ТұрмағанбетІзтілеуұлы (1882-1939). Шығармашылық өмірбаяны. Әйгілі Бұқара медресесінде білім алуы. Араб, парсы, шағатай тілдеріне жетік болғандығы. Шығыстық үлгіде өлең жазуы. Шығыстың ақындарын насихаттап отыруы. Өлеңдерінде сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын ("Қара қоңыз", "Бар мен жоқ, ал мен бер", т.б.) арқау етуі. Ғылым мен діннің арақатынасы туралы көзқарасы.
Өз шығармашылығында Абай өлеңін құрмет тұтуы. Сол үлгіде жазуға талпынуы. Өлеңдеріндегі философиялық түйіндер. Нақыл негізінде дастан жазуы. Шығыс сюжеттерін пайдалануы. Еңбекті, достықты, адамгершілікті насихаттауы. "Мәрді диқан" дастаны. Бірқатар мысалдар ("Өгіз бен есек", "Төрт дос", т.б.) қалдырғаны. Рубаят жазғандығы. Өз заманына үндес шығармалар тудыруы. 1916 жылғы, одан кейінгі оқиғаларды жырға қосуы. Шығыстың әйгілі шығармасы "Шаһнаманы" аударуы.
Мұсабек Байзақұлы (1849-1932). Шығармашылық өмірбаяны. Лақап аты-Молда Мұса. Шығыстық дәстүрде тәрбие алғандығы. Өмір құбылыстарына сын сөзбен қарағаны. Өлеңдерінде заман суреттерін бейнелеуі. Сыншылдық сарынның молдығы. ("Сайлау деген елге бір бүлік болды", т.б.) Өлеңдеріндегі азаматтық үн ("Адам түгіл алдайды періштені", т.б.), ағартушылық ойлардың көтерілуі ("Ғылымсыз болып қартайсаң",т.б.). Мысал жанрында жазылған өлеңдері ("Жолбарыс пен түлкі", "Түзу терек", "Адалдық пен арамдық", т.б.). "Манат қызбен айтысы". Хат арқылы айтысудағы ерекшеліктер.
Сұрақтар:
Нұржан Наушабаев шығармашылығы
Демократтық бағыттағы жаңа әдебиеттің өкілі. Абай дәстүрін жалғастыруы. Өмір жолы қалыптасуы. Қайраткерлігі. Шығармаларының сақатлуы, жариялануы, зерттелуі. Шығармашылығының негізгі бағыттары. Лирикасы. Поэмалары: "Қалқаман-Мамыр'',"Еңлік-Кебек", "Нартайлақ-Айсұлу" шағын прозалық шығармалары: "Шын бақтың айнасы", "Бәйшешек бақшасы", "Мәнді сөздер" "Әділ-Мәрия" романы. Аудармалары: "Дубровский", "Боран". Шәкәрім және нәзира дәстүрі. "Ләйлә-Мәжнүн" дастаны. Шәкәрім тарихшы, филосо, ойшыл. Қазақ әдебиетінен алатын орны.
Шығармашылық өмірбаяны. Абай ауылында туып, Абайдың тікелей тәрбиесінде болуы. Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына ұлы ақынның тигізген әсері. Абай негізін қалаған реалистік әдебиет дәстүрін ілгері жалғастырғандығы. Және оны өзіндік көркем өрнек-бояулармен байытқаны.
Білімдарлығы. Тәлім алған рухани бастаулары. Өз бетімен білім жинап, Шығыс пен Батыс тілдерін меңгергендігі, шет елдер әдебиеті мен ғылымынан хабардарлығы. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен (Л.Толстой) хат алысып, шығармашылық байланыста болуы.
Ойшылдығы. Философиялық түсінік-толғамдары. Өмір құбылыстарына, дінге көзқарасы. Меккеге бару сапары. Ондағы мақсаты. Сапар нәтижесі.
Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ халқының шежірелік тарихын жинауы. Шежіре еңбегінде дүние жүзі ғалымдарының әр дәуірде айтылған ой-пікірлерін сараптап пайдалануы, оларға қатысты өз көзқарасын білдіріп отыруы. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы. Философиялық толғаныстарға ден қоюы. 1917 жылғы төңкерістерден кейінгі кезеңде заман тақырыбына қалам тербеуі.
Лирикажанрында өнімді еңбек еткені. Қазақтың реалистік лирикасын дамытуға қосқан үлссі. Шындықты жырлауда қуатты шабыт танылуы. Адам бойындағы ұсақ-түйек міндерді, қоғам қайшылықтарын сынға алуы ("Сәнқойлар", "Еріншек", "Қазақтың жаманы болмас", т.б.). Сыншыл сарындағы лирикасындағы ой-толғамдардың, көркемдік құралдардың Абай дәстүрімен үндестігі. Шығармашылық жолының бастапқы кезеңінде жазған жастық шақ, махаббат туралы өлеңдерінде ("Шын сырын", "Арман", "Жастық туралы", т.б.) шығыстық элементтермен қатар халықтық жыр үлгісінің көріністері. Олардағы сұлу сурет, терең ойлардың сипаты. Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идеяның қуаттылығы. Өз заманының болмысын, талаптары мен мұқтаждықтарын түсіне білуі. Сол талаптарға орай халыққа білім берудің, көпшілікті мәдениетке үндеудің маңызын ұғынуы. Өнер мен ғылымды байлықтың ең асылы деп ұғуы. Өлеңдерінің терең ойлылығы, философиялык астарлылығы. Басты көтерген мәселелеріПоэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Ел ішінде ертерек замандарда өткен оқиғалар желісімен көркем реалистік дастандар жазуы. "Қалқаман-Мамыр'' поэмасы. Шығармадағы тарихи фон. Аталас туыстығы бар қыз бен жігіттің арасындағы махаббат хикаясы. Ағайын арасындағы тартыстың мәні. Оның екі түрлі әлеуметтік түсінік тартысына ұласуы. Қалқаман мен Мамыр образдар. Олардың жай ғана махаббат мұңлықтары емес, ақыл-парасат жоғары азаматтар тұлғасында суреттелуі. Әнет баба мен Көкенай бейнелерінің күрделілігі. Екеуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының тартыс үстінде айқындала түсетіні. Түпкі мақсаттары ел ішінің тыныштығы мен тазалығьн сақтау болғанмен, соған жетуде екі түрлі жолды таңдауы. Ғашықтар хикаясынан өрбіген тартыс арқылы ел бірлігі сияқты әлеуметтік идеяның алға тартылатыны.