Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет14/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
конспект лекции

Ғ.Қарашұлы әдеби мұрасы
Өзге әдебиеттерден алынған мысалдарды таңдап аудару тәжірибесі. Аудармаларының түпнұсқаға қатынасы. Көркемдік дәрежесі. Аудармаларында дәстүрлі қазақ өлеңінің көркем үлгілерін пайдалану ерекшеліктері. Аудармашылық стилі, өлең өрнегі. Ғұмар Қараш (1875 жыл Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жері - 12 сәуір, 1921 жыл, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округіжеріндегі Құнаншапқан) - ақын, қоғам қайраткері. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, Жалпақталдағы Ғ.Ғәлікейүлы ұстаған медреседе оқиды. 1902-1910 жылдары жиған білімімен ауылында, Тіленшісайда жәдитше бала оқытады. Сол шамада әйгілі Шәңгерей Бөкейұлының шақыруымен Көлборсыға мүғалім болып келеді. Жаңалыққа жаны құмар, имандылық пен дәстүрдің жібін үзбеген әдеби орта қалыптастыруға себепші болады. 1911-1913 жылдары алғаш Ордада, кейін Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысуға, оның саяси-мәдени әлуетін көтеруге атсалысты. Қайраткер 1916 жылы бөкейліктер атынан Петерборға барып, Астрахан қазағы басып алған жерді және тиесілі жерді қазаққа орнымен бөліп бер деген өтініш хатты бас министрге тапсырады. 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне қатысады. 1917-1919 жылдардағы Алаш қозғалысына белсене араласады. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ съезіне қатысады. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ съезінің ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысаып, баяндама жасайды. Өмірлік мәселелер мен діни ахуалды күн тәртібіне қойған Алаш Орда үкіметі - Ұлт кеңесі анықталатын екінші сиезде қази болып сайланды.
1918 жылы Ордадағы педагогика техникумында сабақ береді. Сол жылы қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдерінің бірінші съезіне (24 қыркүйек, 1918) қатысады. 1918-1920 жылдары губерниялық кеңестердің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болады. Мұнда мағыналы сөз айтады. 1919 жылы Бөкей губаткомында істейді. Ордада ұйымдастырылған айына екі рет шығатын, қазақтың тұңғыш педогогика журналы «Мұғалімге» басшылық етеді. 1919 жылы «Дұрыстық жолы» газетінің алқа мүшесі әрі тілшісі болады. 1920 жылы маусымда Бөкейдің II губерниялық коммунистік партиясы конференциясында губкомның пленум мүшесі, ал сол жолы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып сайланды. 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қашқын әскерилер қолынан қапияда мерт болды. Қайраткер 1907 жылдан бастап татар және қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарға мақала жариялай бастайды.
Оралда басылған «Қазақстан» газетін шығарысу кезеңінде қазақтың саяси көзін ашатын, рухани байытатын «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ол Ғабдолла Мүштақ (Алланың зерделі құлы) атты бүркеншікпен «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне мақалалар жазып тұрды. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр...» және «Көксілдер» атты екі жинақ шығарды. Татардың "Шора" журналында 1911 жылы "Ар-ождан - сенім өлшемі" атты мақаласы жарияланған. 1919 жылы «Мұғалім» атты журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. Ғұмар 1917 ж. Ақпан ревкомынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған («Неден қорқам?», «Күн туды»). Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. Ғұмap Қараш өлең-толғауларында, көсем сөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең-толғаулары философия ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді.
Оның мақалалары - 20-ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда жарияланған. Ол өз шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің бір баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ., Ғ. Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958) мен «Қазақстан ақындары» (Ленинград, 1978) жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философия ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен (А., 1994) жарық көрді.



2 сағ.

12



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет