Дәріс Кіріспе. Тарихи –өлкетану пәні, міндеттері, мақсаты мен негізгі ұстанымдары. Дәріс мақсаты


дәріс. Қазақстанда өлкетану салаларының қалыптасуы және дамуы



бет11/17
Дата08.11.2023
өлшемі107,1 Kb.
#190187
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
лекция

9 дәріс. Қазақстанда өлкетану салаларының қалыптасуы және дамуы.
Дәріс мақсаты: Қазақстанда өлкетану салаларының қалыптасу және даму салаларымен танысу, тарихи өлкетану бойынша білімдердің жинақталуына талдау жасау.
Негізгі түсініктер: өлкетану тарихы, тарихи өлкетану мәліметтері, ғылыми мекемелер, Ресей Географиялық қоғамы, өлкетану зерттеулері.
Негізгі мәселелер:

  1. XVI– XVII ғасырлардағы тарихи-өлкетану мәліметтері.

  2. XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. екінші жартысындағы тарихи-өлкетану зерттеулерінің дамуы.

  3. XIХ ғ. соңы мен XX ғ. басындағы тарихи-өлкетану зерттеулерінің дамуы.

  4. XX ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстандағы тарихи өлкетану.

  5. 1930–1980 жылдардағы Қазақстандағы өлкетанудың дамуындағы ғылыми мекемелердің рөлі.

  6. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы тарихи өлкетану.

XV ғ. соңы мен XVI ғ. басындағы Қазақ хандығына келген орыстар мен еуропалық көпестердің, саяхатшылардың және ғалымдардың жазып қалдырған хаттамалары (1535 ж. Д.Рубин, 1516-1537 ж. С.Герберштейн, П.Н. Новокамский), XVI жартысындағы әдеби қайнар көздер (С.Мальцев, Б.Доможиров, А.Дженкинсон, В.Степанов және т.б.). 1594 жылы Құл-Мұхаммедтің Мәскеуге елшілік сапары болып табылады. Келешекте осы аумақты игеруде едәуір рөл атқарған Қазақ даласы мен Орта Азияның алғашқы чертеждерінің бірі (1599 ж.). К.Х. Жалаиридің «Джами ат-таварих» шығармасындағы Қазақ хандығы туралы тарихи-этнографиялық мағлұматтар (1602 ж.). Жазғы жайлаулар, қыстық қоныстар және т.б. туралы мәліметтер өте құнды.


XVII ғасырдағы мәліметтердің кейінгі жағдайы. Қазақ жері жайында баяндаулар, есептер, жазбалар, әңгімелер, тізімдер, чертеждер, маршруттар, карталар, сонымен қатар өзендер бойындағы көшпенді орналасқан жерлері, Қазақ даласынан өтетін керуен жолы туралы Мәскеу және Сібір мұрағаттарында сақталған аса бай ғылыми материалдар жиынтығы Қазақстанның тарихы, өлкетануы, этнографиясынан сыр шертеді. «Үлкен чертеж кітабы» (1627 ж.). Қазақстанның аумағы және көптеген географиялық пункттері Орал өзенінен Есіл мен Сарысу өзендеріне дейін, шығыс пен оңтүстік-шығыста Ұлытау, Қаратау тауларына дейін және оңтүстікте Ташкент қаласына дейін болған. С.Есімовтың «Сібір жазбаларындағы» қазақтардың көшпенділігі (1636 ж.). 1673 ж. Тобольскде жарық көрген, Сібірдің алғашқы орыс этнографиялық картасындағы «Қазақ ордасы» иелігі. Ф.Байковтың (1654-1658 ж.), Н.Перфильевтің (1959 ж.), С.Аблиннің (1668 ж.), Б. және С.Пазухиндердің (1670-1672 ж.), Н.Г. Спафарий-Милеску (1675 ж.), В.И. Кобяковтың (1692 ж.), Ф.Скибин мен М.Трошихиннің (1695 ж.) дипломатиялық елшіліктерінің материалдары. С.У. Ремезовтың картасында қазақ даласы (1697-1699 ж.) тұңғыш рет сипатталған.
Орталық Қазақстанның өте құнды археологиялық ескерткіштеріне саяхатшылар ертеден-ақ назарын аударған болатын. Олар туралы өз еңбектерінде шығыс тарихшылары (араб, иран) Х-ХVІ ғасырларды жазып кетті. Олар Ибн Фадлан, Әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар және т.б. болды.
Орталық Қазақстанның бай археологиялық ескерткіштері туралы Тобольскіден Түркістанға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстан далалары арқылы барған Петр біріншінің Тәукеге жіберген елшілері Ф.Скибин мен М.Гринин айтқан. Осы даланың оба қазыналары жайлы алғаш рет қоғам қайраткері Крижинович алғашқылардың бірі болып хабарлаған.
XVIII ғ. басындағы Қазақстан туралы мәліметтер толықтырылып тереңдетілді. Бірінші Петр кезеңдеріндегі Қазақ даласын табиғи-географиялық және тарихи-өлкетану жағынан зерттеу күшейе түседі. И.Д. Бухгольцтің (17141717 ж.), И.М. Лихаревтің (17171720 ж.), А.Бекович-Черкасскийдің, А.Н. Урусов пен Л.Я. Соймоновтың (17141726 ж.), И.Унковскийдің (17221723 ж.) және т.б. экспедициялары солтүстік-шығыс Қазақстанды зерттеу ісін бастайды. Солардың негізінде Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан карталары жасалды.
XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. ортасында Ресейдің Ғылым Академиясының мекемесі Ресей империясының ұлттық шет аймақтарына Академиялық экспедицияларды ұйымдастыра бастайды. Орынбор экспедициясының, кейіннен И.К. Кириллов пен В.Н. Татищевтің басшылығымен Орынбор комиссиясы жұмыс істейді. Геодезист А.Норовтың Кіші және Орта жүздердің жерлерін қоса, қайта құрылған Орынбор аймағын картаға түсіруі 1737 жылы іске асырылады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жерлерге көптеген зерттеушілер келеді. Осы аймақта екінші академиялық экспедицияның мүшелері, оның ішінде И.П. Фальк, Х.Барденес, И.Г. Георги, П.С. Паллас, П.И. Рычков және басқалар болды. Қазақстанды археологиялық зерттеулер жұмысын 1768-1774 жылдары екінші академиялық экспедициясын жалғастырды.
Қазақстанның географиясын зерттеуде Н.П. Рычковтың үлесі зор. Орталық Қазақстанның археологиясы туралы деректерге байланысты оның «Топография Оренбургская» атты еңбегінде аталып өтеді. 1771 жылы Торғай және Есіл өзендері бойында жасаған саяхат күнделігінде, Ұлытау және Атбасар аудандарының ескерткіштеріне сипаттама береді. Қараторғай өзені бойындағы үлкен қорғандар оны таңғалдырады. Ол: «Ежелгі қарапайым халықтың молалары жай жермен көміліп, 15 құлашқа дейінгі биіктікке көтерілген, ал ол үлкен моланы 135 кіші қорған қоршап жатыр», – деп жазады.
П.Н. Рычковтың Батыс Қазақстан туралы еңбектері (1712–1777 жж.): «Орынбор қаласының сипатталуы», «Орынбор топографиясы». XVIII ғ. соңғы ширегіндегі орыс адамдарының Қазақ даласына сапарлары жалғасын табады. Ф.С. Ефремовтың, Н.Г. Андреевтің еңбектері жарыққа шығады. XVII ғ. соңы мен XX ғ. басындағы тарихи-этнографиялық зерттеулер. Т.Бурнашевтің, Бланкеннангелдің, Я.Гавердовскийдің, Ф.М. Назаровтың материалдары жарияланады. XIX ғасырдың 20-40-жылдарында Қазақстан бойынша тарихи-этнографиялық материалдардың жинақталады (Е.К. Мейендорф, Ә.А.Эверсман, Н.Н. Потанин, Г.С. Карелин, Г.Ф. Генс, А.И. Шренк, И.Ф. Бларамберг, Н.В. Ханыков және т.б.). Г.И. Спасскийдің, Н.Я. Бичуриннің, С.Б. Броневскийдің, В.И. Дальдің еңбектеріндегі Қазақстанның түрлі аймақтарындағы өлкетану мәселелері ашып көрсетіледі. 1832 жылы 3 бөлімнен тұратын, Петербургте жарық көрген А.И. Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы» қазақтар туралы тұңғыш ғылыми монография болып табылады.
Орталық Қазақстанға алғашқылардың бірі болып, 1815 жылы тау-кен инженері Б.Герман келді. Оның экспедициясы Үй қорғанынан Арғанатты тауына дейінгі, Қараторғай өзенінің жоғарғы ағасымен жүріп өтті. Қараторғай өзені, Арғанаты тауының, солтүстік Ұлытау етектеріндегі тарихи ескерткіштерге арнайы мақала жазған А.Генс басқарған экспедиция болды. Ол «остатки зданий и целых поселениях, о развалинах замков, крепостей служивших убежищем для владельцев», – деп жазып, ортағасырлық қалалардың бір бейнесін көз алдымызға әкеледі.
1845–1861 жылдары Орыс географиялық қоғамының құрылуы және оның қызметі өлкенің зерттеуіне орасан зор үлес қосады. Орта Азия мен Қазақстанның тарихы, географиясы мен этнографиясы бойынша материалдар құрастырыла бастады. Я.В. Ханыковтың «Ішкі және Кіші орда қырғыздары жерлерінің картасы» (1845 ж.), «Арал теңізі мен Хиуа хандығының (олардың алқаптарымен қоса) картасы» (1851 ж.), «Орта Азияның солтүстік-батыс бөлігінің (түсініктемелерімен бірге) картасы» (1855 ж.); М.И. Иваниннің, А.Н. Бутаковтың, А.И. Макшеевтің, П.И. Небольсиннің, И.П. Корниловтың, Н.Н. Каразиннің, П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің, П.Н. Кеппеннің, В.В. Григорьевтің, В.В. Вельяминов-Зерновтың, Н.Н. Ильминскийдің, А.М. Евреиновтың, А.Н. Терещенконың еңбектері жарық көреді.
С.Г. Рыбаковтың Торғай облысы бойынша, А.К. Гейнстің далалық облыстар бойынша, А.П. Федченконың, Н.И. Гродековтың Түркістан өлкесі бойынша зерттеулері. Орынбор Орыс географиялық қоғамы бөлімінің құрылуы және оның қызметі. Л.Мейердің, М.С. Бабаджановтың, М.Г. Тяукиннің, Ы.Алтынсариннің, Б.Дауылбаевтың, С.А. Жантөриннің, В.Н. Плотниковтың еңбектері.
Оңтүстік қазақтарын зерттеу және Түркістан ғалымдары мен өлкетанушыларының қызметі (А.Ф. Голубев, М.Н. Венюков, А.П. Проценко, В.А. Полторацкий, Л.Ф. Костенко, П.И. Пашино, Х.Костанаев, Н.А. Маев, А.П. Хорошхин, Г.С. Загряжский). В.В. Верещагиннің өлкетануға салған суреттері. «Түркістан ведомостілері» және «Түркістан жинағы».
Батыс Сібір Орыс географиялық қоғамы бөлімінің құрылуы және оның қызметі. Н.А. Абрамовтың, И.Н. Завалишиннің, М.Шормановтың, Г.Н. Потаниннің, В.В. Радловтың, Н.Я. Словцовтың, Г.Е. Катанаевтың, П.Е. Маковецкийдің және т.б. еңбектеріндегі өлкелік зерттеулері өте маңызды. В.В. Радлов Орталық Қазақстандағы археологиялық зерттеуде арнайы ғылыми тәсіл қолданды және сараптау бойынша кезеңдерге бөлуде нақты жұмыс жасады. Ортағасырлық ескерткіштер тас үйінділер және ортағасырлық құрылымдар жайлы мәліметтерді В.Никитиннің еңбектерінен кездестіреміз.
Мерзімді баспасөздегі Қазақстанның өлкетану мәселелері («Орынбор губерниялық ведомостілері», «Орынбор парақтары», «Торғай облыстық ведомстілері», «Торғай газеті», «Қырғыз далалық газеті» және т.б.). Түркістан (1868 ж.), Жетісу (1879 ж.) және Сырдария (1887 ж.) облыстық статистикалық комитеттерінің жұмыстарындағы өлкетану тақырыптарына арнайы материалдар шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет