Дәріс №3 Заттың полимерлі күйдегі ерекшеліктері. Макро-молекуланың конфигурациялық изомериясы және конформациясы.
Дәріс мақсаты: Макромолекулалардың негізгі сипаттамаларын (молекулалық массалық таралу, конфигурациясы және конформациясы, иілгіштігі, пішіні мен мөлшері) түсіндіру.
Молекулалық масса және молекулалық массалық таралу (Полимерлердің молекулалық массасы, оның таралуы, фракциялау әдістері).
Макромолекуланың конфигурациясы.
Макромолекулалардың конформациясы.
Макромолекуланың иілгіштігі (макромолекулалардың пішіні мен мөлшері,
термодинамикалық және кинетикалық иілгіштік).
1. Молекулалық масса және молекулалық массалық таралу. Полимерлердің көпшілік қызықты да ерекше қасиеттері оларлың өте жоғары молекулалақ массасына байланысты. Мысалы, полимерлерге тән маңызды механикалық беріктік қасиет, оның молекулалақ массасы белгілі бір шамадан артқанда ғана байқалады. Әдетте полимердің қажетті қасиеттері молекулалақ массаның белгілі бір аралығында сақталады. Ол аралық полимердің табиғатына, құрылымына, алу жолдарына тікелей байланысты. Практикалық маңызы бар полимерлер дайындағанда мұның бәрін ескеріп, синтезді алдын-ала қажетті жолмен өткізе білген жөн.
Полимер мен төмен молекулалық қосылыс үшін молекулалық масса деген ұғым бірдей емес. Кез келген таза төмен молекулалық қосылыстың құрамына сәйкес нақты молекулалақ массасы болады, ол алу жолына байланысты емес. Ал полимер ұзындығы әртүрлі макромолекулалардан тұрады. Алу жағдайына қарай макромолекула тізбегіндегі буындар саны, яғни оның молекулалық массасы әртүрлі болады. Сондықтан полимер полидисперсті келеді, оның молекулалық массасы біркелкі болмайды.
Ұзындықтары әртүрлі, бірақ бірдей химиялық буындардан тұратын макромолекулалар полимергомологтар деп аталады. Молекулалық массалары өскен сайын полимергомологтар қасиеттерінің айырмашылығы жоғала бастайды. Жоғары молекулалық полимергомологтардың қоспаларын бір-бірінен бөліп, белгілі бір молекулалық массасы бар дербес зат алу мүмкін емес. Мұндай полимерлер орташа молекулалық массамен өрнектеледі. Орташалау әдісіне байланысты молекулалық масса орташасандық, орташамассалық және орташатұтқырлық болып бөлінеді.
Орташамолекулалық массаны М табу үшін полимердегі молекулалар санын N және әр молекуланың молекулалық массасын М білу қажет. Мысалы, молекулалық массасы М1, N1молекула, молекулалық массасы М2, N2 молекула, молекулалық массасы М3, N3 молекула және т.б. деп қарастырылады.
Орташасандық молекулалық масса – барлық молекулалардың молекулалық массаларының қосындысының, яғни полимердің жалпы массасының, барлық молекула санына қатынасы. Сонда есептеу үшін әрбір молекулалық массаның мәнін осындай молекулалық массасы бар молекула санына көбейтіп, алынған көбейтінділерді қосады да, барлық молекулалардың санына бөледі:
Орташамассалық молекулалық массаны - әр молекуланың молекулалық массасын Мi осындай молекулалық массаның барлық молекулалық массадағы үлесіне көбейтіп, нәтижелерін бір-біріне қосу арқылы табады:
Жалпы молекулалық массаны десек, әр молекулалық массаның үлесі:
Сонда
немесе
Полимерлердің молекулалық массасын орташатұтқырлық молекулалық массамен де сипаттауға болады.
мұндағы а – экспериментті түрде анықталатын константа.
Әдетте, орташасандық молекулалық масса орташамассалық молекулалық массаға тең бола бермеді. Көпшілік тура тізбекті полимерлер үшін мәні - ға жақын. Молекулалық массасы біркелкі монодисперсті полимерлер үшін ; ал полидисперсті полимерлер үшін .
Орташасандық молекулалық масса полимер ерітіндісінің қату температурасының төмендеуі (криоскопия), қайнау температурасының өсуі (эбулиоскопия), осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға не молекула санына тәуелді қасиеттерді өлшеу арқылы анықталады.