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Үгіттеу екі мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немес әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі, яғни белгілі бір ұстанымдарға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі.
Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелеу, түсіндіру, дәлелдеу, әңгіме, дәріс.
Үгіттеуге қойылатын талаптар:
үгіттеудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;
үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;
үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;
үгіттеуде жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілер, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;
басқаны үгіттей отырып, тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек.
Үгіттеудің тиімді шарттары:
1. Үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді.
2. Үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары, қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеуде есепке алынуына тәуелді.
3. Үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесуі барысындағы интеллетуалдық-эмоциональдық күйіне тәуелді.
Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе, моральда тек ұсынылады, мысалы: «оқушы міндетті...», «ұят болады...» және т.б.
3.Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары.Бұл мәселелермен тек психологтар,педагогтар ғана айналып қоймайды,оны философтар,социологтар,политологтар да жан-жақты зерттеуде.Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара)қарым-қатынастың түрін пайдаланады.Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне,тәжірибесіне байланысты дейміз.Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген.Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу,оларды тану,әр баланы іс-әрекетке кірістіру,оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.Тәжірибеге суйенсек,жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады.Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқв оңай түседі.
Оның себептері:
- өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
- баланың ішкі жан-дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
- мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелілігінде, анықтығында, нақтылығында;
- оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
-авторитарлық стильді пайдалануында;
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөліуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын , сөзін әділ бағаламауы;
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік.
Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы»,»Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынас» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген.Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі.Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар:
1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар.Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп,қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады.Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес.Мысалы,»тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» және т.с.с.педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес.Өйткені уақытты пайдаланам тек мұғалім өзі сөйлеп,баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп,оның ойымен,пікірімен санаспайды.Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.
3.Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:
-әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
-мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
-қиын,қыңыр,қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып,олармен тіл табысу;
-қарым-қатынаста мұғалімнің оқушыға,оқушының мұғалімге сенуі;
-сезімдік, әсерлік қарым-қатынаста болу.
Кәсіби педагогикалық қызмет үнемі жетілдіріп отыруды, мұғалімнен өз білімін дамытуды әрі шеберлігін шыңдауды, білімнің жаңалықтарын тез меңгеріп, оны өз қызметінде іске асыруды қажет етеді.Кәсіби шеберлігін дамыту ақпараттық қамтамасыз етілумен байланысты, яғни, жеке тұлғаның ақпараттық қамтамасыз мәдениеттілігімен анықталады.Яғни, мұғалім сөзі—ақпарат таратушы құралы ретінде жүзеге асады.Бір сөзбен айтқанда, оқушыға да, ата-анаға да мұғалім сөзі –екі жақты ортақ тәрбие мәселесінде негізгі әсер етуші құрал.Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациалы, көркем, эмоциалы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақаулардан таза болуы шарт.Мұғалім сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға, ұзын фразалардан гөрі қарапайым тілмен түсінікті білуі керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония(сықақ)болса, сөйлеу ажарын кіргізді, мақал-мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. «Мақал- сөздің мәйегі»-деген қазақ даналығы.
В.А.Сухомлинский; Сөз-ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...-деп оның маңызына ерекше назар аударады.
Екі жақтан да бірлескен іс-әрекеттің мақсаттарын және оған жетудің жолын түсінген, өзара келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізілген кезде ынтымақтастық түрінде және де бірлескен іс-әрекетке тежейтін бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Гуманистік бағытталған педагогикалық үдеріс тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, екі қатысушысы да өз білімдері мен мүмкіндіктеріне сай бірдейлік, тең құқылы серіктес ретінде көрінетін өзара іс-әрекетінде ғана үдеріс бола алады.
Педагогикалық өзара іс-әрекет стратегиясы –мұғалім іс-әрекетіндегі жалпы басшылық жолы, тұлға қалыптастыру үдерісіне перспективалық мақсаттарға жетуге арналып, бағытталған нұсқаулар;
Педагог стратегияны жеке тұлғамен және тұтастай білім беру ұжымымен де дайындау қажет.Бұл бәрінен бүрын педагог дайындайтын әр түрлі жоспарлар:күнтізбелік- тақырыптық , тәрбие жұмысы жоспары және т.б жүйесінде іске асырылады.
Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесіп, сөйлеу үшін, өздері бір-біріне неиесе мұғалімге және т.б сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдайларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу-оқыту әдістемесінің белсенділігін артырып, қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.
Комуникативтік құзыреттілік-адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірлегі нақты жағдайларды шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі обьектілерін қолдана алу білігін, мемілікеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынас шетел тілінде қатынас дағдыларын болуын қарастырады.
Қарым-қатынастың негізгі функциялары:
1.Ақпараттық-коммуникативтік (ақпаратты қабылдау және беру жеткізу):..
2.Қарым-қатынасты реттеу (бірігіп әрекет істеу барысында өзара әрекетті өңдеу);
3.Афорегтивтік-коммуникативті (элюционалдық қатынасты беру жеткізу)
Қарым-қатынас құрылымында үш аспектіні қарастыруға болады; коммуникативтік, интерактивтік және перцективтік.
Коммуникативтік қатынас аспектісі ақпарат алмасу тәжірибесімен байланысты.
Интерактивтік қатынас аспектісі тұлғаның қарым-қатынас процесінде өзара әрекеттесуіне байланысты.
Перцективтік қатынас аспектісі басқа адамды қабылдауы және түсінуі
Иландырудың айырмашылығы, тәрбиеленушіге ұсынылған қандайда бір ақпараттар немесе ойлар, оларды тарату және бағалау арқылы санады. қабылдауға негізделеді.Бұл жерде қортынды өз бетінше де, сонымен бірге сендірушіден соң да жасалынуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда да ол дайын күйінде қабылданбайды. Көп уақытты, алуан түрлі мәліметтерді және шешендік өнер тәсілдерін пайдалануды қажет етеді, ал иландыру болса іс жүзінде лезде өтуі мүмкін. Бұл әдіс ғылыми пікірталаста, тәрбие де де негізі болып саналады.
Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру.
Сендіру – бірнеше ғылымдар (жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс. Сендіру құбылысы «сендіруші – сенуші» күрделі жүйесі болып табылады. Онда өзара байланысқан үш элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік (сенушінің жауабы, реакциясы).
Суггестивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика).
Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гипноз кезінде сендіру, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық практикада сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрлерін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын-ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын,саналы түрде ұйымдастырылып, мақсаты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б. сендіруді мақсат тұтпайды, бірақ оның ескертулері («Сен ешқашанда түзелмейсің!», «Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсың!») оқушының бойында жағымсыз, қажетсіз күйлерді, ерекшеліктерді қалыптастыруы мүмкін.
Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықтайды.
Тікелей сендіруге
өсиет айту - императивті формада, ешқандай аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйрық беру, нұсқау, тыйым салу. Оның тиімділігінің шарттары: мұғалімнің беделі, мұғалім мен оқушының арасында тұрақты конфликтінің болмауы, сыныптағы жағымды микроклимат.
команда, бұйрық дәл және тез орындаушылықты талап етеді. Олар қысқа да нұсқа формада берілетін вербальды ықпал етудің ерекше түрі. Мектеп практикасында команда және бұйрықтар дене шынықтыру сабақтарында, ойындарда, шепте, оқушыларды тәртіпке шақыру ситуацияларында кең қолданылады.
Жанама сендіру түрлері: білдіру (намек) – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету.
Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық еп дегеніміз не?
2. Педагогикалық үгіт ұғым нені білдіреді?
3. Педагогикалық сендірудің психологиялық мәні қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |