Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып дамуына қосқан үлесі.
Қазақ, татар тілдеріндегі газет-журналдарды окып («Айқап», «Қазақ», «Шора», «Уақыт»), көркем әдебиет үлгілерімен танысады. Қолы бос уакытында Павлодар қаласына барып орысша да оқиды.
С.Дөнентайұлының өмірі мен шығармашылығын қарастыру, зерттеудегі алғашқы ізденіс «Абай» журналында жарияланған М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың («Екеу») «Абайдан соңғы ақындар» мақаласынан (1918) бастау алады. Олар Абай дәстүріндегі ұлттық поэзияның тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық үрдісіне тән басты сипаттарды екшеп, сол тұстағы қазақ ақындарын бірнеше жікте саралайды. С.Дөнентайұлы шығармашылығын халықтық ақындар қатарында қарастырып, поэзиясының негізгі ерекшелігі мен шеберлік қырларына қатысты: «Халықшыл ақындардың ішіндегі алдыңғы қатардағы Сәбит. Сәбиттің өлеңі қысқа, дәмді, аз сөзге көп мағына сыйғызғыш. Сөзді ойына құл қылған, тілі тәтті, дәл келеді. Сәбит өлеңінде көңілге шақ еткізе түсіретін тапқыштық, салыстырғыш, сыншылдық, аса терең болмаса да төрт тағандап түсетін нығыздық бар. Мысалы: «Әр жан, әр түрде», «Той», «Азаттық күні», «Жаңа жылға» әм басқалары сықылды. Өлеңдері сұлулығы, ұғымдылығы, тілге жеңілдігі, тәттілігімен қандай надан адамның болсын көңіліне қона кетеді. Сөзге еркін, бай екендігіне хаттап тізген өлеңі дәлелң1 деген пікір білдіреді. 1919 жылы «Трудовая Сибирь» (Омбы) журналында басылған «Киргизская литература» мақаласында С.Садуақасов ақын шығармашылығы туралы: «...Из числа четырех последних резко выделяется поэт-народник С.Донентаев. Стихи его чисто киргизского духа и в них чувствуется сильная национальная струя. По стройности рифмы и гармоничности слога, по своему глубокому содержанию и, наконец, по поразительной меткости стихи Донентаева находят себе равных только в произведениях отца народной поэзии Байтурсунова и нежного лирика Жумабаева»2 деп өлеңдерінің ұлттық сипатын баса көрсетеді.
ХХ ғасырдың 20–30-жылдары әдеби мұраны игеруде және ақын-жазушылар шығармашылығын тануда маркстік-лениндік әдіснама талабынан туындаған қате теориялар орын алды. Көркем шығарма құндылығы суреткердің ұстанған саяси бағытымен, таптық танымының партиялық қағидаға қаншалықты үйлесуімен бағаланды. Ұлт әдебиетін танудағы мұндай тұрпайы социологиялық талдау үрдісінен Сәбит шығармашылығы да тыс қалмады. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Ғ.Қараш, С.Торайғырұлы, М.Әуезұлы, Б.Күлейұлы сынды алашшыл қалам қайраткерлері қатарында С.Дөнентайұлы шығармашылығы да «ұлтшылдық» әдебиет өкілі тұрғысынан қарастырылды.Ақын өлеңдері 1930 жылдан бастап мектеп оқулықтарына, хрестоматияларға енгізілді. С.Мұқановтың кіріспе мақаласымен Қазақстанның 10 жылдығына арналған жинақта Сәбит өлеңдері де басылды (1930). М.Әуезов құрастырған, орта мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет хрестоматиясында (1937) «Замандастарң, «Драмашыға», «Біздің колхоз бәйге алды», «Ерікті Айша», «Бай мен комсомол» өлеңдері жарияланды. Сонымен қатар Е.Ысмайыловтың 9-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясында (1942), Т.Әбдірахмановпен Қ.Жармағанбетовтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап құрастырылған ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті хрестоматиясында (1959), ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағында (1963) С.Дөнентайұлының шығармалары берілді. С.Дөнентайұлының 1915 жылы Уфа қаласында «Уақ-түйек» атты алғашқы өлең жинағы жарық көргені жоғарыда айтылды. Содан кейін, 1935 жылы ақын жинағы «С.Дөнентаев өлеңдері» деген атпен Қазақ көркем әдебиет баспасынан шықса, араға он бес жыл салып, яғни 1950 жылы өлеңдер жинағы жарияланды.
1957 жылы ғалым Е.Ысмайыловтың «Сәбит Дөнентаев» атты көлемді зерттеу мақаласымен ақынның толық шығармалар жинағы жарық көрді. Мұнда ақын мұрасы жан-жақты қамтылып, өлеңдері мен әңгіме, очерк, фельетон, мақалаларына түсініктемелер берілді. Соңғы жылдары С.Дөнентайұлының «Бозторғай» (1989), «Ұрпағыма айтарым» (1989) деген атаулармен жинақтары жеке кітап болып шықты.
Ақын мұрасын, шығармашылығын арнайы зерттеу мәселесін алғаш ғылыми негіздеген Е.Ысмайылов болды. Әдебиетшінің «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» атты оқулығында (1941, 1943, 1946 ) күрделі кезең әдебиетінің даму үрдісі жүйелі қарастырылды. Ғалым ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін «Сыншыл реализм» және «Демократияшыл әдебиет» деп жіктеу арқылы белгілі ақын-жазушылар шығармашылығын жан-жақты саралап, олардың әдеби мұрасын дұрыс бағалауда құнды пікір білдірді. Көрінекті ғалым Б.Кенжебаев та С.Дөнентайұлы шығармашылығын зерттеуге өзіндік үлесін қосты. «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958) деген еңбегінде Сәбит мұрасын ағартушы-демократ ақын-жазушылар қатарында талдап, әдебиет тарихында алар маңызын негіздеді.
С.Дөнентайұлы өлеңдерін жариялау ісіне ақынның туған қызы Сәулет Сәбитқызы да хал-қадерінше үлес қосты. Атап айтқанда, «Ұрпағыма айтарым» (1989) атты ақын жинағын құрастырып, баспаға әзірлеген болатын. Ақын есімін ұрпақ зердесінде қалдыру мақсатында туған ауылы Құркөл орта мектебіне Сәбит Дөнентайұлы аты берілді.
«Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?» деп отаршылдық езгідегі халқының ұлт намысын қайрап, ел мүддесін мұрат тұтқан ақын С.Дөнентайұлы мұрасы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің айтулы өкілдері қатарында айрықша орын алады. Академик С.Қирабаевтың: «Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен оты бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін жалғастырып әкетті. С.Торайғыров, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Әуезов сияқты бірін-бірі толықтыра шыққан жастар тобы әдебиеттің жанрлық, тақырыптық ізденістерін байытып, қазақ халқы өмірінің шындығын кең көлемде бейнелеуге жетті. Елдің артта қалушылығын сынап, шеней отыра, отаршылдық езгіге қарсы үн көтерді, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға тырыстың3 деген пікірі ұлт-азатшыл бағыттағы қаламгерлер мұрасының құндылығын, өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан да ұлт әдебиетінің көркемдік даму үрдісіндегі осынау өзекті де маңызды тақырыптық-идеялық арна мен ақынның саяси-әлеуметтік лирикасының тығыз сабақтастықта қарастырылуы заңды.
Ұлтты ояту, отарлық қыспақтағы ел мүддесі, қазақ халқының азатттығы – Сәбит поэзиясының басты өзегі. Дәуір талабынан туындаған бұл келелі тақырыптарға үн қосқан ақын ізденісі әдебиеттегі ұлттық сарынның терең қоғамдық және әлеуметтік сипат алуын да көрсетеді. Бұл ретте әлеуметтік ой-пікірді құлдық санадан арылтуда «Қазақң, «Айқапң басылымдарының қоғамдық маңызы мен ықпалы зор болды. Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де халық санасына азаттық пен азаматтық, ағартушылық пен адамгершілік ізгі қасиеттер дарытқан осы басылымдарда жарияланды. М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірің (1922 -1923) зерттеуіндегі: «Жазылған ұсақ өлеңдер, әңгімелер, барлық мақалалардың бәрі де қазақты ұйқыдан ояту, сергіту, оқығандарын түзу жолға салу, соларға басшы болу, қазақ ісіне көз-құлақ болуға арналған. Бұл тұтынған жолда «Қазақң газеті өз міндетін атқарадың4 деген пікір басылымның саяси-әлеуметтік, қоғамдық өмірдегі атқарған тарихи маңызын айқын танытады.
Ұлттық мүддесін басты орынға қойған басылымдардағы көсемсөз, саяси-әлеуметтік лирика «Оян, тұр, жатпа, қазақ!ң – деп халықтың елдігі мен ерлігінің сарқылмас бұла күшіне үміт артты, тың серпіліс берді. Ғасырлар тоғысындағы отаршылдық пен отаншылдық арасындағы бітіспес майданда ұлт тағдыры мен азаттығын сезінуде әр азаматтың жұрт алдындағы өтелуі тиіс парызын парасат пайымына салды. Ал А.Байтұрсынұлының «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керекң деген ұлағаты қазақтың жоғын жоқтап, ар-намысын жыртқан ақындардың қай-қайсысына болмасын ой салғаны, бойтұмары мен ұстанымы болғаны тарихи шындық.
Ояну дәуірі ұлт әдебиетіне әлеуметтік, қоғамдық күрделі мәселелерді алға тартты. Дәстүр жалғастығына орай әдебиеттегі ағартушылық, демократтық, гуманистік ой-пікір ендігі кезекте мақсаты айқын саяси күрес сипатындағы ұлттық (Алаш) идеямен жаңғыра түсті. «Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауруын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емесң (А.Байтұрсынұлы) екенін ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің озық өкілдері жан-тәнімен сезінді. Сәбиттің «Уақ түйекң жинағына (Уфа.1915) енген өлеңдеріндегі басты арнада ұлттық бірлік, халық қамы және әр азаматтың өз еліне адал қызмет етуі болатын. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ
еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Олардың екі жақты
езгінің астында отырғанын баяндауы. Қоғамдағы әлеуметтік
әділетсіздікті әшкерелеуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, үлгілі
мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі
келеңсіз жағдайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық
көріністеріндегі келеңсіздіктерді сынға алуы ("Заман кімдікі", "Менің
жайым", т.б.). Абай дәстүрінен үйренуі. "Уақ-түйек" жинағы. Шыншылдық бағыт ұстауы.
Мысал өлеңдер жазуы ("Бозторғай", "Ыбылыс пен шайтан", "Ауырған арыстан", т.б.). Сәбит мысалдарының өзіне тән ерекшеліктері. Ақын мысалдарының ащы сықақ түрінде, шағын өлең үлгісінде жазғандығы. Заман тақырыбына ден қоюы. Төңкерістен кейінгі жағдайларды жырлауы. Өлеңдеріндегі ойдың тереңдігі («Қыл» «Ой»). Түрлі тақырыптарда жазған мақалалары.
Сәбит поэзиясының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері. Шағын формада салмақты да ғибратты ой тұжырымдау қасиеті.
Сұрақтар:
Өз заманының ащы шындығын жырлаудағы Сәбит Дөнентайұлының реалистік үні
Мысал өлеңдері