Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі. "Айқап" журналын шығарудағы еңбегі. Журнал арқылы өзінің мақсат-мұраттарын насихаттап жүзеғе асыруы. "Айқап" арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Онда мақалалар жариялағаны. Тақырыбының әралуандығы. Ел тағдыры, жерді игеру, отырықшылану, білім алу, қала салу идеяларын насихаттау ерекшеліктері ("Қазақ халқының мұқтаждығы", "Біздің бұрынғы һәм бүгінгі халіміз", "Жер әңгімесі", т.б.)- Мұхаметжанның қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі.
Аударма жанрындағы еңбегі. "Шаһнамаға" назар аударуы. "Рүстем-Зорапты" аударып, баспасөзде жариялауы. А.Сорокиннің «Жусан» әңгімесін аударғаны. Түпнұсқа таңдаудағы мақсаты.
Поэзиясы. Сюжетті поэмалар жазғандығы. "Гүлкәшима" дастанындағы махаббат тақырыбы. Екі жастың арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеудегі шыншылдығы. Адалдықты, адам сезімінің пәктігін паш етуі. Шығарманың композициялық ерекшелігі. Тіл көркемдігі. "Топжарған" поэмасының объективті мәні. Ақынның Кенесары тобына қатысты көзқарасы мен сол кезеңдегі қоғам өмірі ұсынған түсінік-ұғымдардың арақатынасы. Өмірлік деректерді іріктеп алу және оны жүйелеп жеткізуде ауыз әдебиетінің дәстүрлі құралдарын пайдаланғаны. Ұлттық әдебиеттегі сюжетті поэма дәстүріне косқан өзіндік өрнек-бояуы.
М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М.Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү.Субханбердина мен С.Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М.Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ.Ыдырысовта М.Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М.Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ.З.Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М.Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді». Белгілі әдебиетші-ғалым С.Ергөбек М.Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М.Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде - публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М.Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М.Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М.Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М.Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М.Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы». М.Сералиннің қаламгерлігі тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетшілеріне ғана емес, өзбек әдебиетшілерінің де назарына ілінді. Өзбек әдебиетші-ғалымы О.Шарафуддинов өзбек ақыны, әрі жазушысы Шолпанның шығармалар жинағына «Әдебиет жасаса - ұлт жасайды» деген тақырыпта алғы сөз жазып, онда М.Сералиннің шығармашылығына да назар аударады. Оның пікірінше, М.Сералиннің «Тіл мен әдебиет халықтың рухы» деген ұстанымы өзбек қаламгеріне, соның ішінде Шолпанға да елеулі ықпалын тигізген. Қазақ тарихшыларының 1991 жылдан бергі еңбектерінде де М.Сералинге қатысты тың ой-пікірлер білдірілуде. Көрнекті тарихшылар К.Нұрпейісов пен М.Қойгелдиевтің алаш қозғалысына байланысты жазылған еңбектерінде М.Сералинге және оның жетекшілігімен шыққан «Айқап» журналына байланысты тың тұжырымдар бар. К.Нұрпейісов: «Қазақ зиялылары халықтың қалың бұқарасын туған өлкені қайта құрып, түрлендіру ісіне жұмылдыруда ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялық жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша жинақтар шығарудың маңызын жақсы түсінді. Қазақтың ұлттық баспасөзінің толыққанды алғашқы екі басылымы 1911 жылы дүниеге келді», - дей отырып, бұл істегі М.Сералиннің қайрат-жігеріне назар аударады. Деректанушы-ғалым Қ.Атабаевтың еңбегінде М.Сералиннің қазақ баспасөзін шығару ісіндегі қызметіне назар аударылған. Автор М.Сералиннің 1906 жылдан бастап қазақ баспасөзін шығару жолында әрекеттенгенін, бірақ қайраткердің ондай әрекеттері сәтсіз аяқталып отырғанын негіздеумен қатар, қайраткердің «Айқап» журналын шығару жолында сіңірген еңбегін нақтылы деректермен дәйектейді. Сондай-ақ автор «Айқап» журналының ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастырып, М.Сералиннің бұл басылымдағы мақалаларын деректанулық тұрғыда талдауға алады. М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қыры Башқортстан мен Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде де көрініс табуда. Башқортстандық ғалым Л.С.Тузбекованың еңбегінде М.Сералиннің Уфадағы «Ғалия» медресесінің ұстаздарымен және шәкірттерімен байланысы мәселесі қарастырылған. Автордың көрсетуінше М.Сералин «Ғалия» медресесінде оқыған шәкірттер арасына «Айқап» журналын насихаттап, шәкірттердің біразын осы журналға тілші ретінде тартқан. Л.С.Тузбекованың бұл мәліметін қырғыз ғалымдары Э.Манаев пен А.Османкулов та нақтылай түседі. Бұл авторлардың кітабында ХХ ғасыр басындағы қырғыз ағартушысы И.Арабаевтың М.Сералинмен тығыз байланыс орнатып, «Айқап» журналында қырғыздардың сол тұстағы өміріне, тыныс-тіршілігіне қатысты мақалалар жариялағаны айтылады. Батыс зерттеушілері А.Беннингсен мен Ш.Ламарсье-Келькежейдің еңбегінде М.Сералиннің келбеті қазақтың көрнекті журналисі ретінде беріледі. Сондай-ақ М.Сералин «Айқап» журналы қазақтар арасындағы ұлттық қозғалысқа дем берді деп түсіндіріледі. Мұндай пікір С.Зенковскийдің еңбегінде де көрініс тапқан.
Сұрақтар:
М.Сералин мақалалары
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығыАхмет Байтұрсынұлы шығармашылығы Ахмет Байтұрсынұлы
Өмірі, шығармашылық жолы
Қоғамдағы ролі
Қазақ зиялыларының атасы. Өмір жолы. Қоғамдық қызметі. Қайраткерлігі. Шығармашылық тағдыры. Ақындығы. Аудармашылығы. Мысал жанрын өркендетудегі еңбегі. Мысал өлеңдерінің ерекшелігі. «Қырық мысал», « Маса» 10жинақтары.Әдебиет теориясының негізін қалауы. «Әдебиет танытқыш» кітабы. Оның маңызы, ерекшеліктері. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, бастырудағы еңбегі. «Ер Сайын», «23 жоқтау» кітаптары. Мақалалары.
Шығармашылық өмірбаяны. Ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жасөспірім кезінен-ақ әлеуметтік теңсіздіктің сырын сезінуі, ой пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. Ахмет өміріндегі "Қазақ" газетінің орны. Оны шығарудағы қиындықтар және ұлт мүддесі. Газеттің басты мақсаты. Тақырыбы. Ұлттық мәдениеттің дамуына, адамдар сапасының оянуына қатысты газетте қозғалған ойлар.
Поэзиясы. "Маса" жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшіліктің мүддесін жеке бастікінен жоғары қоюы ("Туысыма", "Қазақ қалпы", "Қазақ салты", т.б.). Өлеңдеріндегі сатиралық сарын. Күрес идеясының адамдарға өзінің бақытты жолында алға ұмтылуға шақыру ниетінің айқындығы. Халыққа қызмет ету сарыны.
Аудармалары. "Қырық мысал" жинағы. Жинақтың құрылымдық және мазмұндық сипаты. И.Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі қазақ ақынының мақсаты. Елді түзеу, ояту сарыны. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәжірибесі және оның себептері. Оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндау шеберлігі.
Көсемсөз саласындағы еңбегі. "Қазақ" газетінде жариялаған сан алуан тақырыптағы мақалалары ("Бұ заманның соғысы", "Заман жобасының баяндамасы", т.б.)- Әдебиетке қатысты мақалалары ("Қазақтың бас ақыны",т.б.)- Мақалаларында тарихи шындықты батыл бейнелеуі, елдің тәуелсіздігін армандауы, отарлық саясаттың құйтырқы пиғылдары мен мақсаттарын әшкерелеуі. Негізгі жол оқу мен білім жолы, ғылым үйрену мен еңбек ету жолы екенін баса айтуы.
Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. "Әдебиет танытқыштың" қазақ әдебиетіндегі орны. Тұңғыш теориялық еңбектің дүниеге келуі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалық. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында “Қырық мысал” деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан “Маса” атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, “Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы “Ер Сайын” жыры, 1926 жылы “23 жоқтау” кітаптары жарық көрді. “Масаның” негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. “Қазағым елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып, Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып, Қанған жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?!”, — дейді ақын. Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі, қазақ оқушысына естілген елшілік ұраны “Қырық мысал” мен “Маса” еді. ХХ ғ. басындағы қазақ оқығандарының тәуелсіздік жолындағы күрескерлері мен зиялылары осы кітаптардан демеу алды. Халық енжар күйінен арылып, қазақ рухы көтерілер ме екен деген ұлы мақсат өз қызметін атқарды. “Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ.“Әдебиет танытқыштың” бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып, бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе қаралады. Ең алдымен тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрауларға, ғылыми дәлді, ықшам, толық анықтама беріледі. “Әдебиет танытқыш” алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы “Жазушы” баспасы, 1991 жылы “Жалын” баспасы шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы жариялануда кеткен бірталай селкеуліктер жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің, баспа кінәсінен кеткен қателіктердің бұрмаланған текстердің түзетілуі. “Әдебиет танытқыштың” қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: “Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс”. Осылардың біріншісі – әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс талданады, ал екіншісі – азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта “Әдебиет танытқыштың” толық текстін табу міндеті тұр. Тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше номерлерінен қара деп ескертеді. Ендеше, “Әдебиет танытқыш” оқулық, оның хрестоматиясы – нұсқалығы да болған ғой. Қазіргі дерек бойынша, ол жарияланбаған секілді. Әлде қолжазба күйінде архивтің бірінде жатыр ма? “Мәдениет тарихы” деген еңбек бітіргені белгілі – ол да жоқ. Қайда? Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі “Әдебиет танытқыш” төңірегінде әлі де көп зерттеу жүргізу керек.
“Дaла yалаяты” газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инeлік пен құмырсқа” (аyдарған А.Құpманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді. Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуoв – 12 мысaл аударған. Бір мысaлдың біpнеше рет аударылғаны да бар. Мәсeлен: “Аққy, шортан һәм шаян”, “Ат пeн есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Шал мен ажал (өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдаpын Ахмет Байтұpcынов та, Спандияр Көбеeв те аударған. “Ала қойлaр”, “Есeк пен қамыc (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұcқасы дa, Ахмет нұсқaсы да бар. А. Байтұрcынoв аудармaларындa cюжет сақталғанмен, epкіндік басым, қазақ тұрмыcына жаңа идеялар, заман тыныcын танытатын жаңа oйлaр айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жoлдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрcынов аудармасында oтыз екі жолдан тұратын жаңа шығaрма. “Өгіз бен бақa” орысшада – 17, қазaқшада – 36 жoл, “Қасқыр мен тырнa” орысшада – 19, қазaқшада – 76 жол, “Аpыстaн, киік һәм түлкі” орысшaда – 35, қaзақшадa – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қaзақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнeлерді ала отырып, ойғa ой, сyретке сyрет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жаcағaнын көрсетеді. “Маса” кітабына енген өлеңдердe жеке бaстың мұң-шері, тұрмыс-сaлт сyреті емеc, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азамaттық идеялар айтылaды. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін аp- абыройын сатқан “жақcылығы өз басынан артылмаған”, “бoc белбeу, босаң туған бoзбала”, “біp тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймeге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қaзақ қалпы”, “Қaзақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртымa”, “Қарқарaлы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатиpасын eске түсіретін сарындар, ойлар, образдаp бар. “Анамa хaт”, “Жaуға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымағaн, бостaндық, еркіндік жолындa бәріне көнген қайpатты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Дaнышпан Аликтің aжaлы”, “Балықшы мeн балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сopлы бoлған мұжық”, “Қаздaр” шығaрмалары да берілген.
Ауыз әдебиеттің озық үлгілерін жинан, кітап етіп бастыруы ("Ер Сайын", "23 жоқтау", т.б.).