Дәріс №1 Полимерлер туралы негізгі ұғымдар


ІІІ. Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимерлер үш топқа бөлінеді: сызықты, тармақталған және торланған. ЖМҚ



бет4/31
Дата26.08.2022
өлшемі2,87 Mb.
#148252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1869723674629 Лекция ВМС (1)
мақала, Ғылыми стиль, Характеристика, Шай дайын (1)
ІІІ. Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимерлер үш топқа бөлінеді: сызықты, тармақталған және торланған.
ЖМҚ

Сызықты (1) Торланған (2) Тармақталған (3)



Саты (а) Паркет (б) Үш өлшемді (в)


н/е кеңістікте

1)
2)



а б в
3)

Асимметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромолекулалар сызықты полимерлер деп аталды. Оларға: целлюлоза, таза каучук, ақуыздарды жатқызуға болады. Сызықты полимерлер күшті созылғыштығымен, ерігіштігімен сипатталады. Олардың балқу температурасы жоғары болғандықтан, одан мықты талшықтар мен қабыршықтар (пленкалар) алынады.


Негізгі тізбектен жан-жағына таралған тармақтары бар макромолекулалар тармақталған полимерлер деп аталады. Олардың тармақтарының саны мен ұзындығы өте кең аралықта өзгеруі мүмкін. Тармақталған бөлікті қосалқы тізбек деп те атайды.
Мысалы, жоғары қысымдық полиэтилен молекуласын мынадай түрде көрсетуге болады:

Ұзын тізбекті макромолекулалар бір-бірімен көлденең байланыстармен қосылса, торланган немесе кеңістіктік полимерлер түзіледі. Мұндай полимерлік материалдарға, мысал ретінде алмазды, фенолформальдегид шайырын, резеңкені атауға болады.
Үш өлшемді полимерлердің сызықты полимерлерге қарағанда созылғыштығы төмен. Кей кезде ондай полимерлер сынғыш келеді.
ІV. Қыздырғанда байқалатын өзгерістеріне байланысты полимерлік материалдар термопластар жэне термореактивті (реактопласты) болып бөлінеді.
Термопласты полимерлердің қасиеттері қыздырған кезде ақырындап өзгеріп, белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Олардың балқуы негізінен молекулааралық күштер әрекетінің азаюынан және молекуланың кинетикалық энергиясының артуынан болады. Сұйық термопласты полимерлерді суытқанда кері өзгеріс байқалады, полимер сұйық қалпынан қатты зат күйіне ауысады. Осындай өзгерістер кезінде полимерлердің химиялық табиғаты өзгермейтін болғандықтан, балқыту және салқындату процестерін бірнеше рет қайталауға болады.
Термопласты полимерлерге полиэтилен, полистирол, поликапролактам және т.б. жатады.
Фенолальдегидті, карбамидальдегидті және басқа шайырлар өзгеше қасиет көрсетеді. Бос функционалды топтары немесе қанықпаған байланыстары болғандықтан оларды қыздырғанда сызықты макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болып, торланған құрылымды полимерлер түзіледі. Мұндай полимерлер қыздырғанда да, артынша суытқанда да өздерінің қасиеттерін бастапқы қалпына келтіре алмайды. Сондықтан оларды термореактивті полимерлер деп атайды.
V. Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық жэне элементорганикалық болып бөлінеді.
Органикалық попимерлерге көміртектен, сутектен, оттектен және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді.
Бейорганикалық полимерлердің молекуласы кремний, алюминий, стронций жэне басқа элементтердің атомдарынан құрылған.
Элементорганикалық полимерлер екі түрлі бола алады: негізгі полимерлік тізбектің табиғаты бейорганикалық болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады немесе керісінше.
Полимер тізбектері блок деп аталатын әртүрлі полимерлердің қысқа тізбектерінен құралуы мүмкін. Мысалы, (егер мономер молекуласының біреуін А әрпімен, ал екіншісін В әрпімен белгілесек):
- А – А – А – В – В – В – А – А – А -
Мұндай полимерлерді блок-сополимерлер деп атайды.
Негізгі тізбек тек қана А мономерден, ал қапталынан тараған бүйір тізбектер В мономерінен тұратын макромолекулалық құрылымдар болуы мүмкін:

Мұндай полимерлерді жалғанған сополимерлер (графт-сополимерлер) деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет