Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі


Бернияз Күлеев (1899-1923)



бет10/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
конспект лекции

Бернияз Күлеев (1899-1923)
Шағын лириканы терең меңгерген ақын «Іңкәр жүрек», «Қайда екен», «Жорық», «Гүл» атты кең құлашты поэмалар жазды. Сонымен бірге ол А.С.Пушкиннің «Қараңғы жазғы бір түні», «Ажал», «Сүю», «Мұң», «Бар ойым бастан кешті көзім көріп», Н.Г.Цыгановтың «Тұтқын», И.С.Никитиннің «Ай сәулесі қысқы кеште», «Жатыр ұйықтап барша халық» өлеңдерін тәржімалап, қазақша сөйлетті. Ақынның бірсыпыра туындыларына отаршылдықтың зардаптары арқау болған. «Өзім» өлеңінде өршіл рух басым. «Өзім патша, өзім төре, өзім хан, өз ойымды сан сабазға бермеймін» дейтін ақын бойындағы асқақ сезім Мағжан поэзиясындағы өршілдікті еріксіз еске түсіреді. «Ел ерлеріне» деген өлеңінде «алма мойын, аршын төс» аруларды күң еткен, ел ұланын құл еткен «Жанын жалмап, ұрттап ішкен қандарын, Ел обыры, жер жебірі мейірімсіз» патшаның жандайшаптары генерал мен жандарм, сұлтан мен төре, хан мен задаларға лағнет айтып, қалың бұқараның бостандыққа жеткенін мақтан етеді. «1917-жылға», «Бостандық күніне», «Бұлт» өлеңдерінде ел-жұртын бақыт күнімен құттықтап, оның мәңгілік болуын тілейді. «Қайтер едің?», «Неге?», «Кім үшін?» өлеңдерінде оқырманға өмір жайлы ой тастаса, «Не етер ем?» өлеңінде ақын егер Тәңірі болсам «Көкесіндей біз естіген жұмақтың Жер-дүниемді нағыз жұмақ етер ем» деп бұқара халықты жұмаққа жеткізуді арман етеді.М.Жұмабаев оның «Ұшқын» газетінің жазушысы болғандығын айтқан болатын. Бір жылдай шыққан соң ол газеттің аты «Еңбек туы», одан «Еңбекші қазақ», кейін «Социалистік Қазақстан», қазір «Егемен Қазақстан» болып өзгерген.ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік мәселелердің бірі – әйел бостандығы болса, қалың малға сатылып, өмірі қорлықта өткен қазақ қыздары туралы ғасыр басындағы ақын-жазушылардың бәрі де жазды. Бернияз да бұл мәселеге баса көңіл бөлді. Ол «Қыздың мінәжаты», «Қазақ қызы», «Әйелдер сөзі», «Әкеме», «Бостандық болғанда бір қыздың тілегі», «Солған гүл», «Жұбату», «Қыздың зары» атты шағын лирикаларына әйел теңдігін арқау етті. Ақын шығармаларынан үлкен орын алатын тақырыптың бірі – махаббат. Оның «Оның», «Алалық», «Сүйгеніме», ««Сүйікті қайғылыға», «Жіптіктей қолыңмен», «Ғ... тоташтың альбомына», «Айныған аруға», «От жұтамын, ойланамын зарланып», «Ғашығыма», «Шын сұлуға», «Шер шыдатпай саған арнап», «Жылы жүзбен шырай берген», «От жалындай өртеп ішті», «Ұшпақтағы жарыма», «Гүләндамға» атты лирикалық өлеңдері сүйіскен жастардың бір-біріне деген сағыныш сезімін жеткізуге арналған. «Қолаң шашты, қиғаш қасты, бота көз, Алма мойын, аршын төсті жар сүюді» арман ететін ақын бірде сүйгеніне ойын жеткізе алмай, «Сүйсем де, сүйе алмадым еріксізден, Қайтейін, қазақшылық әдеттен көр» деп қиналса, енді бірде сұлуға былай сыр ашады. Осы жолдардан Абай салған мазмұн, түр жаңалығын аңғарсақ, ақынның махаббат лирикасынан Шәкәрім мен Мағжанның да әсері байқалады. Ол бірде Шәкәрім сынды сұлулықтың алдында бүкіл аспан денелерін табындырып «Жүрсең – жер, күлгенде – көк сүйінеді, Ағаш-шөп сәжде қылып иіледі. Аспанның ажарлысы Ай менен Күн, Көркіңді көріп таң боп күйінеді» десе, енді бірде Мағжан сынды «Ақ төсін ақ тамақпен бірдей иіскеп, Балқиды бар сүйегім, жүрек иіп» деп сезім күйлерін жеткізуге тырысады. «Қызықты жаз», «Жаздың алды», «Жазғы дала», «Түн», «Әдемі түн», «Күз», «Шолпан», «Жас теректің жапырағы», т.б. өлеңдерінде жыл мезгілдері мен табиғат сұлулығын жыр етеді. Бернияз жыл мезгілдеріне тән ерекшеліктерді көркем образбен жансызға жан бітіре кейіптеуде, адам мен табиғатты біртұтас бірлікте бейнелеуде қазақ поэзиясына Абай алып келген мазмұн, түр жаңалығын әдемі жалғастырды. «Қайда екен» – ертегі формасымен басталғанмен, өмір шындығын арқау еткен шығарма. Онда қазақ халқының кешегі жайма шуақ күні ертегіге бергісіз бейнеленген. Автордың жастық шағы ертегіге бергісіз күннен елес береді. Арада өткен көп жылдардың салған ізі басқаша. Бақытты балалық шақпен бірге елдің де жердің де бар қуанышы ізім қайым жоғалған. Ендігі жерде ел ішінде қан төгіліп, бұқара халық ұлардай шулап, аштықтан топ-топ болып қырылып жатыр. «Жорық» – жеке кейіпкердің монологы ретінде берілген шығарма. Ақын бұл туындысында ақын-жыраулар поэзиясындағы туған жер туралы толғамдардағы кешегі қазақ жерінің «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған», «балдырғаны білектей, баттауығы жүректей» бай табиғатын еске алады. Сондай мол ырыстан ендігі жерде не қалды, сол жерде тұратын халықтың жағдайы қандай деген сауалдарға жауап іздейді. Сондай бай табиғатты иемденген бейбіт жатқан елді «Ен даламның сыны жоқ, Өшкен-өлген, қураған» күйге душар еткен, не болмаса «Шаңырағымды жағып күл қылып, Ерлерді байлап, құл қылып, аруды зорлап, күң қылған» жауларына тісі қайраулы. Ел мен жердің жоғын жоқтап, атқа қонған жас ұлан бұрынғыдай мамыражай күн орнатқанша, елдің кегін қайтарғанша ерден түспек емес. Сондықтан да ол «Жас жолбарыс ер ұлан, Еріңді көр жау қуған, Ерік үшін жан қиған, Жүретін болсаң, келіңдер!» деп жар салады. Шығармада Махамбет жырларындағыдай дамыта жырлау екпіні байқалады. Алдынан су шықса да, от шықса да қарсыласқан жауын жеңбей тынбайтын жорықшы бірде «Құс болам, көкке ұшамын, Жел болам, жерді құшамын» десе, енді бірде «Баратын жерге барармын, жауыма ойран салармын, жер жүзін жалғыз алармын, Кімім бар менің қорқатын!» деп өршіл рухпен ұран салады. «Жорық» – ақынның шағын лирикаларындағы отаршылдық зардаптарын арқау еткен шығармалардың түйіні іспеттес. Елді аздырып, жерді тоздырған отаршылдарды бір жола жеңбей тынбайтын жорықшы бойында оптимистік үн басым. «Гүл» – ақынның ең соңғы көлемді туындысы. Мұнда ол өмір, өлім жайында философиялық түйін жасайды. Өмірден көргені мен түйгенін ойша қорытудан туған бұл шығарманың құрылымы да қызық. Лирикалық кейіпкердің монологына құрылған шығармаға шағын сюжет арқау болған. Сөзін тыңдар жан таппаған лирикалық кейіпкер осы сәтте айналасынан сөз ұғар жан таппаған Абайды еске салады. Ішіне сыймаған қалың қайғысын табиғатқа айтып «Улы жүрек жаннан сырын жасырып, Отыр бүгін табиғатқа ашынып» деп мұңын шаққан кейіпкер ендігі жерде тосын жағдайға душар болады. Ертегі кейіпкеріндей бір ару келіп өзімен біржола болуды талап етеді.
Сұрақтар:



  1. Б.Күлеев өлеңдері, баллаладалары: «Гүл», «Жорық», «Қайда екен?»




2 сағ.

9

СДөнентаев шығармаларындағы заман тынысыС.Дөнентайұлы шығармашылығы
1. ХХ ғасыр басындағы бірқатар ақындар
2. С.Дөнентайұлы шығармашылығы
3. Қазақ әдебиетіне қосқан үлестері
Қаламгерлердің қызметі. Әдебиетке қосқан үлестері. Қазақ поэзия, прозасындағы қолтаңбалары. С.Дөнентайұлының өлеңдерінің жанрлық сипаты, сатирасы, мысалдары,. «Уақ-түйек» жинағы. Нарманбет пен Ғұмар өлеңдеріндегі заман шындығы, ой-пікір ашықтығы. Бернияздың өлеңдері, баллаладалары: «Гүл», «Жорық», «Қайда екен?». Тайыр Жомартбайұлының «Қыз көрелік» романы, өлеңдері («Балаларға жеміс» жинағы). Бұл ақындардың баолығына ортақ ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет