Дәріс жоспары: Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу



Дата11.05.2022
өлшемі20,12 Kb.
#142681
Байланысты:
Дәріс 13.


Дәріс № 13
Тақырыбы:Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды тәрбиелеу.

Дәріс жоспары:

  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу.

  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдау.


Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.



1.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы – ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.Ал, мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді. Ата-ана тарапынан ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық сияқты қасиеттер болуы тиіс.Отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз « ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық оймен түйе білген. Кемістің түріне де және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады.
Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді тікелей түзетуге ықпал етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Бірақ жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін.Баланың түзету дамыту жұмыстарының бір түрі ересектер мен құрбылардың ықпалы. Ересек балалар үшін қайталау обьектісі. Яғни жүріс – тұрыс, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек , дұрыс іс-әрекетте қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет.Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді тәсілдердің қатарына жатады. Мысалы, баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты тапсырма беру.
2.Педогогикалық қолдау әдісін қолдана отырып, ересек адам бала тұлғасын, оның тәртібін негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті қолдайды анық және ашық түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді. Оқыту мен тәрбиенің түзету әдістері баланың күн тәртібін және ұстаз тұлғасына сәйкес өзгеруі.Дұрыс ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның кемшіліктерін түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады. Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың психоэмоционалдық жағдайына жағымды әсер етеді. Күн тәртібі икемді, көп вариантты, келеңсіз жағдайлары ескерілуі тиіс. Күн тәртібі үшін уақыт дұрыс анықталуы тиіс.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған жөн:
Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзету
Екінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.
Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл-күйіне назар аудару керек.
Қазіргі тңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы.Тәлім – тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы.Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.
Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт.Әр тапсырмаларды орындау барысында балалардың міндеті мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек.Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы тәрбие берсе, ол да өз ата-анасына қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.
0


 Бекіту сұрақтары:
1.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу.

2.Мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдау.




Әдебиеттер:


  1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж

  2. Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования (учебное пособие). - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.

  3. Z.A.Movkebayeva, A.T. Iskakova, Inclusive Education, Almaty, 2016.

  4. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар: Оқулық құрал. – Қарағанды, 2005

  5. Г. Қасымова «Танымдық іс-әрекетті түзету». Көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы. – Алматы, 2004

  6. «Инклюзивті білім беру – толеранттылық қоғамның бастауы»республикалық ғылыми лекторий баяндамалар тезистері кірген жинағы – Астана, Еуразия гуманитарлық институты, 25 қазан 2017 ж. – 71 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет