Дәріс кешені тағамдық биохимия курстың мақсаты және міндеті


Суда еритін витаминдер (В тобындағы витаминдер). Витаминдердің биологиялық рөлі



бет14/61
Дата08.02.2022
өлшемі209,74 Kb.
#124341
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
Дәрістер кешені ТБ
Ê?øáàñøûëû? ïåí æåòåêø³ë³êêå ñàëûñòûðìàëû òàëäàó æàñàó, Google Meet қолдану бойынша нұсақаулық, Дәріс. Бөліктеп интегралдау әдісі, 2 Аралық бақылау ББЦТ (1)
Суда еритін витаминдер (В тобындағы витаминдер). Витаминдердің биологиялық рөлі
Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 (РР), В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады.
В тобындағы витаминдер- суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдержәне олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетсіпесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. Терінің қабынуы, жүйке жүйесі қызметін бұзылуы салдарынан қурысу мен жансыздану, көзбен ішек-қарын ауруы, төлдің баяу өсуі, ұрғашы малдың нашар ұрықтануы, туатын төлдердің әлсіздігі, қанының Сары суында антиденелердің пайда болуы азаыйп организмнің қорғанушылық қасиеттері төмендеу сияқты өзгерістер кездеседі.
Белоктың мөлшері азайып, сапасы төмендеген жағдайда жануарларда В тобындағы витаминдер жетіспейді.Екінші жағынан рибофлавиннің, холиннің, пиридоксиннің, никотін қышқылының, кобаламиннің жетіспеу белок алмасуын бұзады.
В тобындағы витиминді өсімдіктер, ашытқы клеткалары және әр түрлі микроорганизмдер, соның ішінде әсіресе бір камералы қарынды малдың ішек бактериялары түзеді. Жануарлар клеткаларымен тканьдерінің мұндай қабілеті жоқ.
Күйіс қайыратын малдың асқазанында,негізінен тас қарында, микроорганизмдер әрекетінің арқасында В тобындағы витаминдер пайда болады. Сондықтан олар бұл витаминдерді азық арқылы еегізілуін қажет етпейді. Тек күйіс қайыратын мал төлдерін алғашқы айларында, тас қарындағы микрофлора жетіспеген кезде міндетті түрде оларды азыққа және сүтке қосып беру керек.
Бір қарынды жануарларды (жылқы) микроорганизмдер тоқ, тік соқыр ішекте болады. Бұларда В тобындағы витаминдер аз түзіледі және нашар сіңіріледі. Сондықтан аталған түліктер В тобындағы витаминдердің азықтарында көп болуын қажет етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет