Дәріс № 13. Сүт және сүт өнімдерінің жалпы технологиясы
Сүт және сүт өнімдерінің жіктелуі
Дәріс жоспары:
1. Сүттің жіктелуі.
2. Сүт өнімдерінің жіктелуі.
2.1. Сепарацияланған сүт өнімдері.
2.2. Сүтқышқылды өнімдер
2.3. Жоғары технологиялы сүт өнімдері.
1. Сүттің жіктелуі. Сүт өндірісінің шикізаты ретінде табиғи сүт, майсызданған сүт, кілегей жатады.
Табиғи сүт – ешқандай қоспасыз майсызданбаған сүт. Ол өткізілімге түспейді, себебі оның құрамындағы СОМО мен майды стандарттауға келмейді. Сүттің және сүт өнімдерінің әртүрлі түрлерін өндіруге қолданылады.
Майсызданған сүт — сепарациялау арқылы алынған және құрамындағы май 0,05% дан көп емес сүттің майсызданған бөлігі.
Кілегей — сепарациядау арқылы алынған сүттің майлы бөлігі.
Пастерленген сүт – белгілі бір температуралық режимде термиялық өңделген сүт.
Нормаланған сүт— құрамындағы май мөлшері талапқа сай келтірілген пастеризацияланған сүт.
Достарыңызбен бөлісу: |