Жылу өткізгіштік – беттің бірлік ауданы арқылы температура айырмасы бір градусқа тең жылу өткізу қасиеті. Сүттің жылу өткізгіштігі – λ іс жүзінде оның майлылығына тәуелді емес, 1,6-4% аралығында мына формуламен анықтауға болады:
λ=0,19+0,0012Т
Электр өткізгіштік заттың (сүттің) электр тогын өткізу қасиеті. Ол ерітіндегі иондар санына, тұтқырлығына, температурасына және басқа қасиеттеріне тәуелді. Сүттің электр өткізгіштігі 0,46 См/м. Электр өткізгішітгіне орай сүттің натурал екендігін анықтауға болады. Егер сүт ашыған, сондай-ақ ауру малдан алынған болса, электр өткізгіштігі жоғарылайды, ал оған су қосылған болса, төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |