15-сурет . Көмірсулардың пируватқа дейін арнайы тотығу жолдары
б) Липидтер липаза арқылы глицерин мен бос май қышқылдарына ыдырайды.
Глицерин энергия көзі ретінде жұмсала алады. Глицерин глицеролкиназа ферментінің
әсерінен глицерофосфатқа айналады. Глицерофосфат НАД
+
тәуелді дегидрогеназа арқылы
тотығып, глицеральдегидфосфатқа айналады. Глицеральдегидфосфат цитоплазмада
гликолиз процесіне еніп, әрі қарай тотығып пирожүзім қышқылын береді.
в) Белоктар пептидгидролазалардың
әсерінен ыдырағанда, түзілген реакция
өнімдерінің құрамында барлық 20 амин қышқылдары кездеседі. Осы 20 амин
қышқылдары 20 түрлі жолмен, көптеген ферментативті реакциялар нәтижесінде
тотығады. Осы
барлық тотығу жолдары ақырында, бірнеше аралық өнімдердің түзілуіне
алып келеді. Бұл аралық метаболиттер үшкарбон циклына түседі.
Күрделі органикалық заттар – белоктар, көмірсулар,
липидтер ас қорыту жолдары
ферменттерінің әсерінен қорытылып, сіңірілгеннен кейін,
қан арқылы ағза тіндерінің
жасушаларына түседі. Жасушада метаболиттер спецификалық өзгерістерге ұшырайды,
яғни әрқайсысы, ерекше жолдармен тотығады (16-суреттер).
Осы процестер кезінде,
соңғы өнім ретінде аралық универсалды метаболиттер: пирожүзім қышқылы немесе
активті сірке қышқылдары (ацетил – КоА) түзіледі.
16-сурет.
Амин қышқылдарының жалпы тотығу схемасы және
аралық өнімдердің
үшкарбон
қышқылы
циклына ену жолдары.
.
Жасушада глюкоза, глицерин және кейбір амин қышқылдары арнайы жолдармен
тотығуы нәтижесінде, пирожүзім қышқылына айналады. Ол пируватдегидрогеназды
мультиферментті
комплекстің қатысуымен, тотығудан декарбоксилдену реакциясы
нәтижесінде, активті сірке қышқылына айналады:
CH
3
O
│
║
C=O
CH
3
– C = O ~ SKoA
│
НАД НSКоА
Ацетил-КоА
COOH
НАДН
2
СО
2
Пируват
Пируватдегидрогеназды комплекс
Энергия
алмасудың
бірінші
сатысында
көмірсулар,
липидтер,
амин
қышқылдарының тотығуы нәтижесінде түзілген активті сірке қышқылы (АСҚ), тек қана
үш карбон қышқылы циклында тотығады.
Достарыңызбен бөлісу: