3-кезең -1990жыл –қазіргі уақыт. Алғашқы пəнаралық зерттеулер пайда болды, конфликтология жеке ғылым болып, ал конфликт психологиясы –оның жетекші саласы болып бөлініп шыға бастайды.Публикациялардың жыл сайын санының шұғыл артуы байқалады (жылына 165-290-ға дейін), конфликтілерді зерттеуге жəне реттеуге байланысты
психологиялық орталықтар, топтар құрылады.Бұған А.Л.Анцупов,Н.В.Гришина,Ю.А.Канатаев,М.М.Рыбакова,Б.И.Хасан,А.И.Шителов,В.А.Хащенк о,Э.З.Хащенко жəне т.б. сияқты психолог зерттеушілер айтарлықтай еңбек сіңірді.
3.Конфликт психологияның даму тарихын қарастыра отырып, осы құбылыстың қазіргі психологиялық концепцияларын зерттеуге көшеміз.
Шетелдік сияқты отандық психологияда да конфликт мəнінің жалпы қабылданған түсінігі əлі қалыптасқан жоқ.Авторлардың бір бөлігі оны қақтығысу, қарама-қарсы əрекет ретінде, қайшылық ретінде түсіндіреді.Кейде конфликт қарым-қатынас түрі, ситуациялық сəйкессіздік, тығырықтан шыға алмау ситуациясы, бəсекелесті өзараəрекеттесу түрі ретінде түсініледі.
Тұлғалық бағыттың жақтаушылары Н.В.Крогиус,Н.И.Фрыгина,Л.А.Петровская, Н.В.Гришина жəне басқа да психологтар тұлғаны конфликтілі өзара əрекеттесудің орталық
звеносы ретінде қарастыруға сүйенеді.Конфликтіні зерттеудің əр түрлі бағыттарына қарамастан, оның отандық психологтардың басым көпшілігі мойындайтын негізгі мəнді белгілерін бөліп көрсетуге болады.Мұндай белгілердің қатарына төмендегілер жатады:
Конфликт субьектілерінің (оппонентердің) арасындағы мəнді қайшылықтың болуы ;
Олардың қарама-қарсы əрекеттері
3. Бір-біріне қатысты жағымсыз эмоциялар .
Сонымен, əлеуметтік конфликт дегеніміз – əлеуметтік өзараəрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы əлеуметтерімен сипатталатын жəне олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мəнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тəсілі.Егер конфликт субьектілері қарама-қарсыəрекет жасап, бірақ бұл кезде бір-біріне жағымсыз эмоцияда болмаса , немесе керісінше жағымсыз эмоцияны бастан кешіріп, бірақ оларды сырттай көрсетпесе, бір-біріне қарсы əрекет етпесе, онда мұндай ситуациялар конфликт алдындағы болып табылады.(передконфликтными).
Əлеуметтік конфликтінің анықтамасынан байқағанымыздай, конфликтологияда осы құбылыстың психологиялық құрамдарына үлкен рөл беріледі. Бұл конфликтологияның ерекше саласы-конфликт психологиясын бөліп көрсету қажеттігін дəлелдейді.Оның зерттеу обьектісі тұтас конфликт, ал пəні- олардың пайда болу даму жəне конструктивті аяқталуының психологиялық заңдылықтары мен механизмдері болып табылады.
Отандық психологияда əр түрлі конфликтіні зерттеуде белгілі бір теңсіздік қалыптасты.Еңбектердің 83 %-ке жуығы тұлғааралық конфликтілерді зерттеу болып келеді.Ішкітұлғалақ конфликтілерге 8%-ке жуық публикациялар арналған. Шағын , орта жəне үлкен топтар арасындағы конфликтілердің, халықаралық конфликтілердің психологиялық сипаттамасы 3-4% еңбекте келтірілген. Сондай-ақ ресей психологтары адамзаттың əр түрлі іс-əрекет түрлеріндегі жəне қатынастар сфераларындағы конфликтілерді зерттейді:
-əлеуметтік конфликтінің түрі; обьектісі, еңбек қатынастары мен оларды қамтамасыз ету шарттары болып табылатын -еңбек конфликтілері ( Н.В.Гришина, Т.М.Данькова , С.И.Ерина, А.А.Ершов, А.Г.Ковалев жəне т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |