Дәріс Гидравлика пәні. Сұйық және газдың физикалық қасиеттері Дәріс жоспары



бет12/25
Дата01.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156070
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
сұйық режимдері

Ұсынылған әдебиеттер
1. М.С. Овчаров, И.С. Өтебаев. Гидравлика және гидрожетек негіздері. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.
2. В.Г. Гейер и др. Гидравлика и гидропривод. М.:Недра, 1991.
3. Р. Р. Чугаев. Гидравлика. Ленинград: Энергия, 1975.
СӨЖ арналған бақылау сұрақтары
1. Құбырдағы арынды анықтау.
2. Сұйықтың жылдамдығын, қысымын анықтау.
3. Құбырдағы сұйықтың шығынын анықтау.
4. Толық және пьезометрлік арындарды графикалық суреттеу.
Дәріс 5. Сұйықтың қозғалыс режимдері. Cұйықтың арынын жоғалтуы.
Дәріс жоспары:
1. Сұйықтың ұзындық бойынша арынын жоғалтуы. Гидравликалық кедергі коэффициенті;
2. Жергілікті арынын жоғалтуы;
3. Сұйық қозғалысының режимдері;
4. Гидравликалық тегіс және кедір-бұдырлы құбырлар түсінігі.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Энергия жоғалтуларды (гидравликалық арынның төмендеуі) қозғалған сұйықтықта салыстырмалы түрде ұзын аралықтарда ғана емес, сондай-ақ қысқа аралықтарда да байқауға болады. Кейбір жағдайларда арын жоғалтулары құбыр өткізгіштің ұзындығы бойынша (кейде бірқалыпты) таралады – бұл сызықтық жоғалтулар; басқаларында олар ұзындығын ескермеуге болатын жергілікті гидравликалық кедергілер деп аталатын өте қысқа аралықтарда шоғырланады: вентильдер, әр түрлі мүмкін болатын барлық дөңгелектенулер, тарылулар, ұлғаюлар және т.б., қысқасы ағыс деформацияға ұшырайтын барлық жерлер. Барлық аталған жағдайларда жоғалтулардың көзі сұйықтың тұтқырлығы болып есептеледі.
Сұйықтың ұзындық бойынша арынын жоғалтуы. Гидравликалық кедергі коэффициенті
Үйкеліс әсерінен болатын жоғалтулар немесе құбыр ұзындығы бойындағы энергия жоғалтулары- бұлар бірқалыпты ағыс кезіндегі тұрақты қималы түзу құбырларда пайда болады және құбыр ұзындығына пропорционал өседі (5.1- сурет).
Бұл жоғалтулар түрлері сұйықтық қабаттары арасындағы үйкелістің және сұйықтықтың құбыр қабырғасына үйкелісіне байланысты пайда болады, сондықтан кедір-бұдырлы құбырларда ғана емес, сонымен қатар тегіс құбырларда орын алады.
Құбыр өткізгіш ұзындығы бойындағы арынын жоғалтулар сынау кезінде көрсетілгендей, v сұйықтық қозғалысының орташа жылдамдығына, қиманың сызықтық өлшемдеріне (диаметр, радиус және т.б.),  тұтқырлығына,  тығыздығына және құбыр өткізгіш ұзындығы l мен көрсетілген құбыр қабырғасының кедір-бұдырлығына байланысты болады. Бұл тәуелділіктің функционалды түрі:



h үйк=f(v,d, )


(5.1)

Арын жоғалтуды гидравликалық жоғалтудың жалпы формуласы бойынша көрсетуге болады:






(5.2)

Бірақ ξүйк коэффициентін құбырдың салыстырмалы ұзындығымен l/d байланыстырған ыңғайлы.
Ұзындығы диаметріне тең болатын дөңгелек құбыр бөлігін қарастырайық және (Сур. 5.1) формуласына кіретін кедергі коэффициентін  арқылы белгілейік. Сонда ұзындығы l және диаметрі d болатын құбырдың кедергі коэффициенті l/d есе артық болады.






(5.3)


Сурет 5.1 – Дөңгелек құбыр бөлігі
Нәтижесінде (5.2) формуласы мына түрге келеді:






(5.4)

немесе қысым бірлігінде






(5.5)

мұндағы  - сұйықтықтың меншікті салмағы.
(5.4) тәуелділігі Дарси формуласы деп аталады.  өлшеусіз коэффициентін үйкеліс кезіндегі энергия жоғалту коэффициенті немесе үйкеліс кедергісінің коэффициенті дейді.
Оны бір жағынан арын жоғалту мен үйкеліс арасындағы пропорционалдық коэффициент арқылы, бір жағынан құбырдың салыстырмалы ұзындығының туындысы мен жылдамдықты арын арасындағы пропорционалды коэффициент ретінде қарастыруға болады.
Еркін үстіңгі қабаты бар құбыр өткізгіш үшін немесе арынсыз ағым үшін үйкеліс коэффициенті:






(5.6)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет