Бақылау сұрақтары 1. Энергетикалық саясаттың негізгі стратегиялық бағыттары қандай?
2. Энергияны экологиялық жауапты пайдаланудың ерекшеліктері неде?
3. Энергияны үнемді пайдаланудың ерекшеліктері неде?
4. Аумақтық энергетикалық диспропроцияның өсуінің себебі неде?
5. Энергетикалық кедейшілік мәселесі қалай шешілуде?
Қолданылған әдебиеттер: Дәріс 8 Мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығы Жоспар Мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарық жағдайы
Мұнай өндірісіндегі ғылыми-техникалық прогресс
Мұнай және мұнай өнімдері нарығының экологиялық, экономикалық, геосаяси факторлары
Ең көп алаңдататын жайт жаһандық мұнай нарығының жағдайы. Дамушы Азия елдерінде мұнай қажеттілігі шұғыл өсіп келеді, ХЭА берген бағасы бойынша – 2003 ж. күніне 21,4 млн. баррельден бастап 2030 ж. күніне 37 млн. баррельге дейін. Бұл процесс мұнайөңдеушілердің, мұнай шығаруда транспорт қуатының және қосымша мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігінің және әлемдік нарықта «қара алтынның» жоқтығының әсерінен болады. Және бір алаңдататын мәселе баға, құн жөнінде. Мұнай бағасының алғаш күрт жоғарылап кетуі 1973 ж. қазанда орын алды. 70-жылдардың басында дамыған елдер Таяу Шығыс елдерінің мұнай импортына тәуелді болып қалды. Сондықтан, Құрама Штаттардың Израильға араб коалициясына қарсы ашқан соғысына қолдау ретінде 1973 ж. орын алған мұнай эмбаргосы дүниежүзілік мұнай бағасының шұғыл өсіп кетуіне әкелді. Келесі дағдарыс 1979-1980 жж. Иран революциясынан кейін орын алды. Нәтижесінде шах тақтан құлап, Иран-Ирак соғыстары басталды, сол кезде мұнай бағасы барреліне 40 долларды құрады. Бірақ мұндай жағдай 1981 ж. мұнайдың әлемдік нарығында елдердің экономикалық дамуының бәсеңдеуіне және мұнай сұранысының құлдырауына әкеп соқты. Дамыған елдер энергияны үнемдеу және мұнай орнын отынның басқа түрлерімен ауыстыру сияқты бағдарламалар жүргізе бастады. Сауд Арабиясы нарықты арзан мұнаймен толтырды, бұл жалпы ОПЕК бағаларының төмендеуіне әкелді.Нарықтағы бұл жағдайлар мұнай бағасының да түсуіне әкелді. 1986 ж. мұнай бағасы құлдырады, ол бір жылда 50% төмендеді. Құлдырау ОПЕК мемлекеттерінің нарықтың бұрынғы үлесін өзіне қайтарып алу туралы шешім қабылдауының нәтижесінде орын алды. Нарықтың жартысы бүкіл әлемдегі табыстың үздіксіз өсуінің нәтижесінде жойылды, бұл 1970 жылдардағы бағаның көтерілуінің салдары болды. Бұдан әрі мұнай бағасы Парсы шығанағындағы тұрақсыз жағдайлар мен Таяу Шығыстағы кезекті дағдарысқа дейін тұрақсыз, ауыспалы болып келді. 1990 ж. Ирактың Кувейтке басып кіруінен кейін мұнай мен мұнайөнімдері бағаларының күрт өсуі байқалды, нарық мұнай тапсырысының 7%-нан айырылды, баға 2 есеге артты. Мұнай шығарушы елдер мұнай тапшылығын жоя алды. Мұның салдарынан мұнайға деген сұраныс тағы да азайып және мұнай бағасы төмендеп кетті. 1994-95 жылдары экономикалық өрлеу басталды, бірақ ОПЕК-ке кірмейтін елдерде өндірілген мұнай мөлшерінің көптігіне байланысты бағалар 13-17$/баррельден аса жоғарылай қойған жоқ. 1999 ж. қаңтар айынан 2000 ж. қыркүйегіне дейінгі аралықта мұнай бағасы үш еселенді. Бұл ОПЕК-ке мүше елдердің мұнай шығару мөлшері азайып, сұраныстың күрт артуының және ауа райы мен қоймадағы қордың азаюы сияқты басқа да факторлардың салдарынан болды. Әлемдік нарықта 2001 жылда басталған мұнай бағасының өсуі 2005 ж. психологиялық кедергілерді бағындырып, Brent маркалы мұнайды барреліне 60 доллар артық жасап басып озды. Тек соңғы жылдардың өзінде бағалар 50%-дан артық өсіп, 2001 ж. қарашасында төрт есеге дейін көтерілді. Brent сұрыбының орташа бағасы ағымдағы жылдың он айында барреліне 54 долларды құрайды, бұл баға өткен жылмен салыстырғанда 1,5, 2003 ж. көрсеткішіне қарағанда 1,9 есеге артық. Соңғы жылдардағы бақылау бойынша бағаның өсу себебі туралы сөз ете отырып, көптеген мамандар мыналарды атап көрсетеді:
Көмірсутек шикізатын шығару мен тасымалдаудың қымбаттауы;
Өндіруші мемлекеттердегі өнімді күрт өсіруге деген құлшыныстың жоқтығы мен қатар еркін күш-қуатының шектеулілігі;
Әскери-саяси сыйақы – соның ішінде ОПЕК мемлекеттерінің қатарында, ең алдымен Ирактағы террористік қауіптің күшеюі нәтижесі;
Нигериядағы кәсіпкерлердің билікпен жанжалдасуы және еңбек дауы мен мұнайшылардың көтерілісі, әсіресе Норвегиядағы;
Жаңадан өсіп келе жатқан мемлекеттер тарапынан сұраныстың өте тез артуы (Үндістан, Қытай, алайда Қытай мұнайды тұтыну жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады, оның 39% импортталады);
Өнімнің қысқаруына әкелетін Мексика шығанағындағы дауылдар қатары.
Мұнай өнімдері бағасының динамикасы жалпылама түрде мұнай бағасының тұрақсыздығын қайталайды, алайда мұнда соңғы кездері АҚШ-та және Еуропа елдерінде мұнайөңдеуші күштердің жеткіліксіздігімен байланысты ерекше тенденциялар байқала бастады. АҚШ-та соңғы 30 жылда бірде-бір жаңа мұнай өңдеуші зауыт (МӨЗ) салынған емес. Егер онда 1981 ж. 381 мұнай өңдеуші зауыт қызмет етсе, қазір тек 148 ғана жұмыс істейді. Осыған байланысты президент Джордж Буш АҚШ-тағы энергия ресурстарының тапшылығын жоюға шақыратын бастамалардың бірі ретінде бұрынғы әскери базалардың орнына жаңа мұнай өңдеуші зауыттар салуды ұсынды. Мұнайдың жеңіл сорттарын шығаруда еркін күштердің сарқылуы аз зардап тигізген жоқ: әлемде ОПЕК елдерінің нарығына қойылатын қышқыл мұнайды өңдейтін МӨЗ тапшы бола бастады.
Ғаламшар территориясы бойынша геологиялық қордың географиялық орналасуының теңсіздігі және энергия ресурстарын пайдалануда бұл географиялық орындарының сәйкес келмеуі энергия тасымалдаушыларға әлемдік және аймақтық сұраныстардың параметрлерін қалыптастырады. Бастапқы энергияға әлемдік сұраныстың артуының 60%-ы дамушы елдердің үлесіне тиеді, себебі олардың халық санының тез артып, экономикасы тез дамиды (6-сурет). Индустриялану мен урбандалу ЭБДҰ (экономикалық бірлестік пен даму ұйымы)-ның мүше мемлекеттеріне қарағанда бастапқы энергия көзіне деген сұраныстың артуына негіз болады. ХЭА-ның болжамы бойынша, 2003-2030 жж. ЭБДҰ-ның мүше мемлекеттерінің әлемдік мұнай сұранысындағы үлесі 59%-дан 47%-ға дейін төмендейді, ал дамушы елдердің үлесі осы уақыт аралығында 31%-дан 44%-ға дейін артады. Мұнайдың жаһандық сұранысында дамушы елдердің үлесіне күніне 26 млн. баррельден келеді, ал өңделмеген мұнайды пайдаланудың жаһандық өсімі күніне шамамен 36,2 млн.баррельден келеді. Сондықтан шикізат өндірісі үнемі артып отырса да оның бағасы жоғары күйінде қалады, себебі еш артылып қалмайды. Енді әлемдік бағаларды бәсеңдету үшін қышқыл мұнайды өңдеуші күштер құру керек. Сұраныстың 3,7 %-ға артуымен қатар қарастырғанда әлемдік мұнай өнімі 2004 ж. шамамен 4%-ға артты және тәулігіне 83 млн. баррель қатарын құрады. Бұл нарықтық оңтайландыру механизмдерінің бірі – өнім қоры қуатының минимумға дейін қысқаруына әкеп соқты. Барлық еркін күш-қуатын іске асырған ОПЕК елдері өнімді 7%-ға арттыра алды. Әлемдік өндірістегі картельдің үлесі өткен жылдың соңында 1,2 %-ға артты және 34,6%-ға теңелді, ал осы жылдың үшінші тоқсанының аяғында 41%-ға жетті. Ірі деген мұнай өндірістерінің арасында бәрінен де Ирактағы өнім артты. Бұл өте қарапайым, яғни ондағы соғыстан кейінгі мемлекеттің мұнай өндірісінің қалпына келтірілуімен түсіндіріледі. Бірақ Ирак әлі де соғысқа дейінгі деңгейіне жете алған жоқ және мұнай өнімі мөлшерінің көрсеткішін тұрақтандыра алмады: 2005 ж. бірінші тоқсанында мұнай көзін өндіру елде артқан жоқ, керісінше төмендеді, содан соң екінші, үшінші тоқсандарда жоғарылағаны байқалды. Алайда мұнай құбырлары мен терминалдарындағы терракттардың нәтижесінде және мұнай саласына инвестициялардың жеткіліксіз болуынан мамандар ирак мұнай өнімінің мәселелерін қайтадан сөз ете бастады. 2005 ж. болжамдар бойынша мемлекет кен орнынан өндіріп жоспарлағаннан 15%-ға кем мұнайды экспортқа жіберді. Осыған байланысты Ирак басшылығының келесі жылы 1,8 млн баррель мұнайды экспортқа шығарамыз деген дайындығы, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1,6 млн баррельге жетіп тұрса да, күмән тудырады. Ерекше өнім қоры бұрынғы КСРО мемлекеттерінде арта бастады: 2004 ж. мұнда 2003 ж. қарағанда 8,7%-ға көп мұнай өндірілді, ал олардың әлемдік өнімнен үлесі 13,5%-ға жетті. Алайда, өткен жылдың төртінші тоқсанынан ТМД елдерінің арасында өнім динамикасы жөнінен көш бастап тұрған Ресейде бұл көрсеткіштің төмендеуі байқалады. Егер ол өткен жылы 9%-ға жетсе, осы жылы бар болғаны 2,5%-ды ғана құрайды. Қазіргі таңда бұл саладағы тоқырауға жол бермеу үшін заң шаралары қолданылуда. Бірақ олар қаншалықты нәтиже беретіні туралы айту әлі ерте. Тағы бір үрдіс – мұнай сұранысының артуында Таяушығыс аймақтарының кезекті рөлінің артуы. 1960 ж. ОПЕК білімі мен аталған аймақтың әлемдік мұнай өндірісінің орталығына жақындауынан бастап оның салалық басқару мерзімі нарықтың әртараптандырылған мерзімімен кезектесіп отырды, ал араб мемлекеттерінің үлесі төмендей берді. Парсы шығанағы мен ОПЕК аймақтары әлемдік өнімнің басым бөлігін иеленген кезінде аталған аймақтардың бірінің тапсырыстан бас тартуы үлкен дағдарыстың туындауына себепші бола алады (8-сурет). Мұны араб елдері 1973 ж. саяси мақсатта қолданды. Және, керісінше, 1960 жылдардың басындағы, 1980-90 жж. әлемдік мұнай нарығының бәсекелестік кезеңінде Таяу шығыста орын алған жағдайлар баға деңгейіне қатты әсерін тигізе алмады. Қазіргі таңда аталған аймақтың үлесі, әсіресе 1970 жылдардағы дағдарыс кезеңімен салыстырғанда онша көп емес. Бірақ US Energy Information Administration болжамдарына сәйкес алдағы онжылдықта оның үлесі қайта өсіп, тұрақсыздығы әсерінен әлемдік мұнай нарығына күрделі әсерін тигізуі мүмкін.
Әлемдік экономиканың дамуы туралы ұзақ мерзімді болжам ХХІ ғасырдың ортасына дейін мұнай әлемдегі энергия тұтынысының 34%-ын қамтамасыз ете отырып, әлемдік отын-энергетикалық теңгерімнің негізгі ресурсы болып қала беретіндігіне көз жеткізеді. Мұнай сұранысы қазіргі 82 млн.нан кемімейді, керісінше артады. Сонымен қатар Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің, оның ішінде ең алдымен стратегиялық мұнай қорын құру туралы жариялаған Қытайдың тарапынан сұраныстың жоғарылауы маңызды рөл атқарады. «Мұнайға деген сұраныстың Қытайдың тарапынан өсуі нарыққа қауіп төндіруші фактор болуы мүмкін,- дейді Cambridge Energy Research Associates басшысы Д.Ергин. – Қытай әлемдік мұнай нарығындағы шешуші және болжаусыз ойыншылардың біріне айналды, себебі мемлекеттің экономикасының қарқынды дамуы мұнай сұранысының күрт ауытқуын көрсетеді». ХЭА болжамы бойынша 2030 ж. дейін Қытайға мұнайды тұтыну мөлшерінің 20% тиесілі болады. Сондай-ақ мұнай өніміне деген сұраныс та жоғары қарқынмен өсетін болады.
Мұнайдың әлемдік қорының сараптамасы сұйық көмірсутек ресурстарының қоры өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қанағаттандыруға жететіндігін көрсетеді. Әлемдік өнімді қамтамасыз етуші мұнай қоры 1 трлн. баррельді құрайды, бұл шамамен 40 жылға жетеді. Бұл көрсеткіш Ресейде – 22 жыл, АҚШ – 11 жыл, Ұлыбританияда одан да аз. Канададағы жағдай сәл жоғары бағаланады. Ал, басқа мұнай өндіруші елдерде бұл көрсеткіштер: Сауд Арабиясында – 86 жыл, Иран мен Венесуэлада – 70 жылдан астам, Иракта, Кувейтте және Біріккен Араб Әмірлігінде – 100 жылдан астам уақытқа жетеді. Алайда орны анықталған мұнай, газ және көмірді қолданудың өзі қазіргі кезде капиталды шығынды қажет етіп тұрады. Өндірістік эксплуатацияға көбіне қиын алынатын және пайдасы аз қорлар алынады. Көмірсутек шикізатының бұрынғысына ұқсас алып орындарын ашудың болашағы жоқ. Оған қоса, геологиялық барлауға, экологияға, тасымалдауға, энергетикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігіне шығарылған шығынды айтуға болады. Сұранысты ресурстармен қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі мұнай өнімі мен жаңа барлау технологияларын жаппай қолдану болып табылады, бұл әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуінің шектелуі кезінде де мұнай қорын, мұнай тасымалдаушы құмдарды және басқа ресурстарды экономикалық тиімді разрядқа ауыстыруға көмектеседі. ХЭА-ның мамандары әлемдік мұнай нарығы күшті орналастырудың мардымды өзгерісін күтеді деп сендіреді. Мұнай бағасы және әлемдік экономика мен тұтынушылардың болашағы таяушығыс және солтүстікафрика елдеріне тәуелді болады. Таяу Шығыс әлемдік мұнай сұранысының 27-38% қамтамасыз ете отырып, негізгі мұнай жеткізуші болып қала беретініне көзіміз жетеді. Бұл осы аймақтағы мұнай қорының барлығымен және өнімнің арзандығымен түсіндіріледі. Салыстырмалы сараптама қорытындысы бойынша, мұнай қорын өндіруде ең аз шығын Сауд Арабиясында екені көрінеді. Басқа Парсы Шығанағындағы өндіруші елдердің шығыны да Сауд Арабиясына тән шығын мөлшеріне ұқсас болып келеді. Тәуелсіз өндіруші елдерде, оның ішінде Ресейде мұнай өндіру өз шегіне 2010 жылы жетеді. Қазір Ресей, Норвегия, Мексика, Канада және АҚШ әлемдік мұнайдың 60% шамасында өндіреді, бірақ 2010 жылдан кейін өндіріс қисығы төмен қарай жүріп, әлемдік нарық тәртібі өзгереді (4-кестені қараңыз). Болашақта мұнай бағасының өзгеруі үш түрлі фактормен анықталатын болады:
Бағаларында айырмашылығы бар болжалды мұнай қорының барлығы;
Мұнай өндірісіндегі ғылыми техникалық прогресс;
Геосаяси және экономикалық факторлар, оның ішінде әлемдік экономиканың жаһандану саясатының жетістігі.
Алдағы екі жылда бағалар $51-54, ал 2008-2030 жж. – $43-50 құрайтын болады деп болжайды атақты және консерваторлық мұнай болжаушыларының бірі америкалық Energy Information Administration (EIA). ХЭА мұнай бағасы алдағы уақытта 2020 ж. дейін 40-50 долл/баррель көлемінде болады деп болжайды.
Алайда мұнай бағасы қазіргі бағасымен салыстырғанда әлде қайда төмендейді және халықаралық нарықта мұнай ұсынысы өсіп сұранысты қамтамасыз ете алады деп санайтын аналитикалар да қысқа мерзімде жаһандық сұраныс пен өндіру қуаты арасындағы тепе-теңдік әлсірейді деп болжайды.