Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Энергияны экологиялық үнемді және жауапты пайдалану



бет30/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
Табиғатты пайдалануды басқару ЭҚ311
Энергияны экологиялық үнемді және жауапты пайдалану
Энерготиімділік пен энергиямен қамтамасыз ету стратегиясы салыстырмалы түрдегі қауіптердің төменгі деңгейінде жақсы нәтижелер беруге мүмкіндік береді. Шын мәнінде энерготиімділік принциптері мен экологиялық қабылдалғандыққа негізделген өсу моделі энергоқауіпсіздіктің үндеулеріне ғаламдық жауап болып табылады.
Бұл бағыт Ғаламдық энергетикалық қауіпсіздіктің төрт қауіптеріне тиімді қарсылық жасайды, өйткені энерготиімділікті көтерудегі шаралар тиісті инфрақұрылымдағы энерготасымалдаушылар мен қажеттіліктерге деген сұранысты қысқартудың ең үнемді экономикалық тиімді әдісі болады. Әдетте энергияны сақтау қосымша энергия өндіруден арзан, бірақ ұйымдастыру жағынан қиын. Сонымен қатар, энерготиімділікті көтеру арқасында энергияны пайдаланудың азаюы қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді, әсіресе көшетхана газдарының шығындарының және ластаушы заттардың азаюы.
Энергияны үнемді пайдалану стратегиясы келесіден құралған:
а) ұйымдастырылған-технологиялық энергияны сақтау, яғни энергияны алудың барлық сатысында, алғашқы көздерінен бастап оның шаруашылықта және өндірісте қажеттіліктерге дейін барлық энергия түрлері шығындарының азаюы;
б) тұрмыста және өндірісте пайдаланылатын барлық материалдық ресурстарды утилизациялау;
в) энергоүнемдегіш өмір сүру салты, ол адамдардың бірінші қажеттіліктерінің (азық-түлікте, тұрғын-үйде, қатынаудағы қажеттіліктері) өсуінің ақырындауы (дамыған елдерде төмендеуі). Энергияны үнемді пайдаланудың соңғы аспектісі ең тиімді, сонымен бірге ең қиын іске асырылатыны.
Стратегияның мақсаттық бағыттары – соңғы екі онжылдықтағы тенденцияларда байқалған бұдан да қиын жағдайларда жан басына шаққандағы энергияны пайдалану және жалпы ұлттық өнімге (НВП) жалпы энергияны пайдаланудың өсу өзгергіштігі мағыналарының тұрақтандыруын сақтау.
Дамыған елдердің өз энергияны пайдалануды рационалдау бойынша шаралары 30 жылдан кейін (1973-2002 жж.) мұнайдың нетто-импорты ОЭАР елдерімен 14 %-ға төмендеген, ал бір доллар ішкі жалпы өнімнің (ВВП) мұнай мөлшері екі есеге азайды. Соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері Европа Кеңесі энергияны пайдаланудың 20% энергияны пайдаланудың тиімділігін арттыру арқылы, сақтап қалуы мүмкін. Аталған пайыздың жартысын ЕК1 қарастыруындағы немесе қабылданған шаралар арқылы қолжеткізуге болады.
Халықаралық энергетика агенттігінің санауы бойынша тұтынушыының энергияны пайдалануды төмендету саясаты шеңберінде ең жақсы технологияларды пайдалану арқылы электрқұралдарының энерготиімділігін көтеру қазіргі жағдайға қарағанда 2010 жыл да 642 террават-сағат, ал 2030 жылға қарай 1 110 террават-сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді (ХЭА, 2002 ж.)2. Отынды аз өажет ететін автомобильдер шығару отындық ресурстарға деген қажеттілікті лезде төмендетеді. Болжамдар бойынша экономикасы жылдам дамып келе жатқан елдердегі транспорт секторына энергоресурстарға деген қажеттілік 2002 жылғы 31%–дық сұраныс 2025 жылы 43 % сұранысқа ие болады (ХЭА, 2004 ж.).
Энерготиімділіктің деңгейін көтеру бұндай шараларды қолдануды әлі болса да бірінші орында тұрамаған дамушы елдерде көтеруге болады. Мысалы, экономикасы өсіп келе жатқан дамушы елдерге өздерінің тез дамып келе жатқан машина және құрылғылар паркінің энерготиімділігін көтеруге арналған бірнеше комплектсік шаралар құрып іске асыруға болады. Технологиялық үрдістің көшбасшылары бола тұрып, өндірістік дамыған елдер халықаралық алаңда энерготиімділікті арттыруға бағытталған өз шараларын барынша нығайта алады. Бұл шараларды ортақ мәселелерді шешуге, ақпараттық және технологиялық алмасуға бағытталған ортақ бағдарламалар жасау арқылы барлық елдердегі энергоресурстарды пайдаланудың тиімділігін көтеруге қолдау/көмек көрсету арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен бірге бұл шараларға энерготиімділіктің нормаларын гармонизациялау, энергияның минималды шығындану стандарттарын қабылдау, тұтынушыны өнімнің энерготиімділігі деңгейі туралы ақпараттандыру үшін азық-түліктің маркерлеу бағдарламасын басқару. Аталмыш шараларды энерготиімділік, ЖАҚ-ын энергияны сақтауды насихаттауға қолдану арқылы ғаламдық кампаниялармен толықтыруға болады.
Энергияны экономикалық және экологиялық жауапты пайдалану саласында келесі шаралар болуы қажет:

  • энерготиімділікті қамтамсыз етуде бағалық, салықтық, нормативтік және басқа да механизмдерді қолдану арқылы тізбектілікті және кешендік саясатты ұстану қажет;

  • энергоресурстарды өткізу және өндірудің барлық циклдарын жетілдіруге бағыттауы керек. Энерготиімділікті көтеру энергетикалық сектордың өзінің ішінде орналасқан. Бұл жерде мәселе энергияны өндіру және транспорттау барысындағы тиімділігін арттыру болып отыр, мысалға шикізатты алу, транспорттау және тарату барысында шығындарды азайту, қосымша газды утилизациялау, метан шығындарының көлемін азайту, сонымен бірге электростанция тиімділігін көтеру;

  • транспорт және коммуналды жүйелердің энергетикалық тиімділігін дамуына көмектесу, мысалы отынды үнемдегіш автомобильдер шығару арқылы, транспорттық коридорларды жоспарлау, жол жүрудің, құрылыстың тиімді жақтарын ұйымдастыру, орталықтандырылған жылу жүйелерінің тиімділігін арттыру, құрылыстағы нормаларды жетілдіру. Транспорттық құрылымдарының энергоресурстардың интегралды үдемелі шығындарын 2020 жылы 7-10%, 2030 20-25%-ға төмендету.

  • Энергоөндіруші және энергопайдаланушы құрылғылардың барлық түрлерінің сапалы ерекшеліктерін жақсартуды қамтамасыз ету. Шаралар энергосақтау технологияларын ендіру және дамытуды қолдауға бағытталуы керек. Мысалы, энергияны пайдалануда:әсіресе жарықтандыру құрылғыларында, электроқұрылғыларда, машиналарда, автортранспортта, коммерциялық және өндірістік құрылығыларда. Бар технологияларды кең көлемде пайдалану энергоресурстарды байыпты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тұтынышушылардың энергияны пайдалануын 2020 жылы 7-12%, 2030 жылы 25-30% дейін көтермелеу мақсаты болып отыр.

  • материалдарды қайта өндеу үлесіне қарсы өсуіне жәрдемдесу (металлдар, орман өнімі, полимерлер, құрылыс материалдары және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет