Н.Орманбетұлы өлеңдеріндегі азаттық идея Шығармашылық өмірбаяны. Білімдарлығы, сөзге ұсталығы, шешен адам болғандығы. Абай үлгісінде өлеңдер жазуы. Шығармаларының көркемдік бояуының қанықтығы.
Өлеңдері. Өз заманының ащы шындығын жырлаудағы Нарманбет ақынның реалистік үні. Орыс патшалығының отаршылдық саясатына өзіндік көзқарасын білдірудегі батыл үні. Осы бағыттағы "Заман", "Аждаһаның аузында", "Сарыарқа" тәрізді қуатты жырлары Өлеңдерінде әділетсіздікті сынауы.
Патша өкіметін адамзатты жалмауға бет алған аждаһаға теңеуі. Аждаһаның аузындағы қазақ халқының тағдырын көркем де кестелі жырлауы.
Оқуды, білім мен ғылымды насихаттауы. Халық басындағы тұрмыс ауыртпалығының негізгі себебін сауатсыздықтан деп пайымдауы. Ел ішіндегі сауатсыздықтың кеселін терең түсінуі.
Нарманбет өлеңдерінің поэтикалық бояуы, тілінің шұрайылы. Бейнелі тіркестердің, жанды образдардың қолданысы. Нақыл сөздерді көркемдік құрал ретінде көріну деңгейі.
Ақын өлеңдеріндегі заман шындығының соншалықты ашық әрі батыл айшықталуы. Нарманбеттің 1916-1917 жылғы оқиғаларға байланысты шыншыл да батыл шығармаларында ("Сарыарқа сайран жерім-ай", "Тілекті хақ берген күн", "Ұран", т.б.) көтерілетін тақырыптар және сол сипаттағы шығармалардағы айтылар ой-тұжырым.
Нарманбет ақынның әдеби мұрасының тағдыры. Оның ұзақ жылдар бойы беймәлім жатуының сыры.
Нарманбет Орманбетұлы O 1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
Нарманбет Орманбетұлы O Шығармашылық тақырыптары: O Өнер-білімге шақыру: «Ғылым туралы», «Ақыл бір алтынға ұқсас допдомалақ» т.б. өлеңдерінде оқубілімнің, ғылымның, білімділік пен ақылдылықтың адам өміріндегі орнын жоғары қояды.
Нарманбет Орманбетұлы O Шығармашылық тақырыптары: O Әлеуметтік теңсіздік: O «Сахараға қарасақ», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Ұран» атты өлеңдерінде қазақ өміріндегі келеңсіз құбылыстарды суреттеді. Нарманбет Орманбетұлы O Шығармашылық тақырыптары: Абайға еліктеу: O Ұлы Абайдың өнегелі өмір жолын өзіне үлгі, бағытбағдар етіп отырды. Сол кездегі қазақ бойындағы еріншектік, бойкүйездік, жалқаулық сынды жаман әдеттер мен тұрмысында кездесетін орын алып отырған кінараттарды түгел тізіп, Абайша қатты сынға алған. Абайдың алтыаяғы үлгісінде өлеңдерін жазған. «Қазақ ұлы біз тұрмыз», «Шал қайғысы» атты өлеңдері осы үлгіде жазылды.
2 сағ.
13
Т.Жомартбайұлы шығармашылығы
Тайыр Жомартбайүлыньщ «Қыз көрелік" романы және оның тақырыбы. Сол арқылы заман мәселелеріне үн қосуы. Ағартушы-демократтық бағытөкілдерінің дүниетанымы мен көзқарастарының ауқымдылығы. Заман өзгерістеріне әртүрлі дәрежеде үн қосуы. Көзқарастарындағы ағартушылық, демократтық идеялардың басымдығы. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарауы. Ел өміріндсгі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, сауатсыздық мәселелерін батыл көтеруі. Әрбір құбылысқа қатысты сыншылдық көзқарастары мен тұжырымдарының айқындығы. Сонымен қатар бұл топтағы ақын-жазушылардың өз ішіндегі түсінік, көзқарастардың әралуандығы. 1916-1917 жылдардағы оқиғаларға, "Алаш" қозғалысына қатысты түрлі көзқарастардың бой көрсетуі. "Алаштың" мәні. Осы тұстағы ұлттық мүддені жоғары ұстау, мемлекеттілікті орнату, сол арқылы қазақтың тұтастығын сақтау, тәуедсіздіккс қол жеткізу идеяларының көтерілу дәрежесі. Осы идеялардың сол кезеңдегі ұлт қаламгерлерінің ой-пікірлерінде көрініс табуы.
Аталған екі бағыттағы әдебиет өкілдеріне ортақ қасиеттер. Олардың шығармаларындағы жалпы ағартушылық мәселесі, ұлт мүддесін көтерудегі үндестіктер. Шеберлік жағынан әртүрлі дәрежеде болуына қарамастан олардың өзара ұқсас тақырыптарға қалам тербеуі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты.
2 сағ.
14
Ығылман Шөрекұлының «Исатай-Махамбет» дастаны
Ығылман Шөрекұлы «Исатай-Махамбет»дастанын өмірінің соңғы кезеңінде жазған.Ақынның бұл дастаны ғалым-әдебиетшілер тарапынан жоғары бағаланды. Б.Кенжебаев: «Исатай-Махамбет» - халқымыздың тарихында елеуі кезең болып табылатын, көтерілісті баяндайтын тарихи поэма. Поэмада Исатай, Махамбет бастаған осы көтеріліс тарихи мәліметтер негізінде шындық тұрғысынан суреттеледі»,- десе, Б.Аманшин: «Ығылман соңғы екі ғасыр тоғысындағы қазақтың халық поэзиясының көлемінің қомақтылығымен, идеялық–көркемдік салмақтылығымен ерекшеленетін «Исатай-Махамбет» дастанын дүниеге әкелді. Онымен тепе-тең түсетін шығарма кемде-кем»,-деген баға береді. Х.Досмұхамедұлы: «Исатай-Махамбет» қазақ әдебиетіндегі тарихи поэмалардың көлемдісі де көркемі, асыл маржаны»,- деп өз пікірін білдіреді.
Ақын поэмасын Исатайды таныстырумен бастайды.Оның арғы-бергі ата-бабаларын тізеді,жаз жайлау,қыс қыстау қоңыстарына дейін айтып өтеді.Сосын барып батырдың өз басының дара қасиеттерін сипаттайды. Мұндағы мақсаты-оқырманның назарын бірден-ақ Исатайға аудару еді.Оның әр жастағы әрекеттері де айтылады.Нарын жері жайлы терең толғанға келсе,осы жер үшін қолына найза алған Исатай мен Махамбет,Ерсалы,Қабыланбай,Есенқұл,Үбі,Таңатар тәрізді тарихтағы қазақ батырларының есімдері аталады.Дастанның жазылу мақсаты да осы ерлердің есімін тарихқа қалдыру,елге таныстыру екенін ақын өзі де айтып кетеді. Исатай батыр тұсында елді Жәңгір хан билейді.Хан қарауында отыз мың үй,сексен мың жаны бар.Халықтан мал салығы,хан салығы деген болады.Әр руды би билейді.Хандықта діңнің орны жоғары еді.Беріш руының биі Балқы би болды.Би халықты емес,ханды жақтайды.Халықпен хан арасы бұзылады.Билік тізгіні қожа,төре,молдаға берілгендіктен халық наразы болады. Тек бұл ғана емес,Еділ бойына қала салынып,бекініс орнатуы,Жайық бойына қазына жері деп жолатпады,міне патшаның қылғаны аз болғандай қалған шұрайлы жерді хан-төрелер меншіктеп алды.Сөйтіп әділ ханы болмағаны аздай, жерінен де айырылады. Ақын осының бәрін тізе келіп,халықты ханға қарсы көтеріліске шығуына әкеп тірейді. Батыр ханның әділетсіздігін бетіне басады.Хан да Исатайға: Исатай, жөнсіз ер ме едің ?Арданы сендей көрмедім,-дегенде,Исатай «Арда» деп мені сөккенде анаңа барма шөккеннім деп салады.Міне,бар жанжал осыдан басталады.Хан менің анама тіл тигізді деп батырға алпыс атан айып төлетеді.Бұған қатты ашуланған,намыс көрген Исатай батыр әскер жиып Ордаға қайта оралам деп уәде етеді.Айып тартқаны-сүйегіне таңба салынғаны.Сөйтіп,Исатай,Махамбет,Жүніс,Қабыланбай бастап бір мыңдай кісі жол жиып Орданы шаппақ болады. Махамбет,Үбі,Таңатарлардың елге тартқан ұранына селт етпеген жан қалмайды.Мың кісі сегіз күндік сапарға,Нарыннан Ордаға бет алады.Бұны естіген хан әскер жияды.Орыс-қазақ аралас екі мың кісі Қарауылқожа бас болып қарсы аттанады.Қанды майдан далада Исатай мен Қарауылқожа әскері кезігеді.Қырғын майданда хан әскері кері шегінуге мәжбүр болады.Қырылған әскерін көрген Қарауыл қатты шошиды.Қанша айла құрса да бұл сапарда хан әскері құс алған құрдай тұтылып,жеңіліс тапты.Бұл жеңілісті кейін Жәңгір хан Исатайдан қауіптенеді. Күзге салым Исатай батыр қайта қол жияды.Жеті күн ішінде 7 мың кісі жиып,тіпті Балқы бидің ағасы Егізді де ертіп алады.Сапар алдында батыр Жақсымбет қартқа келеді.Қарт ақылын айтып,тоқтатпақ болады.Батыр бетінен қайпайды.Егіз би сатқындық жасап Бөкетті Балқыға жіберіп, Исатай батырдың шаппақ болып жатқанын хабарлайды.Хан сасқанынан қашпақ болады.Алайда Шыман ханға тоқтау айтып,қашсаң атаң Нұралы тәрізді айдалып кетесің дейді. Егер жау келсе патшадан әскер келгенше алдандыра тұрамыз деп келіседі.Үш күннен кейін Исатай бастаған қол қаланы қоршайды.Жер қайысқан қалың қолды көрген хан одан ары сасады.Шыман,Бекмағанбет биді ертіп Исатайға сый-тарту алып барып,бітімге келуге шақырады.Бұлар бізді алдап жүр деп Махамбет қанша ескертсе де Исатай оның сөзіне мән бермейді.Елшілерімен бітімге келіп,қол тарқап кетеді.Үш күн өткен соң Оралдан әскер шыққанын естіп батырлар аһ ұрады.Еліне келіп жиылып бәріміз түгел құралсақ,қаладан шыққан әскерге шалдырмай аман тұрсақ,Жайық мұзы қатқанда ар жаққа өтеміз.Осылай Исатай өзіне ергенді қасына жиды.Жолдастарының көбі хан жағына өтіп кетті.Батырға бәрінен осы қиын тиді.Әскері аз болғандықтан әйел адамдарға басына тұмақ кидіріп атқа міндірді.Ерсары,Қалдыбай секілді ерлер оққа ұшты.Түс мезгіліне дейін жаумен беріспей шабысса да,әскерлерінің көбі оққа ұшты.Ақыры қатын-бала,ел-жерін жау қолына амалсыз тастап, қырық кісімен Жайықтың бергі бетіне бағыт алады. Хан Исатай мен Махамбетті ұстауға жарлық шашады.Қанша тарлық көрсе де,батыр бастаған қырық адам қанша көп әскер шықсада бөлінбей,бірге қайрат қылуға тәуекелге бел буады.Жайыққа таяп қалғанда соңынан қуып келген қазақ-орысы бар,Баймағанбет сұлтан қолы бар төрт мыңдай әскер қырық кісіні қамайды.Алайда жау оғы бір адамға тимеді.Қамаудан аман өтіп, Жайықтан бері өтеді.Күн-түн демей жүреді, алдағы елге тезірек жетуді діттейді.Жолда Сәмембет,Шығанақ,Бабат ауылдарында болады.Бұлар әрқайсысы бір-бір аттан сый қылады.Сол жылы қыста құмда қыстап шығады.Көктем шыға Адай,Әлім,Табын руларына бет алады.Үш мыңдай кісі қол жияды.Қиылдан әскер төгіледі.Алдында әскер барын біліп,қол кейін шегінеді.Бар қолын тастап,қасына жүз кісідей ертіп, жауға қарсы аттанады.Атқа мінерде ағасы Есет бармай-ақ қой деп өтінсе де,батыр жолынан таймайды.Қалың қолға ұшырассада ханның мың кісідей адамымен түске шейін айқасады.Абайсызда Исатайдың баласы жау ішінде қалады.Батыр қамалға қайта шабады.Баласы үшін тайсалмай мыңмен жалғыз айқасады,ақыры баласын тауып алады.Бородин деген офицер оғы батыр атына тиіп,жаяу шайқасады.Батырға көмекке келген Үбі мен Махамбеттей жолдастары өз аттарын ұсынып,қашып құтыл,амандылығынды ойла десе де, қашуды намыс көріп, атқа мінбейді.Сөйтіп Үбімен қоштасып,түстен бесінге дейін әскерді жалғыз өзі бөгейді.Жалғыздың аты жалғыз.Бесін уақытында оғы таусылған батыр жалаң қылышпен қарсы шығады.Өле-өлгенше талай жауды мерт қылады.Ақыры,көп әскер жалғыз кісіні қойсын ба, бәрі жабылып,дулығасын қолмен көтеріп,басын шауып алады.Батыр ерлікпен шайт болады.
2 сағ.
15
1916 жылғы ұлттық азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар1916 жылғы ұлт азаттық күрес
1916 жылы ақындардың көтерген мәселелері
Сол жылда туған өлең – жырлар
Ресей патшасының 1916 жылғы маусым айының 25-ші жұлдызындағы жарлығы. Оның мәні. Қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу дүрбелеңі. Жарлықтың ел ішіндегі болыс-билер тарапынан қолдау тапқаны. Халық бұқарасының наразылығы. Оның ұлттық қозғалысқа ұласуы.
Аталмыш оқиғаға байланысты халқымен бірге күйзелген қазақ ақындарының әртүрлі сипатта шығармалар жазуы. Олардың қаламынан көтерілістің әлеуметтік сипатын ашатын туындылардың дүниеге келуі.
Ақындардың ел қасіретін жүректерімен қабылдап, жыр толғағаны. Арқау етер оқиғалары, көтерген тақырыбы, жазылу үлгісі жағынан олардың бірнеше салаға бөлінетіні. Атап айтканда: