2.2. Сүтқышқылды өнімдер.
Сүттегі қанттың көп мөлшерін сүтқышқылы бактериялары қорытқан соң сүт қышқылданады. Бірақ ол оның тағамдық құндылықтарының жоғалғандығын білдірмейді. Керісінше сүтқышқылды өнімдер көптеген адамдарға сіңімді болады.
Ең белгілі сүтқышқылды өнімдерге жатады:
Ұйыған сүт – сүтке ешқандай қоспасыз ашыған ең қарапайым өнім. Бұл адамға ертеден белгілі сүтқышқылды өнімге жатады.
Ірімшік. Негізі ірімшік ең сұйық бөлігі сарысуы сығылған сүт - дәл сол простокваша.
сыр – ірімшікті термиялық өңдеуден кейінгі сүт өнімі.
қаймақ – ашыған кілегей. Майлы кілегейдің жақсы ашуы үшін оған арнайы ашытқыны қосады. Бірақ онсыз да қаймақ жақсы болып шығады.
кефир және йогурт – алдын ала кілегейі алынған сүтті ашыту арқылы алынатын бір-біріне жақын өнімдер. Тек кефирді дайындау кезінде көптеген бактериялар, ашытқылар және таяқшаларды қолданады. Ал йогуртты өндіруді қарапайым сүтқышқылы бактериялары атқарады.
ряженка – піскен сүтті ашыту арқылы алынатын өнім.
айран – йогурт, дәмдеуіштер мен ароматизаторлардың орнына тұз қосылады.
Қымыз бен шұбат – биенің және түйенің сүтінен жасалған ұйыған сүт.
Әртүрлі үй жануарларындағы сүттің әртүрлі фракцияларынан алынатын көптеген сүтқышқылды өнімдер бар.Бірақ олар көп белгілі емес.
Қосымша жаңа технологияларды қолдану арқылы алынатын сүт өнімдерінің түрлерін айтпай кетпеу мүмкін емес.Себебі олардың танымалдылығы дәстүрлі өнімдердің танымалдылығынан қалыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |