Дәріс №1 Полимерлер туралы негізгі ұғымдар


Полимерлердің номенклатурасы



бет5/31
Дата26.08.2022
өлшемі2,87 Mb.
#148252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1869723674629 Лекция ВМС (1)

2. Полимерлердің номенклатурасы.
Номенклатура полимерлердің аталу ережесін және түзілу принциптерін қамтамасыз етеді. Оған мынадай екі міндет жүктеледі: полимерлердің атауы бойынша химиялық құрылымын анықтауға және көбірек таралған полимерлерді оңай танып білуге мүмкіндік жасайды. Бірақ, жалғыз номенклатура бұл талаптардың барлығына мүмкіндігі жетпейді, сол себептен қазіргі кезде бірнеше номенклатуралалардың түрлері бар.
Тривиалды номенклатура. Тривиалды номенклатура көптеген мамандардың арасында кеңінен қолданылады. Мысал ретінде көпшілікке белгілі тефлонды келтірейік, бұлай деп политетрафторэтиленді атайды. Фенопласт, аминопласт, поликарбонат сияқты белгілі атаулар. Мұндай атаулар полимерлердің химиялық құрылымы туралы мағлұмат бермейді.
Рационалды номенклатура. Рационалды номенклатура полимерлену әдісімен алынған полимерлерде жиі қолданылады. Мономер алдына «поли» деген сөз қосылады. Егер мономер бірнеше сөзден тұрса, ол жақшаға алынады:

Егер бір полимер әр түрлі мономерлерден алынса, олардың атауларында екіжақтылық болады. Бұл, әсіресе, полиэфирлер мен полиамидтерге тән. Мысалы, 6-аминкапрон қышқылынан алынған полимер поли (6-аминкапрон қышқылы) деп аталса, ε- капролактамнан алынған полимерлер поли (ε- капролактам) деп аталады:



Бұл аталған номенклатураны белгілі полимерлер үшін қолданған жөн.
Егер полимер поликонденсация әдісімен екі мономерден алынса, «поли» сөзінен кейін жақша ішінде мономер аттары көрсетіледі. Белгілі класқа жататын сол полимерге тән атау соңына жазылады. Мысалы:

ИЮПАК ұсынған жүйелі номенклатура. XX ғасырдың 70-жылдарындағы ИЮПАК (International Union Pure and Applied Chemistry) полимерлерді атау үшін жүйелі номенклатура ұсынды. Бұл жүйе полимер тізбегіндегі қайталанып келетін бөлікті құрайтын құрылымға негізделген. Қайталанатын буын құрылымы (ҚБҚ) дегеніміз ең кіші атом топтарының қайталанып келуінен полимер тізбегінің түзілуі. Көпшілік жағдайда ҚБҚ мономер буынымен сәйкес келеді. Мысалы, полиэтилен осы номенклатура бойынша полиметилен деп аталады, ал қайталанып келетін топ- СН2 – болып табылады.
Полимер атауы «поли» сөзінен басталады, жақша ішінде ҚБҚ жазылады. Полимерге атау беру үшін:

  1. ҚБҚ –ды анықтау керек.

  2. ҚБҚ – ды бағыттау керек.

  3. ҚБҚ – ға атау беру керек.

ҚБҚ қарапайым немесе буыншалардан тұруы мүмкін. Атомдар немесе буыншалар ҚБҚ орналасу реті бойынша солдан оңға қарай үлкендігі төмендейді.
Бірнеше мысалдар келтіріп, атауын жазайық:


1 – кестеде көп таралған полимерлердің рационалды және жүйелік номенклатурасы келтірілген.
Бейорганикалық және элементорганикалық полимерлердің номенклатурасы. Бұл полимерлердің номенклатурасы рационалдық және жүйелік болады. Екі жағдайда да элементтердің үлкендігі органикалық қосылыстар үшін алынған қатарға қарама – қарсы келеді. Бейорганикалық және элементорганикалық полимерлер үшін үлкені периодтық жүйеде Fr, кішкенесі – F.
ИЮПАК номенклатурасы бойынша органикалық полимерлерге тән ережелер сақталады. Сызықтық полимерлерді атауының алдына «катена» (латын тілінен аударғанда «catena» - «тізбек») деген қосымша жазылады.
Егер ҚБҚ бірнеше аотм болса, орталық атомда атағаннан соң, қосымша μ, одан әрі дәнекер лиганд жазылады. 2 - кестеде кейбір бейорганикалық және элементорганикалық полимерлердің атаулары келтірілген.
Сополимер номенклатурасы. Сополимер макромолекуласының құрылысы гомополимерлерге қарағанда күрледі болып келеді. Макромолекула құрамындағы барлық буындардың құрылысын және олардың тізбекте орналасуын білу қиын. 1985 жылғы ИЮПАК-тың ұсынысы бойынша соплимер атауы оның құрылым ұстанымы емес, шығу тегіне негізделген. Сополимерлердің құрамы және буындардың тізбекте орналасуы сан алуан болады, дегенмен барлық сополимерлерді мынадай жеті типке бөлуге болады:
1 – кесте. Кейбір сызықты полимерлердің атаулары.

1 – кестенің жалғасы


2 - кесте. Кейбір бейорганикалық және элементорганикалық полимерлердің атаулары.


1. Құрылысы белгісіз сополимерлер. Егер сополимер А және В мономерлерінен тұрса, жүйелік номенклатура бойынша поли (А- со – В) деп аталады. Мысалы, стирол мен метилметакрилат сополимерлерінің атауы поли (стирол–со-метилметакрилат) болады.


2. Статистикалық сополимерлер. Мономерлік буындар тізбекте статистика заңдарына сүйене орналасады. Мысалы, Бернулли статистикасына. Сополимер атауы поли (А-стат-В).
3. Кездейсоқ сополимерлер. Бұл статистикалық сополимерлердің ерекшеленген түрі. Мономерлердің тізбекке қосылуы олардың реакциялық қабілетіне байланысты емес, кездейсоқтық заңымен анықталады. А және В мономерінен тұратын кездейсоқ сополимер поли (А-кез-В) деп аталады.
4. Алмасушы сополимерлер. Бұл сополимерлердің құрылымы ретті болып келеді, сондықтан А және В мономерлерінен тұратын осындай сополимерлер поли (А-ал-В) деп аталады.
5. Периодтық сополимерлер. Мұнда буын тізбекте ретті орналасады. А,В, және С мономерлерінен түзілген сополимерлердің құрамы төмендегідей болуы мүмкін:
-АВВАВВАВВ- немесе – АВВ-
-АВСАВСАВС- немесе – АВС- және т.б. Осы екі сополимерлер былай аталады.
поли (А-период-В-период-В),
поли (А-период-В-период-С).
6. Блок сополимерлер. Олардың құрылымы бізге белгілі.
Сондықтан А және В мономерлерінен түзілген мұндай сополимерлер –АААААА-ВВВВВ-поли А-блок-поли В деп аталады.
7. Жалғанған сополимерлердің ең қарапайым түрін
-ААААААААААААА-
| | |
В В В
| | |
Поли А-жалғ-поли В деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет