Дәріс Гидравлика пәні. Сұйық және газдың физикалық қасиеттері Дәріс жоспары



бет13/25
Дата01.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156070
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
сұйық режимдері

Жергілікті арынын жоғалтуы
Жергілікті деп құбырдың пішіні өзгергенде немесе ағын бағытының геометриялық арнасының күрт өзгерісі орындарындағы сұйықтықтың арынын немесе қысымын жоғалтуын айтады. Оның себебі, сұйықтық бөлшектерінің құбырдың өзгерісі бар жерлерде өзінің тұрақтылығын түзу учаскіге қарағанда тез жоғалтуы немесе бөлшектердің өзара және арна қабырғасымен соқтығысуы кезіндегі ретсіз қозғалысы әсерінен энергия жоғалтуына байланысты.
hж арынын жоғалту немесе ∆Pж қысымды жоғалту тәжірибелік есептеуде Вейсбах формуласымен анықталады, онда олар жылдамдықты арынға немесе жылдамдықты қысымға байланысты қойылған:



hм=ξν² /2g


(5.7)



∆Pм=ξpν² /2g


(5.8)

мұндағы ξ- жергілікті кедергі коэффициенті.
Көпшілік тәжірибелік жағдайларда Re>Reа, яғни ағын турбулентті және ξ коэффициенті геометриялық факторына байланысты кестеден анықталады.
Рейнольлстің шекті сандары жергілікті кедергі үшін өте кіші және бұл жағдайда ламинарлы режим ағынның өте кіші жылдамдығында пайда болады. Бұл жағдайда ξ коэффициенті Альтшуль түзетуімен анықталады. Жалпы жағдайда жергілікті кедергі кезіндегі есептелген жоғалтуларының қосындысы алынады. Бірақ жақын орналасқан кедергілер үшін (шамамен, l<(20....50)dэ) ξ=∑ξi .
Сұйық қозғалысының режимдері
Ламинарлы деп сұйықтық бөлшектерінің араласуынсыз және жылдамдық пен қысымның қарқынынсыз болатын қабатты ағысты айтады. Сұйықтықтың қимасы тұрақты түзу құбырдағы ламинарлы ағысы кезінде ағу сызықтарының барлығы құбыр осіне параллель бағытталады, әрі осы кезде сұйықтық бөлшектерінің көлденең орын ауыстыруы болмайды
Турбулентті деп сұйықтықтың жылдамдық пен қысымы бар қарқынды орын ауыстыруымен болатын ағысты айтады. Негізгі бойлық орын ауыстырумен қоса жекелеген сұйықтық көлемдерінің көлденең орын ауыстыруы мен айналмалы қозғалысы байқалады. Ламинарлы режимнен турбулентті режимге ауысу сұйықтықтың қозғалысының белгілі бір жылдамдығында байқалады. Бұл жылдамдық кризистік (қауіпті) υ кр деп аталады.
Бұл жылдамдықтың мәні сұйықтықтың кинематикалық тұтқырлығына тура пропорционал және құбыр диаметріне кері пропорционал






(5.9)

мұндағы ν –кинематикалық тұтқырлық;
k –өлшемсіз коэффициент;
d – құбырдың ішкі диаметрі.
Осы формулаға кіретін k өлшемсіз коэффициенті барлық сұйықтықтар мен газдар үшін, сондай-ақ құбырлардың кез келген диаметрлері үшін бірдей. Бұл коэффициент кризистік Рейнольдс саны Reкр деп аталады және келесідей анықталады:






(5.10)

Тәжірибе көрсеткендей қимасы дөңгелек құбырлар үшін Reкр жуықтап алғанда 2300-ге тең.
Сонымен, Рейнольдстің ұқсастық белгісі құбырдағы ағыс режимі туралы айтуға мүмкіндік береді. Re < Reкр кезінде ағыс ламинарлы, ал Re > Reкр болса ағыс турбулентті болады. Нақтылап айтар болсақ, құбырдағы толық дамыған (орныққан) турбулентті ағыс Re жуықтап алғанда 4000-ға тең болған кезде орнығады, ал Re = 2300…4000 болғанда ауыспалы (өтпелі), кризистік облыс орын алады.
Сұйықтықтың қозғалыс режимі құбырлардың гидравликалық кедергі дәрежесіне тікелей әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет