Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуде қолданылатын әдiстер



Pdf көрінісі
бет11/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

1 Белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуде қолданылатын әдiстер. 
Тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеу тiрi табиғат құрылымының әр түрлi деңгейлерiн 
(молекулалық, хромосомалық, клеткалық, организмдiк және популяциялық) қамтиды. 
Тұқым қуалауды зерттеу үшiн қолданылатын генетикалық әдiстердiң ең бастысы 
гибридологиялық талдау
. Бұл организмдердiң жеке қасиеттерi мен белгiлерiнiң тұқым 
қуалау заңдылықтарын ашуға және оларға талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
Тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеудiң алғашқы негiзiн салған 1865 жылы Грегор 
Мендель қолданған тұқым қуалауды зерттеудiң жаңа гибридологиялық әдiсiнiң негiзгi 
ерекшелiктерi мыналар:
1.
Тұқым қуалаушылығы зерттелмекшi болып отырған ата-аналық формалар бiр-
бiрiмен оңай будандаса алатын бiр түрге жататын организмдер болуы қажет. Ата-аналық 
формалардың әрқайсысы өздерiнiң белгiлерiн бiрнеше ұрпақтар бойы тұрақты 
(константты) түрде беруi қажет.
2.
Будандастырылатын организмдердiң көзбен айқын көруге болатын бiр немесе 
бiрнеше жұп альтернативтi белгiлерi болуы тиiс. Будандастырудан алынған ұрпақтардағы 
әр жұп белгiлердiң тұқым қуалауына талдау жасау керек. Мендель өз зерттеулерiнде 
альтернативтi жұп белгiлерi бар, мысалы, гүлдерiнiң түсi қызыл және ақ, тұқымының түсi 
сары және жасыл, тұқымының пiшiнi тегiс және бұдыр т.с.с. белгiлерi бар өсiмдiктердi 
будандастырды және әр ұрпақ бойынша осы жұп белгiлердiң тұқым қуалауын жеке-жеке 
есепке алды. 
3.
Альтернативтi жұп белгiлерi бар ата-аналық формаларды будандастырудан 
алынған гибрид организмдердiң бiрнеше ұрпақтарына сандық талдау жасалуы керек. 
4.
Мендель зерттеулерiнiң төртiншi ерекшелiгi - әр будан өсiмдiктен алынған 
ұрпақтарға жеке-жеке талдау жасалуы керек. 
2 Негiзгi генетикалық ұғымдар. Генетикалық символика. Будандастырудың жазылу 
тәртiбi 
Тұқымқуалаушылыққа генетикалық талдау жасағанда көптеген ұғымдар, терминдер 
мен символикалар жиi қолданылады. 
Генетикада көп колданылатын ұғымдардың қатарына "
белгi
", "
қасиет
" деген ұғымдар 
жатады. Ол ұғымдар бiр организмдi екiншi организмнен ажыратуға болатын 
морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және т.с.с. басқа ерекшелiктердi де 
бiлдiредi. 
Жынысты көбеюде жұп белгiлердiң тұқым қуалауына генетикалық талдау жасау үшiн 
әртүрлi жынысты екi организмдi будандастыру керек. Сол мақсатта алынған ата-аналық 
организмдердi латынның 
Р
әрпiмен (латынның 
Рarent
- ата-ана деген сөзiнiң бiрiншi әрпi) 
белгiлейдi. Генетикада будандастыруды көбейту - 
Х
белгiсiмен көрсетедi. Будандастыру 
схемасын жасаған кезде бiрiншi орынға аналық организмдi, ал екiншi орынға аталық 
организмдi жазады да, екi аралығына будандастыру белгiсiн қояды. Аналық жынысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет