Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет6/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
конспект лекции

"Еңлік-Кебек" дастаны. Екі жастың трагедиядық тағдыры. Осының алдындағы "Қалқаман-Мамыр" поэмасында кездесетін тарихи фонның жалғасуы. Махаббат трагедиясы арқылы екі ел арасындағы алауыздық, жер дауы сияқты мәселелердің көтерілуі. Еңлік пен Кебек образдарын сомдаудағы ақынның шеберлігі. Поэмада портреттік детальдардың аздығы. Кейіпкерлердің ішкі, сыртқы сұлулығын іс-әрекет арқылы бейнелеу, Кеңгірбай бейнесінің күрделілігі. "Қалқаман-Мамырдағы" Әнет баба мен мұндағы Кеңгірбай образдарының ұқсастығы мен айырмашылықтары. Поэмада ішкі драматизмнің молдығы. Этнографиялық детальдардың ұтымды пайдалынылуы.
"Нартайлақ-Айсұлу" дастанының тақырыбы. Шығарманың көркемдік жетістігі және ақын шығармашылығынан алатын орны. Шығарманың жетістіктері мен кемшілігі. Қыз бен жігіт арасындағы махаббат трагедиясын баяндау барысында ақынның ұсақ-түйек тартыстар жетістігінде кетіп қалуы. Тартыстың босандығы мен оқиғалар шашыраңқылығының көріністері. Кейіпкерлер образдарын сомдаудағы Шәкәрімнің шеберлігі.
Проза жанрындағы енбектері. Шәкәрімнің көркем прозаның шағын үлгісінде жазылған "Шын бақтың айнасы", "Бәйшешек бақшасы", "Мәнді сөздер" атты шығармалары. Қысқа әңгіме, толғаныс түрінде жазылған бұл туындылардың ерекшеліктері. Олардағы өмірлік тәжірибеден түйген философиялық тұжырымдардың молдығы.
"Әділ-Мәрия" романы Шәкәрімнің көркем проза саласындағы ең күрделі шығармасы екендігі. Тақырыбы. Мақсаты. Жастардың бас еркі, махаббат бостандығы мәселелерінің көтерілуі. Бас кейіпкерлер төңірегіндегі оқиғалар арқылы көрінетін қазақ ауылының ғасыр басындағы тыныс-тіршілігінің суреттері. Тарихи оқиғалар әсерімен адамдар психологиясына енген өзгерістердің романдағы көрінісі. Әділ мен Мәрияның өз бақыттары жолында күресуі. Олардың, басындағы трагедиядық жағдайларды бейнелеу арқылы жазушының тарихи дәуір шындығын жеткізуі. Ғашық жастарға жанашыр Байжан, Асан, Ержан, Серікбай, Зылихалардың әділетсіздікке қарсы тұруы. Еркінбек, Төрсбек образдары. Шәкәрімнің оларды қара күш пен жалаң өктемдіктің, сонымен қатар заманына лайық зымиян қулықтың иелері ретінде көрсетуі. Ағайынды Асан мен Үсен арасындағы тартыс. Романның композициялық құрылымының ерекшелігі. Түрлі шегіністер жасау тәсілінің қолданылуы. Романдағы Шыңғыс тауының образы және оны шығарма оқиғасының даму барысына қатысты суреттеудегі жазушының көркемдік ізденістері, өзіндік ерекшеліктері. Жазушының көркемдеу құралдарының байлығы, шығарма тілінің кестелілігі.
Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрімнің Шығыс, Батыс елдерінің классикалық әдебиетінің шығармаларына үңілуі. Туған халқына әлем әдебиетінің асыл туындыларын тәржімалап, таныстырып отырудағы аудармашылық тәжірибесі. Шығыстың классикалық әдебиетінде көп жырланған әйгілі "Ләйлә-Мәжнүн" тақырыбына баруы. Шәкәрімнің осы аттас дастанының таза аудармадан гөрі нәзира үлгісінде туған тол шығармаға жақындығы. Шығыс атырабына ежелден таныс Ләйлә мен Мәжнүн хикаясын жырлау үстінде ақынның Физули нұсқасын пайдалану тәжірибесі.
Орыс ақыны Л.С.Пушкиннін, "Дубровский", "Боран" атты шығармаларын аударудағы ақын қолтаңбасының ерекшеліктері. Аударма мен түпнұсқа оқиғаларының арасындағы сәйкестік пен айырмашылық сипаты.
Аталмыш поэмалардағы адам есімдері мен жер аттарының өзгертілу себептері. Шәкәрімнің бұлардан өзге Л.Н.Толстойдың әңгімелерін, Хафиздің сұлу жырларын, Қытай жазушыларының әңгімелерін, американ жазушысы Бичер Стоудың "Том ағайдың балағаны" романын аударуы туралы деректер.
Шәкәрімді тарихшы, философ ретінде танытқан "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі", "Мұсылмандық шарты", "Үш анық" атты еңбектері туралы қысқаша мәлімет.
Сұрақтар:

  1. Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары

  2. Шәкәрім поэмалары тақырыбы, идеясы, көркемдік сипаты

  3. Шәкәрімнің прозасы мен көркем аудармалары

  4. Шәкерім Абай дәстүрін жалғастырушы ақын

  5. Шәкәрім Құдайбердиевтің поэзиялық шығармалары және олардың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердиевтің "Қалқаман-Мамыр" поэмасы



2 сағ.

4

  1. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы

  2. Өмір жолы.

  3. Шығармашылығының басты тақырыптары мен идеясы

Өмір белестері. Шығармашылық жолы. Жариялануы, зерттелуі. Шығармашылық мұралары. Ерекшеліктері. Лирикасы: тақырыбы, идеясы, көркемдік бояуы. Поэмалары: "Адасқан өмір", "Кедей". Романдары: "Қамар сұлу", "Кім жазықты?" белгілі себептермен бұрын айтылмай келген шығармалары: "Қайғы", "Таныстыру" поэмалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет