Дәріс № 18
Дәріс тақырыбы:
Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар.
1. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері
2. Педагогикалық қарым-қатынас орнату технологиясы
Дәріс мақсаты:
қарым-қатынастың элементі-коммуникативтік дайындық туралы түсінік
Дәріс мәтіні
1. Мектептегі басты тұлғалар – мұғалім және оқушы. Олардың сабақтағы, сабақтан тыс уақытта, бос уақытында қарым-қатынас жасау сипаты оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне әсер етеді және ол оқушы тұлғасын қалыптастырудың басты құралы болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және дамытудың көпқырлы үрдісі.
Қарым-қатынас арқылы педагог оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастырады, олардың жұмысы мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті толғаныстарын тудырады, қиындықтарды жеңуде көмек береді, өз мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады. Қарым-қатынастың тиімділігі проблемасы соңғы уақытта ерекше өзектілікке ие. Бұл мәселеге психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Занков, А.А.Леонтьевтердің, педагогтар И.А.Зимняя, Я.Л.Коломенский, А.А.Реанның еңбектері арналған.
Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас (әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық, кәсіби және т.б.) түрлерінен ерекшелігі - оның оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі. Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара әрекеттесу – бұл айсбергтің суүсті және суасты бөліктері сияқты. Суүсті бөлігі – бұл сөздік және сөздік емес әрекеттер қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезімдерді енгізуге болады. Педагогикалық қарым-қатынас – бұл ерекше қарым-қатынас, оның спецификасы осы қарым-қатынас субъектілерінің түрлі әлеуметтік-рольдік және қызметтік позицияларымен белгіленеді. Педагогикалық қарым-қатынас спецификасын оның өзара байланысқан екі жақты қыры да белгілейді. Бір жағынан, қарым-қатынас – бұл оқушылармен қарым-қатынастағы педагогикалық шығармашылық. Екінші жағынан, бұл педагогикалық шығармашылық үрдісіндегі балалармен қарым-қатынас.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен тәрбиеленушілердің әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесуінің жүйесі (дағды мен тәсілдері). Оның мазмұны – ақпаратпен алмасу, тәрбиелік ықпал жасау, коммуникация құралдары көмегімен қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынадай қызметтерге ие:
адамдардың бірін-бірі танып-білуі – қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі көзбен қабылдайды, бағалайды, яғни «әлеуметтік перцепция» (А.А.Бодалев) жүзеге асады.
ақпаратпен алмасу – қарым-қатынас материалдық және рухани құндылықтармен, интеллектуалдық-эмоционалдық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. «Адамның қандай болатындығын оның басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда қандай екендігінен, осы қарым-қатынасқа оның көзқарасы қандай екендігінен оның еркінің қайда бағытталатындығынан көруге болады» (В.А.Сухомлинский);
іс-әрекетті ұйымдастыру;
рольдермен алмасу;
тұлғаның өзін-өзі бекітуі;
бірге әсерленушілік.
Қарым-қатынас сипаты қоршаған шындыққа тәуелді келеді, оның ортамен, дүниемен байланысын білдіреді, ішкі дүниесінен көрініс береді. Қарым-қатынас жүйесі адамның жеке адамның жеке дамуының жемісі болып табылады.
Осы тұжырымға сүйене отырып, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу ерекшілігі анықталады. Ол тұлға аралық қарым-қатынас байланыста дамиды.
Тұлға аралық өзара қарым-қатынас мәдениет проблемасымен ұштасып, жеке тұлғаны дамытудың бағыты негіздей алады.
Дүниенің адаммен арақатынасын білдіретін құбылыстар жиынтығы. Адам қоршаған ортаға еніп, ерекше мәнге ие болады, онымен бірге, жеке тұлғаның дамуының маңызды бөлігі оның мәдениеті қалыптасады.
Мәдениеттің қалыптасуы қарым-қатынас тыс болмайды, сол себепті қарым-қатынастың механизмдері де бұл жағдайда белгілі орын алады.
Педагогика ғылымында адам қоғамның басты құндылығы және қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты – рухани құндықтарымен ашылады. Сонымен қатар, жеке адам танымының, қарым-қатынастың, шығармашылықтың белсенді субъектісі ретінде беріледі.
Мәдениет компонеті ретінде білім өз кезегінде мәдениеттің тасымалдаушысы, оның өмір сүруінің, сақталуының, кеңеюінің басты шарты.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтану процесі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындауы мен дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам тек қарым-қатынас процесінде ғана жеке тұлға болып қалыптасады, өзі үздіксіз қатынас жасайтын қоғамға кіреді. Коммуникация процесінде әрбір адам өзара әрекеттің белсенді субъектісі бола отырып, олармен қатынасты дамытады, тереңдетеді. Ал коммуникативтік іс-әрекетте жеке адамның өзін-өзі тануы мен нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді.
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы дыбыстық-белгілік (сөздік) өзара іс-әрекет, оның барысында және соның көмегімен ақпараттар алмасу, қатынастар орнату мен қалыптастыру, кімнің болса да іс-әрекетін басқару жүзеге асады.
Қарым-қатынасың жетекші түрлері – тұлғаның дамуының сол кезеңіне сәйкес адамның тұлғалық қасиетінің қалыптасуына әкелетін қандай да бір жас кезіндегі қарым-қатынасытң түрі.
Қарым-қатынастың кезеңдері:
Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі).
Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – «коммуникативті шабуыл»
Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару
Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
Қарым-қатынасты модельдеу барысында мыналар жүзеге асады:
Өзара әрекетесудің коммуникативті құрылым жоспарланады.
Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.
Қарым-қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс, ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-бірінің ұмтылысына , ойларына , күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы, педагогикалық қарым-қатынас бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталып, тұлғаны тану, ақпарат алмасу, іс – әрекет, өзін-өзі бекіту т.б.
Қарым-қатынас – әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір-бірінің ұмтылыстарына , ойларына, күйлер және сезімдеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді:
-коммуникативті /ақпарат алмасу/
-интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді өзара әрекетін ұйымдастыру/
-перцетивті /қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдау үрдісі осы негізде һзара түсінікті орнату/
Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым – қатынас жасаймыз. Қарым қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алмасу. Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттігі.
Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-қатынас дам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасған білімдерді таратушы ретінде зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілей мүмкіндігі туды. Осылайша машина тілі деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық есептеу машинаның қызметін басқарады, компьютерлерді басқарады. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зерттеле бастады. Адамның қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналды.осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке дара жағдайы деп қарауға болады.
Сабақта сыныпты меңгеру үшін осындағыларды мұғалім түгел өзінің сөзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларға түгел ие болу, негізінде басяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге байланысты келетініне жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек екенінде үлкен мән бар. Өйткені сабақ үстінде оқушының бірі тынышсыз отырғанда мұғалім онымен айналысып кетсе онда ол өзінің жоспарын орындай алмай, мақсатына жете алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуге ескертулерді дұрыс жасап сыныптагылармен қатынас жасай алу шеберліктің белгісі. Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөз мағынасында айтпай, көңілмен жеткізе алуы – оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайлықты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әрі әсерлі, оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені оқушы ұстазынан не себептен оның атын атамай тұрғанын біліп алаңдауын тоқтата қояды. Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің бірі – мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып келуінде.
Мұғалім сөзінің сенімділігі – айтылатын сөздердің сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады. Соңғы кезде психологиялық зерттеулерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Американдық қарым-қатынас психологияда бұл бағыттағы зерттеулерге просемика деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар: көңілдестік, жекебастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алдынғы екі қарым-қатынас бір-біріне жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланысты адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады. Көпшіліктік арақатынас бөтен адаммен араласу.
Бейнелеу де қарым-қатынас құралы болып табылады. Алайда бұлар тікелей байланыс жасау құралы емес,оны тарату техникаға – кітап басу, кино, телевидениеге байланысты.
Жоғарыда аталған қарым-қатынастың сөзден тыс құралы сөйлеу қарым-қатынасын демелеп отырады.
Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз қарым-қатынас құралдарының бірлігіне жету – басқалармен жұмыс жүргізетін мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қарым-қатынас – педагогикалық іс-әрекеттің маңызды кәсіби құралы. Педагогикалық қарым-қатынас – бұл жағымды психологиялық ахуалды тудыруға бағытталған мұғалімнің оқушылармен кәсіби қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны тану, ақпаратпен алмасу, іс-әрекетті ұйымдастыру, өзін-өзі бекіту.
Педагогтың міндеті – оқушыларға өзіндік «Менің» тануға жағдай жасау, өзінің тұлғалық мәнін терең сезінуі, тұлғаның болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Қарым-қатынас қажетті информация алмасуда, басқаруда көрініс беретін заттың іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады. Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады. Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына қатынасы көрінеді. Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін дүниені қабылдау және түсіну үшін адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі. Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым-қатынас деп түсінеміз.
2.Педагогикалық қарым-қатынасты орнату технологиясы педагогикалық мақсатқа сәйкес педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын белгілеуге тәуелді.
Мектептегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастары – бұл өндірістік, саяси, құқытық, моральдық қарым-қатынастар жүйесімен белгіленетін, білім беру міндеттерін шешуге бағытталған өзара әрекеттесу.
Мектептегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастар нормасы – гуманды немесе педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар.
Педагогтың мақсатқа сәйкес қарым-қатынастарын орнату педагогикалық такт, бедел, педагогтың жеке өнегесі, педагогикалық ықпал жасау әдістері және т.б. емес, достық, жолдастық, гумандық қарым-қатынастарды қалыптастырудан көрінеді.
Мұғалім оқушылармен, ең алдымен, оқу процесінде қарым-қатынасқа түседі. Осы қарым-қатынастардың басты ерекшелігі – оқушылардың оқуға, еңбекке, қоғамдық құндылықтарға, достарына белсенді қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы саналылығы. Басқаша айтсақ, қалыптасқан қарым-қатынастар педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданылады.
Педагогикалық процестегі қарым-қатынастар біріккен іс-әрекет барысында қалыптасады.
Қарым-қатынасты орнатуда мұғалімнің жеке тұлғасы ерекше орын алады. Мектепке барғаннан алғашқы кезден-ақ мұғалім сөзсіз беделге ие болады. Бұл жоғарғы сыныпқа дейін сақталады. Пәндік оқуға өткен соң оқушылар көп мұғалімдерге кездеседі. Осыдан келе, оқушылардың мұғалімдерге деген әртүрлі көзқарастары қалыптаса бастайды.
Мұғалім тұлғасының оқушы тұлғасына құлықтық әсер етуі, адамгершілікті қарым-қатынастардың қалыптасуы адамның өзінің табиғатында және адами қарым-қатынастарда жатыр. Осы бағытта адамның бірін-бірі психологиялық негізде тану және олар арасында өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруға жүгінген дұрыс.
Педагогикалық процесте қарым-қатынас орнатуда эмпатия ерекше орныға ие. Оқушыларды тану барысында пайда болатын сезімдер олардың тұлғалық кәсіби қасиеттерін бағалауға көп көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |